Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
213
ұзындығы 0,6 м болып келетін күйдірілген қыш сынықтарының қаландысы орналасқан. Соған
қарағанда қоқыс шұңқыры жоғарғы құрылыс кезеңінің қабырғасын бұзып кеткен болса керек.
№1 қоқыс шұңқырының оңтүстік-батыс бөлігінде №3 қоқыс шұңқыры қосарлана орналасқан.
Оның аумағы 1 м, тереңдігі 0,2 м. Бір-біріне қосарлана орналасқан қоқыс шұңқырларының ішін күл
аралас бос топырақтан тазалау барысында ұсақ мал сүйектері мен ыдыс сынықтары теріліп алынды.
№4 қоқыс шұңқыры қазба алаңының оңтүстік бөлігінде 0,4 м тереңдіктен екінші құрылыс
кезеңінің қабырғасының үстінен қазылған. Анықталған қоқыс шұңқыры табанына дейін күл аралас
топырақтан тазартылды және оның аумағы 1,1 м, тереңдігі 0,5 м. Сондай-ақ, №4 қоқыс шұңқырының
солтүстік-шығыс жиегінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа
қарай бағытталып жатқан
бірінші құрылыс кезеңінің қабырғасы ашылды. Анықталған қабырғаның сақталған ұзындығы
1,2 м, қалыңдығы 0,4 м, биіктігі 0,3 м. Сонымен қатар, осы қабырғадан оңтүстікке қарай ұзындығы
0,5 м, қалыңдығы 0,4 м құрайтын бір қатар күйдірілген қыш сынықтарынан қаланған қабырға
қалдығы орналасқан. Ашылған осы қабырғаны №4 қоқыс шұңқырды қазу кезінде бұзып кеткен.
№5 қоқыс шұңқыры қазба алаңының оңтүстік-шығыс бұрышынан 1 м тереңдіктен анықталды.
Анықталған қоқыс шұңқырының аумағы 1,3 м, тереңдігі 0,5 м. Қоқыс шұңқырының іші күл аралас
бос топырақтан табанына дейін тазартылды. Ашылған қоқыс шұңқыры екінші құрылыс кезеңінің
кесектен қаланған қабырғасын бұзып кеткен.
№6 қоқыс шұңқыры қазба алаңының оңтүстік-батыс бөлігінде, № 5
қоқыс шұңқырының
солтүстігінде 1 м тереңдікте орналасқан. Ашылған қоқыс шұңқырының іші күл аралас бос
топырақтан табанына дейін тазартылды. Сонымен қатар ішінен ыдыс сынықтары мен ұсақ мал
сүйектері шықты. Оның аумағы 1,2 м, тереңдігі 0,4 м.
Достарыңызбен бөлісу: