Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет234/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   264
34-36-PB (2)

НәтижелерТ.ғ.д., профессор С.Ж. Жолдасбаевтың жетекшілігімен Қожа Ахмет Ясауи атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Археология ғылыми-зерттеу институтының 
Сығанақ археологиялық экспедициясы құрылып, ортағасырлық Сығанақ қалашығында ғылыми 
зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Сығанақ археологиялық экспедициясы далалық жұмыстарын 
орталық мешіттің оңтүстік бөлігіндегі, яғни 2019 жылы 11х1 м құрайтын №1 кесіндінің орнында 
қазба жұмыстары жүргізілді (Жолдасбаев т.б., 2019: 16–17). Осы кесіндінің нәтижесінде №18 
қазба нысанының ашылу бағыты нақтыланды. Зерттеу жұмыстары барысында №18 қазба 
алаңында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде екі құрылыс кезеңі анықталды. Бірінші 
құрылыс кезеңі жер бетіне жақын болғандықтан қатты бұзылып кеткен. Ашылған бөлмелер толық 
сақталмағандықтан бір қатар бөлігі алынып тасталды. Сонымен қатар, аталмыш алаңда жүргізілген 
қазба жұмыстары барысында бір әулетке тән ағаш табытқа жерлеюу орындары анықталды. Мұндай 
ағаш табытпен жерлеу орындары қала маңындағы кесенелердің бірінде анықталды (Искендирова 
т.б., 2019: 92). Екінші құрылыс кезеңінің екі бөлмесі анықталып ашылды. Қазба алаңында ашылған 
бөлмелердің бірқатар қабырғалары қазба жиегінің астында қалғандықтан толық ашылмай қалды. 
Себебі, осы жылғы қазылатын 10х15 м құрайтын алаңнан тысқары болды. Аталмыш нысаннан 
алынған құмыралар мен керамика сынықтарына талдау жасай отырып, жоғарғы қабатының XVII–
XVIII ғасырлар аралығына жататындығы, ал төменгі қабаттың XV–XVI ғасырлар аралығына 
жататындығы анықталды (Жолдасбаев т.б., 2016: 98–134).
Бірінші құрылыс кезеңі. Қазба алаңының ең биік нүктесінен 0,5 м тереңдіктен күйдірілген 
кесектен қаланған бірінші құрылыс кезеңінің бөлмесі ашылды және оны шартты түрде асхана 
бөлмесі деп белгіленді. Қабырғалардың бір-екі қатар қыштары ғана сақталған және ашылған 
қабырғалардың қыштары толығымен сақталмаған. Осы аралықтар құланды бос топырақтар мен 
қыш сынықтарынан тазартылып, асхана бөлмесі ашылды. Бөлменің жалпы аумағы 3х4 м және 
солтүстік және шығыс қабырғалары жартылай сақталған. Ашылған бөлме еденіне көлемдері 25х25х5 
см болып келетін күйдірілген қыш төселген. Осы үлгідегі күйдірілген кесектер Шу өңіріндегі 
ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласындағы қазба кезінде анықталған ХІ–ХІV ғғ. құрылыс 
нысандарыннан көруге болады (Akymbek, Baibugunov, 2013: 1236). Еден төсенділерінің оңтүстік 
бөлігі ғана сақталған. Асхана бөлмесінің оңтүстік қабырғасы орта деңгейде сақталған және қам 
кесектен қаланған. Қам кесектен қаланған оңтүстік қабырға оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа 
қарай бағытталып жатыр. Қабырғаның сақталған биіктігі 0,3-0,5 м, қалыңдығы 1 м, ұзындығы 3 м. 
Қабырғаның сыртында әр жерлерінде гипстен сыланған сылақтары сақталған. Асхана бөлмесінің 
батыс қабырғасы сақталмағандықтан анықталған жоқ. Асхана бөлмесінің шығыс қабырғасы 
солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталып жатыр. Ашылған қабырға бір қатар қыш 
дейгейінде, яғни 25-30 см биіктікте сақталған. Ал, ұзындығы 4 м, қалыңдығы 1 м болып келетін 
қабырға ашылды. Асхана бөлмесінің солтүстік қабырғасы сақталмағандықтан анықталған жоқ. 
Оңтүстік қабырғаның батыс бөлігінен жартылай сақталған екі тандыр орны ашылды. 
Тандырдың ернеуінің аумағы 0,8 м, сақталған биіктігі 0,5 м, жиегінің қалыңдығы 5 см және 
тандыр ішіндегі түтіндік шығатын мұржа ойығының аумағы 0,15 м. Бірінші тандырдың оңтүстік 
бөлігінде орналасқан мұржаның ұзындығы 0,6 м, ені 0,3 м, ойығының тереңдігі 0,2 м. Сондай-ақ, 
мұржаны оңтүстік қабырға ішіне күйдірілген қышты қалау арқылы орналастырған. Сонымен қатар, 
тандыр іші ирек сызықты өрнектермен ойылып көмкерілген.
Бұл ирек сызықтар тандыр ішіне салынған нан өнімдерін ұстап тұру үшін жасалған. Тандыр 
сыртын күйдірілген қыш сынықтарын тігінен қалап шыққан. Бірінші тандырдың батыс бөлігінде 
екінші тандыр орналасқан. Оның сақталу деңгейі өте нашар және қабырғалары үгітіліп тұр. 
Жартылай сақталған тандыр ернеуінің аумағы 0,5 м, сақталған биіктігі 0,4 м, жиегінің қалыңдығы 
3–4 см. Тандырдың оңтүстік-батыс бөлігі ғана сақталған.
Қазба алаңының оңтүстік бөлігінен бірнеше қоқыс тастайтын шұңқыр орындары анықталып
іші табанына дейін тазартылды. Бірінші құрылыс кезеңінің № 1 қоқыс шұңқыры қазба алаңының 
оңтүстік-батыс бөлігінде 0,3 м тереңдіктен анықталды. Ашылған қоқыс шұңқырының аумағы 1,2 м, 
тереңдігі 0,7 м.
Осы қоқыс шұңқырының солтүстік-батыс бөлігінде қосарлана № 2 қоқыс шұңқыры орналасқан. 
Оның аумағы 1 м, тереңдігі 0,7 м. Қоқыс шұңқырының ішін тазалау барысында 0,4 м тереңдіктен 


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
213
ұзындығы 0,6 м болып келетін күйдірілген қыш сынықтарының қаландысы орналасқан. Соған 
қарағанда қоқыс шұңқыры жоғарғы құрылыс кезеңінің қабырғасын бұзып кеткен болса керек. 
№1 қоқыс шұңқырының оңтүстік-батыс бөлігінде №3 қоқыс шұңқыры қосарлана орналасқан. 
Оның аумағы 1 м, тереңдігі 0,2 м. Бір-біріне қосарлана орналасқан қоқыс шұңқырларының ішін күл 
аралас бос топырақтан тазалау барысында ұсақ мал сүйектері мен ыдыс сынықтары теріліп алынды. 
№4 қоқыс шұңқыры қазба алаңының оңтүстік бөлігінде 0,4 м тереңдіктен екінші құрылыс 
кезеңінің қабырғасының үстінен қазылған. Анықталған қоқыс шұңқыры табанына дейін күл аралас 
топырақтан тазартылды және оның аумағы 1,1 м, тереңдігі 0,5 м. Сондай-ақ, №4 қоқыс шұңқырының 
солтүстік-шығыс жиегінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталып жатқан 
бірінші құрылыс кезеңінің қабырғасы ашылды. Анықталған қабырғаның сақталған ұзындығы 
1,2 м, қалыңдығы 0,4 м, биіктігі 0,3 м. Сонымен қатар, осы қабырғадан оңтүстікке қарай ұзындығы 
0,5 м, қалыңдығы 0,4 м құрайтын бір қатар күйдірілген қыш сынықтарынан қаланған қабырға 
қалдығы орналасқан. Ашылған осы қабырғаны №4 қоқыс шұңқырды қазу кезінде бұзып кеткен. 
№5 қоқыс шұңқыры қазба алаңының оңтүстік-шығыс бұрышынан 1 м тереңдіктен анықталды. 
Анықталған қоқыс шұңқырының аумағы 1,3 м, тереңдігі 0,5 м. Қоқыс шұңқырының іші күл аралас 
бос топырақтан табанына дейін тазартылды. Ашылған қоқыс шұңқыры екінші құрылыс кезеңінің 
кесектен қаланған қабырғасын бұзып кеткен.
№6 қоқыс шұңқыры қазба алаңының оңтүстік-батыс бөлігінде, № 5 қоқыс шұңқырының 
солтүстігінде 1 м тереңдікте орналасқан. Ашылған қоқыс шұңқырының іші күл аралас бос 
топырақтан табанына дейін тазартылды. Сонымен қатар ішінен ыдыс сынықтары мен ұсақ мал 
сүйектері шықты. Оның аумағы 1,2 м, тереңдігі 0,4 м.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет