Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет166/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
152
және А. Леппик оның мүшелері болды. 1946-1949 жылдары Одақтың бухгалтері 4 рет ауыстырылды. 
Оның негізгі себебі жалақының аздығы болды. Бұл жылдары Одақтың атқарған жұмыстарының 
ішіндегі ауқымдыларының қатарында «Алматы қаласының Бас жоспарының жағдайы туралы» 
сәулетші И. Белоцерковскийдің, «Қазақстанның табиғи қаптама тастары» жайлы В.Д. Милютиннің, 
«Кеңес сәулетшілерінің шығармашылық мәселелері және Қазақстан сәулетшілерінің міндеттері» 
жайлы А. Беднягиннің, «ВКП/б/ Орталық Комитетінің композиторы Мураделидің «Ұлы Достық» 
операсы туралы қаулысына сәйкес, сәулеттегі формализім туралы» В. Бычковтың дайындаған 
баяндамалары жатты. Баяндамалар сәулетшілердің жалпы жиналыстарында талқыланды. Мұнымен 
қатар, сәулеттік-қоғамдық байқаулар ұйымдастырылды. Байқауда Н.А. Простаков, М.П. Кудрявцев, 
В.Н. Крошиннің «Жазушылар үйінің», «Қазақстан» кинотеатрының, Б. Бычковтың Алматы қаласы 
«Көпшілік кітапханасының», «Қазақстанның оңтүстік қалаларының», И. Шумаковтың «Алматы 
қаласындағы Үкімет үйінің» болашақ жобалары көрсетіліп талқыланды. Ұлы Қазан революциясының 
30-жылдығына орай үш сәулеттік көрме өткізіліп, мүшелтойлық альбом шығаруға материалдар 
жинастырылды (ҚР ОМА, 50:5-6).
1948 жылы Сәулетшілер Одағының үш шығармашылық: тілшілер (жетекшісі Борисов), 
шығармашылық сын (жет. М. Левинсов), жылжымалы көрмелерге материал жинау (жет. И. Перевалов) 
топтары құрылды. Құрылған топтардың өз міндеттері белгіленді. 1948 жылы нәтижелі жұмыс 
істеген тілшілер тобы болды. Осы жылы шығармашылық топтың мүшелері республикалық 
баспасөзге 7 мақала дайындап шығарды. Одақ басқармасы сәулетшілердің идеялық–саяси тәрбиесіне 
де ерекше көңіл бөлді. Бұл бағыттағы жұмыстың негізгі формасы сәулетшілерді кешкі марксизм-
ленинизм университеттеріне тарту және Одақ ішінде жекеленген баяндамалар мен лекциялар 
ұйымдастыру болды.
1949 жылы сәулетшілердің Алматы облыстық бөлімшесі мүшелерінің 70 проценті саяси оқу 
жүйесіне тартылды. Осы жылы басқарма мәжілісінде сәулетші А. Леппиктің шығармашылық есебі, 
сәулетші Н.А. Григорьевтің «КСРО-дағы қалалар салу» атты баяндамасы тындалды. Бұған қоса 
ВКП/б/ Орталық комитетінің идеологиялық мәселелерге арналған қаулы-қарарлары қызу 
талқыланып жатты. Алайда, кеңестік саяси жүйе жағдайында сәулетшілер Одағы өзінің 
мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмады. ВКП/б/ - ның әрбір қаулы-қарарларынан кейін 
оның шешімдеріне қатысты міндетті түрде Одақта талқылаулар ұйымдастыру сәулетшілердің 
негізгі кәсіби жұмысына кедергі келтірді. Көп жағдайларда оның пайдасынан гөрі зияны көп 
болды. Одақтың материалдық мүкіндігінің шектеулілігі, арнайы мекен-жайының болмауы, саяси 
өктемдік – сәулетшілердің жұмысын барынша күрделендірді.
Одақтың төрағасы М. Меңдіқұлов 1949 жылғы атқарылған жұмыстарға берген есебінде: 
«біздің жұмысымыздың үлкен тежеуіші–көрмелер өткізетін, үйірме жұмыстарын жүргізетін мекен–
жайымыздың жоқтығы болып отыр» (ҚР ОМА, 62:7) деп атап көрсетті. Шығармашылық Одақтың 
жұмысын жетілдірудің тек саяси құралдары таңдалып алынды. Оның негізгі әдісі кеңестік жүйеде
«Сын мен өзара сынды» өрістету болып табылды.1950 жылдың 28-қазаныңда КСРО Кеңес 
сәулетшілерінің ХІІІ пленумының қаулысындағы сәулетші қызметіндегі кенже қалушылықтың 
себептері «дамудың, алға басудың құдіретті құралы ретінде шығармашылық сынды кеңес 
сәулетшілері ұйымдары, ең бірінші кезекте оның жетекші органдары дұрыс пайдалана 
алмағандығынан» (ҚР ОМА, 82:29) деп көрсетілді. Сәулетшілердің құрамы да баяу толығып жатты. 
Мысалы, 1947 жылы Одақтың мүшелігіне 4-ақ адам қабылданды (ҚР ОМА, 50:2).
Сәулетшілер Одағының 1952 жылдың жұмысын қорытындылаған есебінде де Одақ мүшелерінің 
мейлінше баяу өсіп отырғандығы аталып өтілді. Оның негізгі себебі: туысқан республикалардан 
келіп жатқан сәулетші мамандарына қажетті материалдық-тұрмыстық жағдайлардың жасалмауы, 
жергілікті жерлерде сәулетші мамандықтары даярлайтын оқу орындарының болмауы еді.
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан сәулетшілері өздерінің жоспарларында, үйлер мен 
ғимараттардың утилитарлық-функционалдық қызметін, көркемдік-эстетикалық міндеттерді 
шешумен ұштастыруға тырысты. Алайда, 1950-жылдардың ортасынан бастап сәулетшілер Одағының 
жұмысы әміршілдік-әкімшілдік жүйенің әлеуметтік-экономикалық саясатының практикалық 
күнделікті мұқтаждарына түгелдей бағындырылды. Кеңес жүйесі өзінің ең өткір «қарғыс атқан» 
әлеуметтік проблемасы – тұрғын үй мәселесін қайткен күнде де шешуге ұмтылды.
КОКП-ның1950-жылдардың ортасындағы құжаттарында сәулетшілердің көркемдік міндеттерді 
шешуге ұмтылуының «басы артық нысапсыздық», «безендірушілік» ретінде сыналуы, шын 
мәнісінде кеңес сәулет өнеріндегі бетбұрыстық кезең еді. Іс жүзінде кеңестік жүйе әлеуметтік 
мәселелерге басым бағыт бере отырып, сәулеттік жобалардан көркемдік міндеттердің шешілуін күн 
тәртібінен ығыстырып тастады. Кеңес сәулеті үйлер мен ғимараттарды салудың – утилитарлық-
функциональдық, конструкциялық бағытына бір жола көшті. Сәулетшілер тарапынан мұндай бағыт 
бір жақты қабылданған жоқ. Сәулетшілер Одағында жасалған баяндамалар, КСРО сәулетшілер 
Одағы Пленумдарының шешімдерінде типтік жобалаудың кемшіліктері аталып көрсетіліп жатты. 
1954-жылдың 15-сәуірінде Алматы қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан сәулетшілерінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет