Ғылыми кеңесі


Университет кафедраларының рейтингісі



бет7/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.96 Mb.
#23600
1   2   3   4   5   6   7

Университет кафедраларының рейтингісі


Орын

Балдар

Кафедра

1

211,7

Дене тәрбиесі

2

162,2

Педагогика және психология

3

122,6

Физика және математика

4

117,7

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі

5

115,6

Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру

6

88,5

Экономикалық теория және бизнес

7

72,9

Жалпы тіл білімі, орыс филологиясы және аударма

8

72,5

Театрлык-хореографиялық өнер және кітапханатану

9

70,3

Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы

10

69

ҚР Тарихы

11

60,4

Информатика

12

58,0

Қазақ тілінің практикалық курсы және құжаттану

13

57,4

Жалпы педагогика және бастауыш оқыту

14

48,6

География

15

43,7

Есеп және қаржы

16

41,7

Вокал және аспаптық өнер

17

35,7

Музыкалық білім беру

Кафедраның қорытындысы тек қана кейбір оқытушылардың жинаған балдарының қосындысына тәуелді болған жоқ, сонымен қатар рейтингке қатысқан оқытушылардың санына да тәуелді болды. Рейтингілік кестенің төменгі бөлігінде келесі кафедралар орналасты : «Музыкалық білім беру», «Вокал және аспаптық өнер», «Есеп және қаржы», «География». Ал кестенің жоғарғы бөлігінде – «Дене тәрбиесі», «Педагогика және психология», «Физика және математика» кафедралары. «География» кафедрасында рейтингте штаттық кестесінен ПОҚ 17% қатысты, «Музыкалық білім беру» кафедрасы бойынша - 12,8%. Сол кезде «Дене тәрбиесі» кафедрасы бойынша - 65%, «Педагогика және психология» - 60%. Осындай қорытынды кафедраларда қалыптасқан қызметкерлерді басқару жүйесінің де бейнесі болып табылады. Өз бөлімшесінің мүддесін қорғай алатын және өз құрылымының имиджі үшін күресетін меңгерушілері бар кафедраларда рейтингке қатысқан ПОҚ саны да және олардың жинаған балдары да жоғары. Осыған ұқсас принцип институттардың рейтингісінде де қолданылды (2 - кесте). Бірінші орынға педагогикалық институт ие болды, екінші - мәдениет және өнер институты, үшінші орында экономика және басқару институты. Институттардың осындай бөлінуі екінші жыл қатарынан байқалғанын ескере кеткен жөн.

2-кесте

М. Өтемісов атындағы БҚМУ институттарының рейтингісі


Орын

Баллдар

Институт

1

57,5

Педагогикалық институт

2

39,4

Мәдениет және өнер институты

3

33,3

Экономика және басқару институты

2008-2009 оқу жылында SWOT-талдамасы призмасы арқылы өткен біздің университет қызметінің қорытындысын бағалау мықты, әлсіз жақтарымыз бен мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтауға мүмкіндік берді.


Мықты жақтар:

  • университеттің ПОҚ және құрылымдық бөлімшелер қызметін рейтингілік бағалау жүйесінің болуы;

  • оның қызмет етуінің көп жылдық тәжірибесі;

  • жоғары рейтингтік маңызы бар оқытушыларға материалдық қолдау көрсету;

Әлсіз жақтар:

  • ПОҚ және құрылым бөлімшелері жетекшілерін орташа мотивациялау;

  • ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылардың пайыздық деңгейінің аздығы;

  • құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің қызметкерлерді басқару деңгейінің төмендігі;

  • объектілерің қызметін рейтингтік бағалаудағы педанттық және пунктуалдық деңгейінің жеткіліксіздігі;

Мүмкіндіктер:

  • университеттің ПОҚ және құрылымдық бөлімшелерінің 100% ранжылаудан өткізуді қамтамасыз ету;

  • университеттің әр оқытушысының персоналдық деңгейін анықтау;

  • ПОҚ-тың кәсіби өсу динамикасын анықтау;

  • ғылыми-педагогикалық қызметтің негіздемесін арттыру;

Қауіптер:

  • рейтингке қатысатын университеттің ПОҚ және құрылымдар санының азаюы;

  • ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік, тәрбие және қоғамдық қызметтің деңгейінің төмендеуі;

  • басқару шешімдерін қабылдаудың негіздемесінің төмендеуі;

  • кадр тұрақтамаушылығы;

  • кәсіби шеберліктің (құзіреттіліктің) төмендеуі.

Сонымен 2008-2009 оқу жылының университеттің ПОҚ және құрылымдық бөлімшелерінің рейтинг қорытындысы бойынша төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

  • қызметті рейтингтік бағалауға қатысатын ПОҚ және құрылымдық бөлімшелер санының азаюы;

  • белгіленген деңгейден өткен оқытушылардың саны - 30% төмен;

  • жұмыс тиімділігінің төменгі деңгейі ғылыми-зерттеу жұмыс тарауында, нөлдік баға алған ПОҚ саны - 39,8% құрайды;

  • университетте жүйелі түрде ғылыми-педагогикалық қызметтің жоғарғы деңгейін көрсететін профессор-оқытушылардың негізгі өзегі қалыптасты.

Ұсыныстар:

Қызмет бағасының рейтингтік субъектілерінің мотивациясын арттыру:



  • жүктеме көлемін өзгерту (көбейту/төмендету)

  • марапаттауға/жазалауға ұсыну

  • пролонгациялау/келісімшартты бұзу

  • үстеме деңгейін жоғарылату

  • және тағы басқалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет