Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет165/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   264
34-36-PB (2)

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмысының барысында тарих ғылымының сыннан өткен 
негізгі ұстанымдары – объективтілік, жүйелілік, детерменизм мен тарихилық принциптеріне арқа 
сүйедік. Объективтілік Қазақстан суретшілері мен сәулетшілерінің Кеңестік кезеңдегі еңбектерін 
жаппай қаралаудан алшақ болуға мүмкіндік берді. Зерттеу обьектісі мен пәніне қатысты жаңа 
дәйектерді ғылыми айналымға түсіру қазіргі кездегі Қазақстан тарихшыларының әр түрлі 
тұжырымдамалары мен көзқарастарын ескеру арқылы жүзеге асырылды. Хронологиялық 
принципке сүйене отырып, оқиғалар мен материалдар уақыт ішіндегі реттілікпен берілді. 
Кеңестік тотолитарлық жүйенің эволюциясына сәйкес келетін сәулетшілер мен суретшілердің 
шығармашылық Одақтарының қызметі сатылық кезеңдерге бөлініп қаралды. Детерминизм мен 
кешенділік принципін ұстана отырып сәулет пен сурет өнеріне қатысты мемлекеттік саясаттың 
негізгі әлеуметтік, экономикалық, мәдени бағыттарын анықтауға мүмкіндік алынды. Сондай-ақ 
зерттеу жұмысының барысында заманауи тарих, сәулет және сурет өнері, мәдениеттану 
ғылымдарының жетістіктері пайдаланылды.
Талқылау мен нәтижелер. Отандық тарих ғылымында біз зерттеп отырған тақырып бойынша 
өткен ғасырдың 1950-1960 жылдары ғылыми білімдер мен зерттеу жұмыстарының толығып 
отыруы, жинақталуы тұрақты жүріп отырды. Осы жылдары сан жағынан аз да болса Қазақстан 
сәулет бейнелеу өнерлеріне арналған Т.К. Басеновтың, М.М. Меңдіқұловтың, Е.Б. Вандровская мен 
Г.А. Сарықұлованың еңбектері пайда болды (Басенов Т.К. Прикладное исскуство Казахстана. Алма-
Ата, 1958; Мендикулов М.М. Архитектура города. Алма-Ата, 1953; Вандровская Е.Б., Сарыкулова 
Г.А. Женщины художницы Казахстана. Алматы, 1954). Т.К. Басеновтың еңбегінде Қазақстандағы 
қолданбалы өнердің жағдайы талқыланса, М.М. Меңдіқұлов еңбегінде Қазақстан қалаларының 
архитектурасына шолу жасалды. 1960-жылдары, Кеңес өкіметі жылдарындағы Қазақстан халқының 
қолөнері мен бейнелеу өнері жайында С. Қасиманов, И.Рыбакова, Л.М. Хлопова, Г.А. Сарыкулова, 
Р. Көпбосыновалардың еңбектері пайда болды. Сәулет өнері хақында Т.К. Басенов, А. Татыгулов, 
Т. Басенов, Б. Глаудиновтардың Кеңестік Қазақстанның сәулет өнеріне қатысты еңбектері 
жарыққа шықты. Алайда, бұл еңбектерде Қазақстан сәулетшілері мен суретшілері шығармашылық 
одақтарының қызметі арнайы қарастырылмайды. Тақырыптың зерттелуі тарихшы ғалымдармен 
шектелмей, сәйкес мамандық иелері тарапынан да зерттелгенін айта кеткеніміз жөн. Бұл орайда 
2003 жылы сәулет докторы ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған А.Ж. Абиловтың «Қазақстанның 
ХХ ғасырдағы қала құрылысы дамуының генезисі мен тұжырымдамалық негіздері», сондай-ақ, 
А.С. Әділбаеваның 2010 жылы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін қорғаған 
«Шығыс Қазақстан қалаларының ХІХ ғасырдың аяғы-ХХІ ғасырдың басындағы әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамуы» тақырыбында қорғалған диссертацияларын айта кеткен жөн. 
А.С. Әділбаева диссертациясында негізінен тақырыбымызға қатысты өткен ғасырдың 1950-1960 
жылдардағы Шығыс Қазақстан өңіріндегі қала салу тәжірибесі сипатталады, ал А.Ж. Абиловтың 
жұмысында ХХ ғасырдың өн бойындағы Қазақстандық қала салу тәжірибесі сарапталады. Авторлар 
Кеңестік қала салу тәжірибесінің тұжырымдамалық бағыттары мен практикасын талдайды. Бірақ 
бұл еңбектерде көрнекті Қазақстан сәулетшілері мен суретшілері, олардың шығармашылықтары 
туралы айтылғаныменен, шығармашылық одақтардың қызметі туралы ештеңе айтылмайды. 
Тақырыбымызға қатысты бұдан басқа нысаналы зерттеу жұмыстарын көре алмадық.
Соғыстан кейінгі 1946-1950 жылдары Қазақстан сәулетшілері Одағының алдында, ең бірінші 
кезекте Одақтың ұйымдық жұмыстарын нығайту міндеті тұрды. Қазақстан сәулетшілерінің І 
сьезі соғыстың қарсаңында 1940 жылы өткен болатын. Алайда, соғыс шығармашылық Одақтың 
жұмысын жолға қоюға кедергі жасады. 1946 жылдың 21 маусымында шақырылған Қазақстан кеңес 
сәулетшілерінің жалпы жиналысында Одақ басқармасының жұмысы «қанағаттанғысыз» деп 
бағаланды. Жиналыстың қаулысымен осы айдың 26-да сәулетшілердің жалпы жиналысы 
қайтадан шақырылып ұйымдық мәселелер қаралды. Сәулетшілер Одағы басқармасымен тексеру 
комиссиясының мүшелері қайтадан сайланды. Басқарма мүшелігі құрамына А.И. Беднягин, 
А.А. Леппик, П. Кривошеев, Г.Г. Дейчев, В. Бычков кірді (ҚР ОМА, 34:14, 20). Дегенмен, соғыстан 
кейінгі жылдары сәулетшілер Одағының ұйымдық жұмыстарын жандандыру оңайға соққан жоқ. 
Мұны Одақ басқармасы құрамының жиі өзгеріп отыруы да көрсетті. 
1948 жылдың 29-шілдесіндегі басқарма мәжілісінде, басқарма мүшелерінің көпшілігі 
жаңартылды. Басқарманың төрағалығына М. Меңдіқұлов сайланды, В. Бычков, В. Бирюков, Г. Бабович 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет