Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет202/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
184
белгілі мәтелге ұқсас, 10-12 мың қой айдаған байлар қарлұқтардан, түйелі байлар қоңыраттардан, 
жылқылы байлар – лақайлардан шыққан. Кеңес өкіметі кезінде бүкіл әлемге белгілі болған лақай 
жылқысы тұқымының 2000 жылға жуық тарихы бар екен. «Тәңірім бір күн өмір берсең, қатын бер,
екі күн өмір берсең ат бер» деген лақай мәтелі осы халықтың бүкіл өмір салтын айқындай 
түседі. 1980 ж аяғында Өзбекстанда бір көкпарда болып, сонда қазақ-өзбектің кәнігі-қария 
көкпаршылары: «Көкпарға ежелден алыс-жұлыстың аты лақай жылқысындай дүниеде ат жоқ» 
деп айтып еді. Сұлтанободтағы бүкіл одаққа белгілі болған жылқы зауытын көрейін деп барсам
орнында жоқ, тек жылқының қола мүсіні қалыпты. Біздің қалталы азаматтар жылқы өсіреміз деп, 
қыруар қаржы шығарып, араб, ағылшын, түрікменнің арғымақтарын әкеп жатады. Өз басым, 
шіркін, қаржы болса, Қазақстанда лақай жылқысының зауытын ашар едім. Лақай жылқысының 
тұқымы екіге бөлінеді, біріншісі қысқа сирақты жатаған, омырауы зор кеуделі жылқылар, екіншісі 
бәдені сұлу, бойы биік арғымақтар, ешқандай араб-ахалтекеден кем түспейді және шыдамды. 
Бұрынғы түркі империясының асыл тұқымды арғымақтарын қайта жаңғыртамыз десек лақай 
жылқысын өсіруіміз керек. 
Қазақ мазар – Мировой селосында (бұрынғы аты Қазақ ауылы, Жылыкөл ауданы, Хатлон 
облысы) орналасқан зират. 1959 ж бұл жерде үлкен қазақ ауылы болған. 1959 ж Қазақстанда жұмыс 
күшінің жетіспеуіне байланысты Қазақстан өкіметі арнайы көлік жіберіп, көреме ақша беріп 
қазақтарды көшіріп алған, соңғы қазақтар КСРО құлап, тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстанға 
көшкен. Зират қазіргі кезде қом кесектен (шлакоблок) қоршалып, сырты ағартылған. Зираттың 
ортасында төртбұрышты ақбейіт бар, бір әулеттің адамдары жерленген бейіт-некрополь болса 
керек, сырты қоршалып ақбалшықпен сыланған. Құлпытастардың көбі құлап, болмаса жер өскенде 
топырақ астында қалған. Ақбейіттің жанына таман «Қамбар ұлли Эргаш 1919 ж» деген жазуы араб 
әріптерімен, кириллицамен жазылған құлпытас сақталған. 1990 ж бастап тәжік құлпытастары да 
молынан кездеседі, себебі жергілікті тәжік тұрғындары әлі күнге дейін «Қазақ мазар» деп атаған 
бейіттің аржағына таман тәжік құлпытастары түсе бастаған. Ол мазардан 1,5-2 км жерде көл 
көрініп тұр. 
Ташрабад қазақ мазары – Хатлон облысы Ж.Руми ауданы бұрынғы Гүлстан совхозындағы 
зират. Гүлстан совхозының мал шаруашылығымен айналысатын фермасының барлық тұрғындары 
меңгерушісінен бастап қойшысына дейін бәрі қазақтар – адайлар болған. Малдан ірі қара (сиыр), 
түйе, қой өсірген. Сиырдың өзінен 3 мың бас болыпты. Қазақтар тұратын бұрынғы совхоз 
территориясына кіреберіс жолдан (сол жағында Ташрабад қазақ мазары) бастап радиолокациялық 
станцияға (10 – 12 км жерге) дейін созылып, қырдың астының бәрі адайлар және аздап өзбек-
қоңыраттар тұрған. 1959 ж дейін атеизмнің алқынып тұрған кезі, адамның аты-жөнін жазып, 
құлпытастар қою басталған, сондықтан қабірлер төмпешікке айналған. Информаторлардың 
айтуынша анда-санда Қазақстан жағынан келушілер бар. 
Тереклік ата – Хотлон облысы, Ж. Руми совхозындағы көне әулиенің орны. Қазақтың адай 
тайпасы 500 жыл бұрын осы жерде тұрған, базарымыз құндыз (Ауғанстанда) болған дейді екен. 
Тереклік әулие таудың үстінде, онда кәрі терек бар, адамдар келетін, тоқтайтын үйі, құдығы бар 
көрінеді. 
Тәмеке мазар (қазақ мазар) – Хатлон облысы Ж. Руми ауданы М. Горький ауылынан шығысқа 
қарай 5 км жердегі Тілеутау мен Теректінің арасы, Тілеутаудың асты деген жердегі зират. Зираттың 
сырты торкөзді темірмен қоршалған. Қазақ құлпытастары 1980 жылдардың аяғына дейін кездеседі. 
Мысалы құлпытаста адай ру таңбасының суреті, «Есенбет Сейсенбайұлы. Намаз 1949-1980», 
«Анарбайқызы Злиха. 1896-1985», «Байнекұлы Сейсенбай. 1898-1966. Руы адай» деген жазулар 
бар. Бір молаға өте ескі ағаш баған көлбете шаншылып, шүберектер байланған. Молалардың көбі 
(70-80 пайызы) адайлардікі, демек адайлардың рулық зираты деп айтуға толық негіз бар (1-сурет). 
Алимұхаммед ахун Түркістани сағанасы (қазақ әулие) Хатлон облысы Сарбанд (Вахш) ауданы 
Акгазе елді-мекеніндегі тарихи ескерткіш (2-сурет). Большевиктер өкіметті қолына алысымен 
алғашқы күннен бастап дінге қарсы болды. Кеңес өкіметі құрылған жердің бәрінде, әсіресе 
мұсылман дінінің мешіт-мазарларын бұзып, дін өкілдері қожа-молдаларды қуғындады, түрмеге 
жапты, жер аударды, бағынбағанды қатты жазалады, атуға дейін барды. Осындай адамдардың бірі – 
жеті атасынан қожа, діни қайраткер, тілімен, ісімен халықтың жүрегіне иман ұялатқан 
Алимұхаммед қажы Түркістани болды. Ол 1928 ж Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. отбасымен
бірнеше шәкірттерімен айлап жүріп Ауғанстанға өтпекші болып әрекет жасайды. Қызылдар 
шекарадағы өткелектерді жауып тастаған соң Тәжікстанның Санглох деген жеріндегі кішкене 
қышлаққа келіп, егін егіп, мал өсіріп орныға бастайды. Онда мектеп ашып, тәжік-қазақ балаларына 
араб әліпбиін үйретеді, жұма намазынан кейін халық Әлимұхаммедтің айтқандарын ерекше 
ықыласпен тыңдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет