Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет226/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   264
34-36-PB (2)

Қортынды. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін жаңа рулардың құрылуына байланысты қазақ 
шежірелері қалыптасты. Ру-тайпалардың ата-тегі ұлттың бірігуінің, елдің негізін қалаудың және 
мемлекеттің нығаюының қуатты тетігі болды. Ру тайпаларының генеалогиялық құрылымы Қазақ 
хандығының қоғамдық-саяси негізін нығайту үшін қажет болды.
Қазақ хандығының этносаяси жағдайы өте күрделі жүрді. Бұл кең байтақ далада тарихи 
қалыптасқан, бытыраңқы тайпалар болғанына қарамастан, оны одан әрі біріктіру сол кездегі Қазақ 
хандығының негізін қалаушылар үшін, әсіресе билер үшін маңызды мәселе болды. Бұл мәселені 
шешу үшін қазақ билері қазақ халқын біріктіретін тайпалардың бірлігіне негізделген ұлттық 
бірлік идеясын қалыптастырды.
Н. Мыңжан б.з.б. ІІІ ғасырда ғұндардың батыс жағында өмір сүрген Ұлы Йозыларды қазақтың 
Ұлы жүзіне сәйкестейді. У. Шәлекенов те қытай деректеріндегі «ұлы және кіші йозілерге» 
сүйеніп қазақтардың ұлы жүзі мен кіші жүзі антикалық заманда өмір сүрген деген тоқтамға келеді 
(Мұхамбеткәрім, 2016). Шындығында, «жүз» атауына қатысты бұл тұжырымдар бар болғаны 
сөздер тегінің ұқсастығына негізделген, үстірт пікірлер. 
Біздіңше, қазақтың “жүз” атауы - “бөлік”, “бөлшек”, «құрамы» деген мағынаны білдіретін 


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
207
арабтың جز – «джоз” сөзінен шыққан (Рубинчик, 1970:436). Алтын Орда мен Қазақ хандығының 
исламдану процесінің күшеюі осы кезеңде көптеген араб-парсы сөздерінің түркі тіліне, әсіресе, 
мемлекетттік басқару жүйесіне енуін жылдамдатты. 
Қазақ қоғамындағы «жүз» ұғымы, туыстық-генеологиялық мағынадан гөрі, әкімшілік-басқару 
жүйесін білдіретін түсінік. Оған дәлел ретінде қазақтың руларының қазақтың барлық жүздерінде 
кездесетінен байқауға болады. Мысалы, қоңырат тайпасы рулары мен аталарының атауларына 
талдау жасар болсақ онда тайпа құрамындағы жекелеген ру, аталардың атауларынан бүкіл қазақ 
ру-тайпалық құралымын құраған этнонимдер жүйесімен бірқатар сәйкестіктерге көз жеткіземіз. 
Мысалы, жиембет руының атауы табын, тама тайпаларының, дулат тайпасының жаныс, шымыр 
руларының және жалайыр тайпасының құрамында кездеседі. Божбанның итемген атасының аты он 
екі ата абақ керейдің, сіргелі тайпасының жайдақ руының, байұлының байбақты тайпасының 
құрамында кездеседі. 
Маңғытай руының атауы Кіші жүз шөмекей, әлімұлы құрамында, Ұлы жүз жалайырдың 
шуманақ руының құрамында жеке атаның аты болып қайталанады. Тіней руы адай мен найманда 
да бар.Көптеген жазба тарихи деректерден дулаттар мен қоңыраттардың, шапыраштылар мен 
адайлардың тарихи тамыры ортақ екендігін байқаймыз.
Бұл мәліметтер тарихи зерттеулер жүргізгенде қазақтардағы жүздік жүйенің шеңберінде 
қалып қоюдың жансақтығын тағы да көрсетеді. Шын мәнінде бір жүзге жататын ру-тайпалардың 
бір-бірімен ешқандай да ортақ тарихи тамырға ие болмауы мүмкін екендігінен, керісінше, басқа 
жүздегі тайпалардың осы тайпамен тарихының тамырлас болуы мүмкіндігінен хабар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет