Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
211
Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі ортағасырдағы қалалардың бірі Сығанақ қаласы – Қызылорда
облысы, Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылынан солтүстік батысқа қарай 2 шақырым жерде
орналасқан. Өткен тарихымызда Қыпшақ хандығының (ХІ–ХІІІ ғғ.), Ақ Орданың (ХІV–ХV ғғ.),
Қазақ хандығының (ХV–ХVІ ғғ.) астанасы болған (Жолдасбаев, 2009: 3) бұл қалашық қазіргі кезге
төбе ретінде келіп жеткен. Ауыл тұрғындары қалашықтың орны бір кездері айтарлықтай биік төбе
болғандығын, 1960 жылдардан кейін аграрлық саясат негізінде қолға алынған күріш шаруашылығы
салдарынан төбе маңындағы жерлер күріш егістігіне айналуының
нәтижесінде жер асты
суларының көтеріліп биік төбе ретінде сақталып келген қалашық орнының шөге бастағандығын
тілге тиек етеді. Сонымен қатар, XVIII ғасырдың соңында тіршілігі
тоқтаған ескерткіш орны
маңайдағы тұрғындардың зиратына айналып, мәдени қабаттарының бұзылу қауіпіне дейін жеткен.
Биік қорған қабырғасымен қоршалған Сығанақ қалашығының өткен тарихын кешенді түрде
зерттеу, ескерткіштің Қазақ хандығы тұсындағы рөлі мен маңызын анықтау,
қалашықты танымал
ету үшін негіз жасау, ескерткішті қасиетті,
жергілікті, халықаралық туризм бағыттарында
қолданысқа енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылуда.
Достарыңызбен бөлісу: