Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет203/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   264
34-36-PB (2)

Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
185
1-сурет. Бұрынғы қазақ қыстаулары. Ж. Руми ауданы. Хотлон облысы.
Бір кезде қышлаққа қарақшылар шабуыл жасап, бейбіт халықты қанға бояйды. Қышлақтан 
қашуға мәжбүр болған Әлимұхамед әртүрлі тау соқпақтарымен Ауған шекарасына таяп келсе 
де тағы да өте алмайды. Гүлюд қышлағынан Қорғантөбеге қарай жүреді. 1928-1933 ж арасында 
Тәжікстанның Вахш, Қорғантөбе, Руми аудандарында толып жатқан шәкірттері мен оның жолын 
ұстаған адамдары болды. Ишанның үнемі айтатын өсиеті: «Біздің пайғамбарымыз бен дінімізді 
ұмытпаңдар. Естеріңізде болсын, ерте ме, кеш пе, құдайсыздардың заманы өтеді, сондықтан біз 
дінімізге сенімді, адал болуымыз керек».
2-сурет. Әлмұхамед қажы Түркістани сағанасы. Жалпы көрініс. 
Акгазе. Сарбанд ауданы. Хотлон облысы.
Қадірлі қажы ишан 1933 ж отбасымен, бірнеше шәкірттерімен жүктерін түйеге артып, өздері 
атпен Батыробадтан шығып, шекараны бетке алып жүріп кетеді. Жолда Акгаз деген жерге тоқтап, 
бесін намазын оқиды. – Елге кете беріңдер, - деп, өзі кешке шейін отырып, жерді құшақтап 
жылайды. Ақшам намазын оқып болған соң көшті қуып жетеді. Себебін сұраған ұлдарына: – мына 
жерде дінге берік екі жас өліпті, қызыл жендеттердің /большевиктердің/ қолынан өлген екен, маған 
келіп, кешкі намазды бірігіп оқиық деп айтты. Сондықтан екі етпей кешкі намазға дейін отырып, 
солардың тілектерін орындадым,-дейді. Екеуі де атақты діни ғұламалардың балалары екен, шаһидтер 
деп ұлдарына: мен өлгенде солардың жанына қойыңдар,-деген өсиет қалдырыпты. Мұны естіген 
18 жасар ұлы Сұлтанахмет: «Біз Ауғанға кетіп барамыз, онда қайтыс болса, қалай сүйегін әкелем 
деп ойладым. Сөйтсем, әкем біздің шекарадан өте алмайтынымызды білген екен», – депті.
1933 ж. шекараның жанында бір айдай тұрған қажының отбасын, басқа да өзбек-тәжіктермен 
қосып Қызыл өкімет кәмпескелеп, түйе-аттарын, есектерін тартып алып, өздерін жаяу-жалпы айдап 
Қорғантөбеге алып келеді. 1934 ж қажы қайтыс болады. Әкесінің өсиетін орындап, ұлы Сұлтанахмед 
әлгі екі жас жігіттің моласының жанына қояды. Қазір бұл жер «Қазақ мазар» деп аталады. 1943 ж 
шешесі Айжамал қайтыс болғанда, әкесінің жанына апарып жерлейді, ертерек өмірден өткен екі 
немересі де осы жерде жатыр.
2004 ж. ұлы Сұлтанахмед әкесінің моласын жаңалап табиғи тастан қалап, шетіне қызыл 
кірпіштен қорған тұрғызып, ертеде араб әрпімен жазылған тастарды сағананың қабырғасына қалап, 


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
186
әкесі мен шешесінің басына құлпытастар жасатып, сағана есігінің екі жағына қабырғамен біртұтас 
етіп бекітеді. Сағана ұзыншалау, күнбатыс жағы доғал бұрыштау болып келеді. Құлпытаста «Әли 
Мұхамед қажы Түркістани» деген жазу қашалып жазылған. «Қазақ әулиеде» тәу етуші қазақтар
тәжіктер, өзбектер, басқа да мұсылмандар қысы-жазы толастамайды. Ел арасында бұл кісінің 
құдіреті кеңінен таралған.
Ақ әулие Хатлон облысы Дангара ауданы Котошор қышлағындағы (бұрынғы Атшабар қазақ 
ауылы) киелі жер. Молламан атты қазақ аулында бір діни оқымысты жергілікті қазақ, тәжікке 
танымал адам тұрған, оны сол өңірдің халқы қадірлеп «Ақ әулие» деп атаған. Ол кісі үнемі 
Ауғанстанға барып, кітаптар әкеп тұрған. Ауғанстанға бармақшы болып ауылынан аттанып, қазіргі 
өзі қайтыс болған жерге жеткенде қарақшылардың қолынан өлген. Ауылдастары мен тумалары 
арулап көмген жер Ақ әулие атанып кеткен. 1985 ж М. Горбачевтің жариялылық кезеңі басталғаннан 
кейін тәжік жұрты басына күмбез тұрғызған (3-сурет). Мазаратқа кіреберісте сәнді қақпа бар, 
жоғарғы маңдайшасында тәжік тілінде «Ақ әулие» деген сөз жазылған. Қақпадан кірген бойда 
сол жақта келушілерге арналған үй, намазхана бар, оң жақта асфальтталған жол тура Ақ әулиенің 
күмбезіне апарады. Қабырғалары төртбұрышты, шатыры (күмбезі) ағаштан шошайта басы 
біріктірілген, сырты қаңылтырмен жабылған. Күмбезден әрірек таман қызыл кірпіштен салынған 
көне құрылыстың орны бар.
3-сурет. Ақ әулие. Қотошар елдімекені (Бұрынғы Атшабар деген қазақ ауылы). 
Даңғара ауданы. Хотлон облысы. 
Көне медресенің орны – Хатлон облысы Данғара ауданы Шашар қышлағында орналасқан 
(4-сурет). Құрылыстың орны қышлақтың дәл ортасында төбенің үстіне орналасқан. Қызыл 
кірпіштердің сынықтары, тіпті бүтін кірпіштер де көп кездеседі. Кірпіштердің өлшемдері 
23х22х5 (см), 23х23х5 (см). Қышлақ тұрғыны ұлты тәжік Саифов Әбділфейіздің айтуынша ертеректе 
осы төбені қазған кезде бүтін кірпіштер көп шығатын, бір ерекшелігі кірпіштердің бетінде қазақ 
ою-өрнегі бар еді. Медреседен жоғарырақ төбеде қазақ мазараты бар. Үлкендерден естігенім 
бойынша, - дейді Ә. Саифов, - бұл жер де қазақтың ауылы. Бұл медреседе тау-таудың арасындағы 
мал баққан қазақтар балаларын оқытқан, жатып оқитын жатақханасы болған. Тәліптер 
(шәкірттердің) ішінде қыз балалар да болған. Тағы бір тәжік ақсақалы: «Біздің үлкендердің айтуынша 
бұл осыдан 500 ж шамасы болса керек, қазақтар кеткен соң, біздің (тәжіктер) ата-бабаларымыз 
келіпті. Қазақта мал көп болған, осы таудың іші толған мал еді,- деген мәлімет берді.
4-сурет. Көне қазақ медресесінің орны. Шашар қышлағы. Даңғара ауданы. Хатлон облысы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет