Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет237/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   264
34-36-PB (2)

Кесінді. Сығанақ қалашығының шығыс қақпасының кіреберісінен батыс бағытқа, қала 
орталығына бағытталған көше бойының 240 метрінің оң қапталынан зерттеу жүргізілу үшін, көлемі 
25x25x2 м төбешік таңдалды. Зерттеу орыны шартты түрде «Кесік №1»деп белгіленді. Кесік төбешік 
етегінен жоғары қарай солтүстік бағытқа қарай бағытталып, көлемі 15x2 м жер белгіленіп, зерттеу 
жүргізу жоспарланды. Төбешіктің үстін сексеуіл, қарабарқын және шөп басқан. Зерттеу жұмысына 
дейін төбешік үстінде көптеген майдаланып кеткен қыш ыдыс сынықтары, сексеуілдің қураған 
бұтақтары және сүйектер шашылып жатты. Әр жерден кесек-кесек темір қорытпалары да анықталды. 
Зерттеу жұмысына дейін төбешік үстінен төмендегідей ыдыс сынықтары алынды. 
1. Ауыз ернеуінің сынығы бар, боялмаған қыш ыдыс. Ернеуі сыртқа қарай қайырыла жасалған. 
Ауыз ернеуінің аумағы 18 см, сақталған биіктігі 5 см, қалыңдығы 0,5 см. 
2. Ауыз ернеуінің сынығы бар, боялмаған қыш ыдыс. Ернеуі сыртқа қарай қайырыла жасалған. 
Ауыз ернеуінің аумағы 35 см, сақталған биіктігі 4 см, қалыңдығы 1,0 см. 
3. Ауыз ернеуінің сынығы бар, боялған ыдыс. Жасыл түсті. Ауыз ернеуінің аумағы 18 см, сақталған 
биіңтігі 2 см, қалыңдығы 0,5 см. 
Алғашқы зерттеу төбешіктің үстін сексеуіл, қарабарқын және шөптерді тазалаудан басталды. 
Зерттеу жұмысы нысанның оңтүстік нүктесінен солтүстік бағытқа қарай бес метр жердегі кертік 
жерден бастау алды. Беткі қабаты бір күрек бойы үрлеме топырақ пен борпылдақ топырақтан 
тазартылғаннан кейін, астыңғы қабатын анықтау мақсатында тазалана қырылып, сыпырылды. 
Кесіктің оңтүстік бөлігінен әр жерден ретсіз жатқан кесек сынықтарынан басқа ештеңе көріне 
қоймады. Ал солтүстік бөлігінен тігінен қаланған көлемі 25x5 см қи кесек анықталды. Бұл қи 
кесектер 0,5 м-ге дейін жалғасты. Қидан жасалған мұндай тұрғын үйлерде қалада ХІХ ғасырдың 
І жартысында өмір сүрген тұрғындардың тұрақтары (Жетібаев және т.б. 2020: 188). Қаланың 
жоғарғы құрылыс кезеңінің барлығы осы қи кесектен қаланған тұрғын үйлерде қоныстанған 
(Zholdasbaev, Aldabergenova, 2013:312). Оңтүстік бөлігінен 0,5 м тереңдіктен көлемі 120x110 м 
кесек қаландысының нобайы көрінді. Кесек қаландының оңтүстігінде көлемі 30x30 см шұңқыр 
орналасқан. Кесек қаландысының қандай құрылыс бөлігі екендігін зерттеу барысы көрсетеді. 
Келесі кезекте кесіктің оңтүстік шеткі нүктесінен 2,5 м-ден бір күрек бойымен (30 см) 
сатылап аршыла бастады. Кесік жоғарғы нүктесінен төмен қарай еңіс болғандықтан 50–60 см-дей 
тереңдетіліп, төменгі оңтүстік нүктесі жол деңгейімен теңестірілді. 
Кесек қаландысының жан-жағын тазалау кезінде, кесек қаландысының жалаң қабат екендігі 
белгілі болды. Қаланды солтүстік бағытқа қарай алты қатар етіп қаланған.
1-қатар. Көлденеңінен тігінен қаланған. Кесек көлемі 23x18x8 см. 
2, 3-қатар. Ұзына бойы тігінен қаланған. Кесек көлемі 30x18x8 см. 
4-қатар. Көлденеңінен тігінен қаланған. Кесек көлемі 23x18x8 см.
5-қатар. Көлденеңінен тігінен қаланған. Кесек көлемі 23x18x8 см.
6-қатар. Ұзына бойы тігінен қаланған. Кесек көлемі 30x18x8 см. 
Кесіктің солтүстік шетінің 0,8 м тереңдікте (ІІ ярус) ЖҚҚ-ның (Жоғарғы құрылыс қабатының) 
еден деңгейінен таға тәрізді ошақ анықталды. Көлемі 0,4x0,3 м, тереңдігі 23 см. Ішінен қара түсті 
күл аралас топырақ алынды. Ошақтың оңтүстігінен 0,6м жерде аумағы 0,3x0,3 м, тереңдігі 0,2 м 
шұңқырдан қара-сұр түсті топырақ аралас күл төгілген жер бар екендігі белгілі болды. Күл 
арасынан түйіршік-түйіршік темір қорытпалары анықталды. 
Осы қабатта ортадағы кесек қаландысының солтүстік шығыс бұрышынан ретсіз жатқан төрт 
кірпіш аршылды. Аталған кірпіштерді ешқандай құрылыс бөлігіне ұқсата алмадық. Ішіндегі бір 
кірпіштегі күйік іздері әлде бір ошақтың бұзылған кірпіштері екендігінен хабар береді. Кесек 
қаландысының оңтүстігінде 1,1 м тереңдікте 1ҚҚ-на тән кірпіш төсенділері көріне бастады (ІІІ ярус). 


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
217
Келесі кезекте ортадағы кесек қаландысының астын зерттеу мақсатында, сызбасы түсіріліп, 
фотофиксация жасалғаннан кейін қаланды алынып тасталды. Қаланды астынан 1ҚҚ-на тән ошақ 
нобайы көрінді. Кесек қаландының алынуы барысында оңтүстік бөлігінің астынан көлемі тауық 
жобалас құс сүйегі анықталды. 
Кесіктің солтүстігіндегі пеш пен қара түсті күл қабаттары, аталған нысан орналасқан жердің 
шеберхана болғандығынан хабар береді. Ары қарай зерттеу жұмыстары барысында анықтайтын 
боламыз. 
Осыдан кейін зерттеу жұмыстары аяқталды да, кесінді беттері тазаланып 0,50 м ярустарға бөлінді. 
Кесінді беттері бізге топырақ қабаты құрамы мен мәдени қалдықтардың төмендегідей екендігін 
көрсетіп берді (3-сызба). 
Кесіндінің шығыс қимасы.
1. Кесіндінің шығыс қимасының солтүстік бөлігі 10 см шым қабаты. 
2. Оның асты 1,5 ярусқа дейін қи кесектер. 
3. Кесіндінің солтүстігінде, 3 ярустың орта тұсында қара күл қабаты мен кесек қаландылары 
орналасқан. 
4. Оңтүстік бөлігі шым қабатынан кейін 3ярусқа дейін бос топырақ. 
5. 3 яруста орта көлемді құмыра мен кесек қаландысы анықталды. 
6. Ал қалған бөліктері құланды мен бос топырақтан тұрады. 
Кесіндінің солтүстік қимасы.
1. 10 см шым қабатынан кейін 2 ярусқа дейін құланды бос топырақ. 
2. 3 яруста 20 см күл аралас бос топырақ.
3. 3 яруста 25 см қара түсті күл қабаты мен ошақ мұржасы тәрізді ойық байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет