Ғылыми кеңесі


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің



бет5/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.96 Mb.
#23600
1   2   3   4   5   6   7

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің

2008-2009 оқу жылындағы қабылдау комиссиясының жұмысы туралы есебі
Университеттің қабылдау комиссиясы өз жұмысын 2008 жылдың қараша айынан бастады. Жоғары оқу орнына дейінгі даярлау, қабылдау мен жұмысқа орналастыру бөлімімен бірлесе отырып, жаңа қабылдауды жүзеге асыру бағытында іс-шаралар жоспары құрылды. Жұмыс 2 түрлі бағытта жүзеге асты:

І – 2009 жылғы қабылдауға байланысты үгіт-насихат жұмысы

ІІ – қабылдау комиссиясының техникалық қызметкерлерімен әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары, түрлі көрнекі материалдарды басып шығару, ашық есік күнін, олимпиада, байқаулар мен конференциялар өткізу.

І бағыт бойынша жоғары оқу орнына дейінгі даярлау, қабылдау мен жұмысқа орналастыру бөлімі жұмыстанды. Мектептер университет кафедраларына бөлініп, шығу комиссиясының кестесі құрылды. Институттың Ғылыми кеңесі мен ректоратта құрылымдық бөлімше жетекшілерінің есебі тыңдалды.

ІІ бағыт бойынша келесідей жұмыстар атқарылды: ай сайын техникалық хатшыларға тренингтер ұйымдастырылып отырды; ЖОО жайында ақпарат қағаздары мен түрлі көрнекі материалдар дайындалды, облыстық газетте университеттегі мамандықтар жайында арнайы жарнама беті басылды, әрбір мамандық туралы түсінік беретін папкалар дайындалды, аталмыш папкаларда ақпаратпен қоса бейнесуреттер берілді.

2009 жылдың 20 шілдесінен бастап қабылдау комиссиясының техникалық хатшылығы құжаттарды қабылдау жұмысына кірісті.

Техникалық хатшылықтың жұмысы ҚР БжҒМ 8 нұсқаулығы бойынша жүзеге асты, мәселен, олар төмендегідей жұмыстарды атқаруы тиіс болды:


  • шығармашылық емтихандарға қатысуға құжаттар қабылдау;

  • кешенді тестілеуге қатысуға құжаттар қабылдау;

  • білім гранты конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау;

  • оқуға қабылдауға хаттамаларды ресімдеу;

  • жеке істерін оқу бөлімі мен мұрағатқа өткізу.



Шығармашылық мамандықтарға түскендердің жұмысын өткізу және ұйымдастыру
Шығармашылық емтихандар байқауына қатысу үшін 293 талапкер өтініш тапсырды. Құжаттарды қабылдау 20 маусым - 1 шілде аралығында жүзеге асты.

Сандық мәлімет төмендегідей үлгіде:


1 кесте






Мамандық

күндізгі

күндізгі жедел

сырттай жедел

сырттай 5 жыл

Барлық тапсырғандар саны


Грант алынды

қ/б

о/б

қ/б

о/б

қ/б

о/б

қ/б

о/б

1

Вокалдық өнер

6

2













8

3

2

Дәстүрлі-музыкалық өнер

4

 -

 -











4

0

3

Аспапта орындау (аспап түріне байланысты)

1

2

 

 -

 -





 -

3

2

4

Музыкалық білім

16

4

7



12

1

13

 -

53

8

5

Мәдени-демалыс жұмысы

20

5

 -







7

1

36

8

6

Режиссура (әр түрі бойынша)

6

2

 -



 -

 -



 -

8

2

7

Хореография

7

6



 -

 -

 -



 -

13

2

8

Бейнелеу өнері және сызу

18

8



 

6

 -

15

1

48

10

9

Сәндік өнер

2

1







 -



 -

3

1

10

Дизайн

4

18

 

 

 

 

 

 -

22

1

11

Бастапқы әскери дайындық

16

9





2



3

2

33

9

12

Дене тәрбиесі және спорт

12

11

3

 -

14

-

3



43

5

 

 

 

 

 

 

 




 

 

271

51

Білім гранты бойынша оқудың күндізгі және сырттай түрі бойынша 271 талапкерден өтініш келіп түсті. Күндізгі оқу түрі бойынша тапсырған 181 үміткердің 49-ы білім грантына ие болса, сырттай оқу түрі бойынша 90 үміткердің 2-уі білім грантына ие болды. Жалпы саны – 51 грант. Мәселен, 2008 жылы білім гранты бойынша күндізгі оқу түрінде шығармашылық мамандықта 141 адам грант негізінде оқыды.

2009 жылы республика бойынша шығармашылық емтихандардың өту балы 84-94 балды құрады. Біздің университетке тапсырған талапкерлердің балы 67-91 аралығында, осыған орай 050104 бастапқы әскери дайындық мамандығы, қ/б тапсырған 16 талапкердің 3-і, 050108 дене тәрбиесі, о/б – 11-2, 050106 музыкалық білім, қ/б 16 – 4; 050107 бейнелеу өнері 17 – 6; 050402 аспапта орындау қ/б 1 – 1, о/б 2-1; 050403 вокалдық өнер 2-2; 050421 дизайн 18 – 1; 050906 мәдени-демалыс жұмысы, қ/б 20 – 6, о/б 5 – 2;

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда шығармашылық мамандықта оқуға ниет білдіргендер санының азайғандығы байқалады; шығармашылық мамандықтарды педагогикалық институттарға квоталандыру маңызды орын алады, бірақ ол тапсырған шығармашылық емтихандарға байланысты оның оқитыны да сол. 2009 жылдың 13 шілдесінде №336 ҚР БжҒМ бұйрығында: 050106 – музыкалық білім - мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі – 100 грант: АқтөбеПИ квотасы – 10; Арқалык – 15; ҚазҰПУ – 20; ҚыздарПУ – 20; ҚостМПИ, ПавлМПИ –5-тен; СемМПИ – 8; ТарМПИ – 15; жалпы квота саны – 98 грант. Жалпы конкурсқа – 2 грант; мұндай жағдай өнердің басқа мамандықтары бойынша да көрінеді: мысалы 050402 вокалдық өнер және т.б. 1 грантқа 8 орыннан келеді. Бұл өз кезегінде жалпы конкурсқа түсетін талапкерлердің сенімсіздігін тудырады.

Бүгінгі таңға дейін қолданылып жүрген әдістемелердің бірі – бұл талапкерде 45 не 50 балл және ол конкурстық негізде басқа мамандықтар бойынша өтпейтінін біліп, шығармашылық мамандықты таңдайды; мәселен, мәдени-демалыс жұмысы, музыкалық білім, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі, бастапқы әскери дайындық сияқты мамандықтарға конкурс жоғары және алдағы уақытта бұл қабылдауда қауіпті болуы мүмкін. Мұндай жағдай 050418 кітапханатану және библиография мамандығы бойынша болып отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлген 20 гранттың 10-ы БҚМУ-дікі. Бірақ бұл ең алдымен осы мамандыққа тапсырған 15 талапкердікі емес, тапсырғандардың ішінен 2-і грантқа өтсе, қалған 13-і төмен балл жинауына байланысты конкурстан өте алмады. Алғашқы екі мамандық бойынша: 1-050117 қазақ тілі мен әдебиеті, 2-қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша конкурстан өте алмаған 8 талапкер 3-ші мамандыққа кітапханатану және библиография мамандығын таңдаған.

Талапкерлер егер де мен мұғалім мамандығына түспесем, онда міндетті түрде кітапханашы мамандығына түсемін деген оймен оқуға тапсыратыны белгілі. Бұл кадрлық мәселе. Егер ол жұмыс таппаса, онда ол қайта мұғалімдікке оқитын болады.

Университетте шығармашылық мамандықтарға тапсыратын талапкерлердің балы 60-тан 90-ға дейін, ал 72-ден 95-ке дейінгі балды жинайтындар саны аз. Бұл 49, 50 құтқару балдарына сену деген сөз, тәжірибе көрсеткендей республика бойынша өту балдары 85 және одан жоғары. Мұны 142 талапкер тапсырған кешенді тестілеудің қорытындысы куәландырады. 120 талапкер 2 жалпыбілімдік пән бойынша 1-30 балл жинаса, бұл 28+50=78 балл деген сөз; олай болса олар грантқа өтпеуі де мүмкін, олардың ақылы негізде оқуына да қаржы төлеу мүмкіндігінің болмауы да мүмкін. 30-50 балл аралығында небары 22 адам. Демек, бұл шығармашылық мамандықтардың күндізгі және сырттай бөлімдерінде грант санының аздығы.

Биылғы жылы білім гранты конкурсына 8 республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Оның ішінде 3-і (М.Есекенов – самбодан чемпион, Г.Бородкин – пауэрлифтингтен чемпион, К.Супыгалиев – дзюдодан чемпион) біздің университетке түсті. Ал қалған 5-і конкурстан өте алмады, бірақ университет ректоры 2 үміткерге: Н.Толкачев – волейболдан республикалық жарыстардың жүлдегері, А.Өміров - академиялық есуден спорт шеберіне кандидаты БҚМУ грантын беруге шешім қабылдады; А.Курдюков – волейболдан республикалық жарыстардың жүлдегері, Конденсат АҚ төлейді; И.Ковалев – жебеден ату бойынша республикалық жүлдегер өз қаражатынан төлейді, Е.Альжанов– бокстан республикалық жарыстардың жеңімпазы басқа оқу орнына ауысып кетті.

Биылғы жылы талапкерлердің ішінен байқаулардың лауреаттары байқалмады.

41 Алтын Белгі иегерлерінің ішінде Е.Стульников қана біздің университетті таңдады. Қазіргі таңда ол 050109 Математика мамандығында білім алуда.



Қорытынды: қазан айынан бастап шығармашылық мамандықтарда оқитын студенттермен жекелеген жұмыстар жүргізу және 2 пән бойынша: тіл және ҚР тарихынан жоғары балл жинауын қадағалау.
Педагогикалық мамандықтарға қабылдаудың жүзеге асуы
Республика бойынша педагогикалық мамандықтарға 7755 білім гранты бөлінді, оның ішінде 875-і сырттай оқу түріне. 2009 жылдың 13 шілдесіндегі №336 бұйрығына сай педагогикалық мамандықтарға 6330 грант бөлінді, 2536-сы квоталандырылды, жалпы конкурсқа 3794 грант жарияланды.

БҚМУ ТҚО-сынан білім гранты конкурсына – 2074 өтініш келіп түсті, оның ішінде 41-і Алтын Белгі иегерлері. Білім гранты конкурсына қатысқан 2074 өтініштен 794 талапкер грантқа ие болды;


2 кесте




Дайындық бағыты

Конкурсқа келіп түскен өтініштер саны

Конкурс қорытындысы бойынша Базалық оқу орнына берілген грант саны

БҚМУ гранттарының саны

1

Білім

699

277

230

2

Гуманитарлық ғылымдар

54

16

4

3

Құқық

90

20

0

4

Өнер

78

23

23

5

Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

127

67

1

6

Жаратылыстану ғылымдары

38

45

17

7

Техникалық ғылымдар және технология

104

76

4

8

Ауылшаруашылық ғылымдары

11

80

0

9

Қызмет көрсету

101

14

10

10

Медицина

772

176

0

Жалпы саны

2074

794

289

41 Алтын Белгі иегерлерінен тек қана 1-уі педагогикалық мамандықты 050109 математика (Е.Стульников) таңдады. Қалған 40-ы – құқық, бизнес, әлеуметтік, жаратылыстану, техникалық ғылымдарды және медицинаны таңдады. Ал өнер, ауылшаруашылық ғылымдары мен қызмет көрсету бағыттарын 40 Алтын Белгі иегерлерінің бірі де таңдаған жоқ.

Жыл сайын білім гранты конкурсына көптеген талапкерлер қатысады:
3 кесте
Білім гранты конкурсына қатысушылар туралы сандық мәлімет


4 кесте


БҚМУ грантын иеленгендер туралы сандық мәлімет




Жылдар

Конкурсқа қатысушылардың саны

БҚМУ грантын иеленгендер туралы сандық мәлімет

1

2005 жыл

1851 талапкер

535 грант

2

2006 жыл

1756 талапкер

570 грант

3

2007 жыл

2284 талапкер

423 грант

4

2008 жыл

1749 талапкер

535 грант

5

2009 жыл

2074 талапкер

289 грант



2006 жылғы қабылдау комиссиясының есебінде БҚМУ 423 грантты иеленген деп көрсетілген. Гранттың көп мөлшері төмендегі мамандықтарда:

050119 Шет тілдері;

050117 Қазақ тілі мен әдебиеті;

050110 Физика;

050107 Бейнелеу өнері және сызу;

050106 Музыкалық білім;

050108 Дене тәрбиесі және спорт;

050906 Мәдени-демалыс жұмысы;


Грант аз бөлінген мамандықтар:

050102 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

050609 География;

050115 Құқық және экономика негіздері;

050112 Химия;

050506 Экономика.


2008 жылы гранттың көбі қазақ бөлімдеріне бөлінді:

050114 Тарих – 33;

050117 Қазақ тілі мен әдебиеті - 31;

050115 Құқық және экономика негіздері - 27;

050112 Химия;

050119 Математика – 17;

050111 Информатика – 17;

050103 Педагогика және психология – 15;

050107 Бейнелеу өнері және сызу – 17.
2009 жылы барлық мамандықтар бойынша гранттың өсуі байқалмады:

050109 Математика – 16;

050116 Информатика – 16;

050117 Қазақ тілі мен әдебиеті – 17;

050114 Тарих – 8.

Өнер мамандықтары – 24, экономика мамандықтары – 0.



Қорытынды: Білім гранты конкурсына қатысушылардың саны университеттің грант санының артуына септігін тигізбейді. Конкурсқа түсетін талапкерлер құрамының сапалылығына баса назар аудару керек.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне талапкерлерді қабылдауға байланысты жұмыстарды өткізу және ұйымдастыру
Жыл сайын барлық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау білім гранты мен талапкердің өз қаржысынан төлеуі арқылы жүзеге асады. Кестеден көріп тұрғанымыздай, жыл сайын грантты алумен қатар, ақылы негіздегі оқуға қабылдану да азайып барады. Бұдан қабылдаудың төмендігін байқаймыз.
5 кесте
Конкурстың қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түскендердің сандық құрамы


Жыл

Конкурсқа қатысушылардың саны

Грант

Ақылы

Барлығы

2006

2601

570

1186

1756

2007

2284

423

1493

1916

2008

1749

533

952

1485

2009

2074

289

912

1201

6 кесте



Талапкерлердің мамандықты таңдау сараптамасы көрсеткендей, 2074 талапкердің 1210-ы 1 және 2 мамандықтарын біздің университеттегі мамандықтармен байланыстарған. Олардың ішінде 289-ы білім гранты иегерлері атанды.

Сонымен қатар білім грантын алу деңгейінің төмендеуінің де себептерін атап өтпеуге болмайды:



  1. Техникалық және медициналық мамандықтарға гранттың күрт өсуі;

  2. Жүйесіз арнайы квоталардың бөлінуінің салдарынан педагогикалық мамандықтарға белгіленген балдық деңгейдің күрт өсуі көрінеді. Мысалы, 050102 бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына жалпы конкурс бойынша 300 грант бөлінген. Квоталандыру нәтижесінде қазақ бөліміне барлығы 17 грант және орыс бөліміне 15 грант қалды. 050103 педагогика және психология мамандығына 300 грант бөлінген. Квоталандыру нәтижесінде жалпы конкурсқа 285 орын берілді. Қазақ бөліміне барлығы жалпы конкурс бойынша 7 грант және орыс бөліміне 8 грант қалды.

№7 квоталандыру кестесінің көрсетілімі (қосымшада).



  1. Талапкерлер арасында педагог мамандығын таңдау азайып бара жатыр. 41 Алтын Белгі иегерлерінің біреуі ғана (Е.Стульников, №6ЖОББМ) математика пәнінің мұғалімі мамандығын таңдады. Ал қалғандарының барлығы құқық, бизнес, техникалық және жаратылыстану ғылымдарын таңдады. 90 және одан да жоғары балл жинаған талапкерлер техникалық, жаратылыстану ғылымдарын, құқық және бизнес мамандықтарын астаналық жоғары оқу орындарын таңдауына байланысты БҚМУ-да грант санының төмендеуі орын алды. Ерекше атап өтетін жағдай, облыс және қала мектептерінің оқушылары 4-ші таңдау пәнін жыл сайын өзгертіп отырады. Осы жылы талапкерлердің 60%-ы физика, биология, үшінші орында география, кейін ағылшын тілі мен жалпы тарих және соңғы орында орыс әдебиеті мамандығын таңдады.

8 кесте

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет