Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет204/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   264
34-36-PB (2)

Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
187
Молламан қыстауы – Хатлон облысы Дангара ауданындағы тарихи орын. Шаншар қышлағынан 
3 км жерде кәрі тұт ағаштарының плантациясы бар. Оның бәрін шәкірттерімен бірге Ақ әулие 
отырғызған көрінеді. Қазіргі бар ағаштар ескірген, оның үстіне қыстақты сумен жабдықтап 
тұрған бұлақ суалған соң тұрғындары тастап кеткен (5-сурет). Тәжік ғалымдарының зерттеуінше 
ағаштардың жасы 500–400 жыл. Осы аймақ жергілікті қазақтың орталығы саналған. Бұл қыстақта 
қазақтардың ғұламасы Ақ әулие тұрған, үнемі Ауғанстанның білім-өнер орталығы – Герант, Құндыз 
қалаларына барып айлап жүрген. Кезекті бір сапарында Ақ әулие қарақшылардың қолынан жолда 
қаза тапқан. 
Әбдіқадыр әулие медресесі – Хатлон облысы Данғара ауданы Ноабат қышлағында орналасқан
Қазақтан шыққан ғалым Әбдіқадыр осы жердегі қазақ медресесінде сабақ берген. Бұнда ежелгі тұт 
ағаштары өте көп, қазір олардың көбі құрғап тұр. Жергілікті тұрғындар: –Тұт ағаштары су ішетін 
бұлақ суын бір пысықай осыдан 5-6 жыл бұрын резина шлангімен үйіне кіргізіп алды,–деген 
наразылықтарын білдірді. Бұл жер өте қасиетті жер, мына ежелгі тұт ағашының астында дөңгелек 
(біреулер төртбұрышты дейді – А.Т.) суфалар (қыш орындықтар) болған. Жаз кезінде шәкірттер 
осы орындықтарда, кейбірі тіпті жербауырлап тұрған ағаш бұтақтарына отырып дәріс тыңдаған. 
Сол тәліптер көлеңкесінде отырған тұт ағашы осы, бұрын кеңес өкіметі кезінде қазақтар жиі 
келетін өте қасиетті жер.
Шахидон (шахит болғандар) мазараты – Хатлон облысы Дангара ауданы Әр-әрек (Теректі) 
ауылында орналасқан. Теректі ауылының таудың ұшар басындағы көне жұртына қатар-қатар 
орналасқан жүзімдіктерді аралап жүріп келеміз. Тау етегіндегі, тауды қиялай өсірілген жүзім 
текшелері суарылмайды, себебі су жоқ, тек жауын суынан нәр алады, сондықтан жемістері өте 
тәтті. Қожамқұл қарияның «Тико машинасымен» жүріп келеміз, кішкентай болса да өрге мысықша 
тырмысып, небір қияндардан қиялай шығып кетеді. Мұндай машине бұрын-соңды Памирдің 
сілемдеріне шығады деп кім ойлаған. Кезінде Кеңес әскерлері таудың ең биік жеріне 
радиолокациялық станция салған, сол жолмен келе жатырмыз. Сонау Алматыдан келіп соғыс 
болған Әр-әректі көрмей кетем бе деген қорқыныш та болды. Әйтеуір шықтық-ау! 80 жастағы 
тізгінші Қожамқұлға, оның жан серігі кішкене Тикосына риза болдым. Қожамқұл әңгімесін 
бастап: – Әне, тау басындағы қабырға жолдан сонау бір кішкене алаңқайды көрдің бе? Сол жерде 
мешіт болған, үйлер тұрған, су ағып тұрған науаны көрдің бе? Оны Тасбұлақ дейді. Төменірек 
ауылдың орны. 1925 ж қыстыкүні 40 адамнан тұратын қызыл әскерлер адайлар ауылын қоршап 
алып, үй-үйге кіреді. Олар: «Вы наши враги! Басмашылар қайда? Сендер басмашыларды 
асырайсыңдар. Мылтықтарың қайда? Табыңдар,- деп қоқан–лоқы жасауға кіріседі. Бір үйге кіріп, 
өңді қыз балаға тиіседі, ара түскен әкесін қылышпен шауып өлтіреді. Мұны аңшылық құрып, 
ауылдарын аң етімен асырап жүрген Әлім мен Әкім көреді. Олар ауылдың жоғары жағындағы 
ауғаннан алған ағылшын бесатарларын тыққан қос ағашқа шығып кетеді. Екеуі де «Сен тұр, мен 
атайын» деген қос мерген. Олар әдейі аңдып тұрып, қызылдар қайтпақшы болып аттарына міне 
бергенде дәлдеп атып, санап отырып 35 қызыл әскерді жер жастандырады. Ауылдан бір кісі өліп, 
екі адам жаралы болады. Бұл ағайынды қос мергеннің қаруы сол заманда ең дәл тиетін, ұстауға 
жеңіл ағылшын винтовкалары еді. Қызыл әскердегі бесеуі қашып шығып Гумсуға, әрі қарай аудан 
орталығы Дарганаға барып оқиғаны хабарлайды.
5-сурет. Молла Аман қыстауы. Даңғара ауданы. Хатлон облысы. Қыстақта халың тұт 
ағашының бағы болған. Бұл жерде медресе, мешіт болған. Ақ әулиенің тұрған жері осы. 
Жау кеткен соң ауылды жинап алған шейх: – Не істейміз, - дегеніне біраз адамдар: – кешірім 
сұрайық, жазадан аман қалатын шығармыз, - дегендер де болған. Шейх Әлім мен Әкімге қарап: – 
Батырларым, сендер не дейсіңдер? – дегенде мылтықтарын иығына іліп алған қос қыран: – Сіз не 
айтсаңыз соны істейміз, дінімізді қорламаймыз, намысымызды таптатпаймыз, ақырғы деміміз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет