Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет170/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
156
Соғыстан кейінгі жылдары Суретшілер Одағының басқарма мүшелері М. Белов, Ә. Қастеев, 
Л. Леонтьев, З. Назыров, Б. Симкин, Н. Тимофеев, Э. Черномский, А. Черкасский, Б. Чекалин және 
басқалардың ұйымдастыруымен шығармашылық жұмыстарды жақсарту қолға алынды. Соғысқа 
дейін шақырылған Қазақстан суретшілерінің І-сьезінде, Одақтың 4 шығармашылық: живопись, 
кескіндеме, мүсін және театр-безендіру секциялары құрылған еді. Шығармашылық секциялардың 
негізгі жұмыс формасы суретшілердің шығармашылық есебін тыңдау, Одақ мүшелерінің дербес 
және топтық көрмелерін өткізу, насихаттық бағытта көпшілік-лекциялар оқу, студияларда сабақтар 
ұйымдастыру, қоғамдық орындарды безендіру және тағы басқалар болды. Мұнымен қатар 
суретшілер қызметінің маңызды құрамдас бөлімін, «қоғамдық шефтік жұмыстар» дейтін құрады. 
Ол бойынша Одақтың әрбір мүшесі белгілі бір ірі мекемелерге бекітіліп беріліп, олардың безендіру 
жұмыстарына жәрдемдесті.
1946 жылдың басында Суретшілер Одағы, басқа да шығармашылық Одақтар тәрізді өздерінің 
жалпы жиналыстарында 1946-1950 жылдарға арналған бес жылдық жоспарын бекітті. Жоспарда 
«халық шаруашылығын қалпына келтіру», «сталиндік 4-бесжылдық» жылдардағы суретшілердің 
қызметі мен міндеттері бейнеленді. Қабылданған жоспарға сәйкес, 1946 жылдың сәуір-мамыр 
айларында суретшілер М. Белов, Б. Чекалин, А. Черкасскийлердің дербес шығармашылық көрмелері 
ұйымдастырылды. Көрмелер аталмыш суретшілердің «25 жылдық шығармашылық қызметіне» 
арналды. 1946 жылы Қазақстан суретшілерінің айтулы іс-шараларының бірі, халық ақыны 
Ж. Жабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген көрмесурет көрмелері болды. Көрмелер 
Алматы қаласында және ақының туған жері Жамбыл облысында ұйымдастырылып, оған Қазақстан 
суретшілерінің басым көпшілігі қатысты. Көрмелерде ақының өмірі мен қызметі бейнеленген 
туындылар көрсетіледі. Әсіресе, Ә. Қастеев, А. Черкасскийдің туындыларын көрермен жылы 
қабылдады.
1946-1947 жылдары майдангер-суретшілердің де топтық көрмелері ұйымдастырылып жатты. 
Олардың туындыларында соғыс тақырыбы әсерлі де нанымды бейнеленді. 1947 жыл Қазақстан 
суретшілерінің қызметі Қазан революциясының 30 жылдығын «лайықты қарсы алу» бағытында 
жүрді. Шығармашылық секцияларда көрмелер ұйымдастырудың жай-жапсарлары талқыланды. 
Бұл жылдардың ерекшелігі сонда әрбір шығармашылық секциялар: живопись, кескіндеме, мүсін өз 
жанрлары бойынша осы тақырыпта көрмелер ұйымдастырылды.
1946-1950 жылдары суретшілер қызметінің ауқымдыларының бірі қоғамдық-шефтік 
жұмыстары болды. Ол негізінен кеңестік-идеологиялық талаптарға сәйкес, қоғамдық ғимараттарды, 
көшелерді безендіру жұмыстарынан тұрды. Әрбір кеңестік қоғамдық іс-шараларды, мерекелер 
мен мүшел тойларды атап өту, оны көркемдік безендіруде суретшілер орасан зор еңбек етті. 
1946-1970 жылдары суретшілердің қоғамдық шефтік жұмыстарынсыз бірде бір кеңестік іс-шара 
өткен емес. 1949-1950 жылдардан бастап республикалық сурет көрмелеріне облыстық суретшілердің 
қатыса бастауы да оң қадам еді.
1951 жылдың 20-21 маусым күндері Қазақстан суретшілерінің ІІ-сьезі шақырылды. Басқарма 
мүшесі К. Барановтың есепті баяндамасында суретшілер Ә. Қастеев, Л. Леонтьев, А. Бортниковтың 
шығармашылық табыстары аталып көрсетілді. Қазақстан суретшілерінің соғыстан кейінгі 
жылдардағы жұмыстары қорытындыланды. Алайда, қатаң сталинизм жағдайларында көптеген 
суретшілер «формалистік», «натуралистік» қателіктері үшін орынсыз сыналды. Сьезде 
шығармашылық жұмыстарды жандандырудың шаралары ретінде сын секциясын және жастар 
комиссиясын құруға шешім қабылданды. Сын секциясының міндеті – Одақтағы жұмысты 
жандандырудың бірден бір әдісі ретінде «сын мен өзарасынды» күшейту болып табылса, жастар 
комиссиясының міндеті – Одаққа мүшелікке қабылданып жатқан жас суретшілермен жұмыс 
жүргізу болды.
Сьезде сөйлеген суретшілер М. Лизогуб, С. Котляр және басқалар ұйымдастырушылық 
жұмыстарға қарағанда, Одақтың жиналыстарында болашақта шығармашылық мәселелерді көп 
талқылауды ұсынды. Шыныда да 1949-1951 жылы Одақ басқармасы 37 мәжіліс өткізіп, онда 157 
мәселені талқыласа, оның 40 ғана шығармашылық, ал 117 – сі ұйымдастырушылық мәселелерге 
арналған еді (ҚР ОМА, 362:10-11). Одақ басқармасы «халыққа жақындау» деген мақсатта елді 
мекендерге үгіт машиналарымен шығу, колхоз-совхоздарда көрмелер өткізу шараларын белгіледі. 
Бірақ материалдық қиыншылықтардың салдарынан сьезден кейінгі жылдары бұл шаралар жүзеге 
аспай қалды.
1950 жылдардың басында Қазақстан суретшілерінің қызметі баяуда болса ілгеріледі. Мысалы, 
1951 жылы 4, 1952 жылы 6, 1953 жылы 10 республикалық көрме ұйымдастырылды (ҚР ОМА, 460:21). 
Көрмелер негізінен Қазақстандағы кеңес өкіметінің орнауы тарихи революциялық тақырыптарға 
арналды. Ә. Қастеевтің «Жайлаудағы кілем тоқушы әйелдер», «Социалистік мал шаруашылығы», 
«Қырманда», И. Крутильниковтің «Мыс балқытудың шебері», «Д. Мақаевтың портреті» - соғыстан 
кейінгі ең бір сәтті шығармалардың бірі болды. Бұл жылдары суретшілер Одағының мүшелері 
Ә. Қастеев, Л. Леонтьев, В. Тканко және басқалар Ж. Жабаевтың мемориалдық музейін безендіруге, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет