Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет233/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   264
34-36-PB (2)

Мaтeриaлдaр мeн әдістeр. Мемлекетіміздің тарихи қалыптасуындағы ортағасырлық Сығанақ 
қалашығының рөлін анықтау мақсатында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп 
келеді. Ортағасырлық жазба деректерді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен 
салыстыра отырып, ескерткіштің пайда болу, даму және құлдырау кезеңдері, қаланың әлеуметтік-
экономикалық ерекшелігі мен даму заңдылықтарын анықталуда. Сығанақ қалашығының орта 
ғасырлар кезеңіндегі маңызы мен рөлі және оның мемлекетіміздің тарихи қалыптасуына қосқан 
үлесі туралы деректер топтастырылуда. Сонымен қатар, археологиялық материалдарды зерттеу, 
өңдеу және талдау әдістемесін, оның ішінде қазіргі заманғы технологиялар мен зерттеулерді 
пайдалана отырып ескерткіштің өткен тарихы зерттелуде. Сабақтас пәндердің мамандары мен 
реставраторларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарта отырып,табылған жәдігерлерді химиялық 
тазарту, консервациялау, жетіспейтін бөліктерді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен 
қатар, ескерткіштің фотофиксациясы анықталуда.
Талқылау. Алғашқы орыс ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда Сығанақ қаласына ХІХ 
ғасырдың екінші жартысында көңіл бөле бастағандығын аңғаруға болады. Алғаш рет 1867 жылы орыс 
археологиялық комиссиясының тапсырмасы бойынша археолог П.И. Лерх Түркістан аймағындағы 
ортағасырлық қалаларды зерттеу мақсатында жіберіледі. Ғалым қалада болып, оның қай жерде 
орналасқандығы туралы және сол кездегі сақталуы жайында ақпарат берген (Лерх, 1870: 38). Ал 
1892 жылы өлкетанушы Е.А. Смирнов Ташкенттен Қызылордаға жасаған барлау жұмыстары кезінде 
Сығанақ қаласында болып, оның аумағымен, Төменарық пен қаланың суландыратын жүйесін 
сипаттаған. Өкінішке орай, қала туралы ешқандай мағлұмат келтірмеген (Смирнов, 1897: 7). Ал, 1899 
жылы Түркістан өлкетану бөлімінің меңгерушісі В.А. Каллаур қалаға барлау жұмысын жүргізіп, 
оның топографиясын сипаттаған және қаланың шығыс қақпасының алдындағы 100 м жердегі 
мешіттің жобасын қағазға түсіреді. Сонымен қатар ғалым ортағасырлық Сығанақ қаласын сипаттай 
келе, қала қамал қабырғаларымен қоршалғандығы жайында, қызыл кірпіштен жасалған мешіт 
күмбездері жартылай сақталғандығы жайында мағлұматтар береді (Каллаур, 1900). 1906 жылы 
қалада археолог И.А. Кастанье зерттеу жұмыстарын жүргізіп, В.А. Каллаурдың қала туралы жазған 
мағлұматтарын толықтыра түседі (Кастанье, 1911: 189–192). 
1927 жылы РА-ның жанындағы Материалдық мәдениет институтының тапсырмасы бойынша 
Сығанақ қаласында А.Ю. Якубовский зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ол қаланың топрографиясына 
ерекше көңіл бөліп, қала жанындағы сақталып тұрған ескерткіштердің суретін түсіріп, сипаттайды. 
Сонымен қатар, ғалым қала туралы мағлұматтарды жинақтай отырып, ғылыми мақаласын жарыққа 
шығарады (Якубовский, 1929: 123-159). 
1947 жылы қалаға ОҚАЭ-ның жетекшісі А.А. Бернштам ескерткіш аумағында болып, қаланың 
топографиялық жобасын түсіріп, жинастырылған материалдар негізінде қаланың б.з.б. кезеңнен, 
яғни, қаңлы дәуірінен бері өмір сүріп келе жатқандығы туралы мағлұмат келтіреді (Бернштам, 1949: 
59–99). Сонымен қатар, қалада ОҚАЭ-ның мүшесі Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевичтер археологиялық 
барлау барысында жұмыс жүргізіп, жинастырылған материалдар негізінде қаланың V–VІІІ ғасырда 
өмір сүріп, одан кейін құлдырап, ХІІ–ХVІ ғасырларда қайта көтеріліп, Ақ Орданың кезінде қайта 
жанданғандығын жазады (Агеева, Пацевич, 1958: 206–208). Дегенмен, жоғарыда аты аталған 
ғалымдар қалада археологиялық қазба жұмыстарын жүргізбеген, тек барлау жұмыстарын жүргізе 
отырып, қаланы және қала маңындағы ескерткіштерді сипаттаған. Сонымен қатар, қала үстіндегі 
материалдарды жинастыра отырып, қаланың өмір сүру кезеңін анықтауға тырысқан.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдары қалаға ОАЭ-ның Отырар археологиялық экспедициясының 
меңгерушісі К.А. Ақышев пен К.М. Байпақовтар қаланы топографиялық жағынан зеріттеп, бұл қала 
ортағасырлық қалалардың ішінде Отырар қаласынан кейінгі атақты екінші қала деген анықтама 
берген (Акишев, Байпаков, Ерзакович, 1970). 
Дегенмен, жоғарыда көрсетілген ғалымдардың ешбірі қалада археологиялық қазба жұмыстарын 


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
212
жүргізбеген. Соның әсерінен қала ғалымдардың назарынан тыс қалып, 2000 жылға дейін зиратқа 
айналып кеткен. Қаланың археологиялық жағынан сақталу жағдайы өте нашар. Ескерткіште 2003 
жылдан бері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археолог 
ғалымдары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Кешенде осы күнге дейін жүргізілген 
археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде қаланың шығыс қақпасы, қақпа маңындағы 
қамал қабырғалары, қала аумағындағы тұрғын үй бөлмелері, қаланың орталық мешіті, қала 
аумағындағы кесенелер ашылып, ғылыми айналымға енгізілді. Сонымен қатар, қаланың екі жеріне 
стратиграфиялық кесінділер салынып, қаладағы мәдени қабаттардың хронологиясы анықталды 
(Zholdasbaev, Aldabergenova, 2013: 77–78).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет