«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»


Тұтас педагогикалық процесс теориясы



бет46/150
Дата06.04.2023
өлшемі0.64 Mb.
#471827
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   150
Дәрістер

Тұтас педагогикалық процесс теориясы. Біртұтас обьектінің теориясын жасау диалектикалық материализмнің белгілі бір методологиялық мақсаты-құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы күрделі құбылыстарды жүйе ретінде қарастырумен және нақтылы жағдайда жүйелі тәсілді практикалық тұрғыдан жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Жеке тұлғаның қалыптасуы біртұтастықта іске асады. Сондықтан мұғалім дайындығына кешеді тәсіл қажет, мұғалімде педагогикалық процесс туралы біртұтастық туралы түсінік болуы керек. Біртұтастықты түсіну үшін оның кішкентай құрамды бөлігін білу де маңызды. Жүйелі көзқарас тұрғысынан “қарапайым бірлік” моделін жасауға болады. Қарапайым бірлік арқылы қайшылыққа толы біртұтастықты елестете отырып, нақтылы обектіні зерттеуге қажетті белгілі бір жағдайды білуді талап етеді. Абстракциядан нақтылыққа көтерілу, яғни теориялық ойдың нәрсені бейнелеуде бірті-бірте толық, жан-жақтылыққа және біртұтастыққа қозғалысы, ғылыми әдістің бірқатар анықтамаларын логикаға келтіруге мүмкіншілік береді.
Абстрактылықтан нақтылыққа көтерілуді былай сипаттауға болады: таным барысында нақтылы нәрсеге тән әртұрлі заңдылықтар ашылады және ол, сол нақтылы нәрсенің белгілі бір даму сатыларынан табылып, бірізді қалыптасып, категория ретінде көрінеді, оның өзінде даму үстіндегі бірте –бірте жетілген және дамыған формалары мен қатынастары бейнеленеді.
Сондықтан талдаудың мақсаты - абстракцияны көрсету арқылы, оның маңызды қырларын анықтап, біртұтастықты қайтадан жасауға болады. Демек “негізгі абстракция” бірқатар талаптарға сай болуы тиіс: ол нәрсенің мәні мен себебін көрсетуі керек; ол шектеулі болуы тиіс, сондай абстракция ғана құбылыстың басқа қырлары мен қасиеттерін жанастырады.
Тұлға – қарым- қатынас пен қызмет барысында қалыптасқан және тиісті белсенділік деңгейі мен өзіндік тануды білдіретін адамның әлеуметтік мәні. Тұлғаның дамуы – ішкі жєне сыртқы факторлардың әсерімен белгіленген, ағза. Психика, интеллектуалдық және рухани ортадағы сандық және сапалық өзгерістер үрдісі. Тұлғаның қалыптасуы- тұқымқуалаушылықты әсері, орта, мақсатты тәрбиелеу мен өзіндік белсенділіктің нәтижесінде тұлѓаның қалыптасу үрдісі. Тұлғаны социализациялау - тұлғаның қоғамға, жеке топқа тиісті тәртіп үлгілерін, құндылықтар, нормалар,қағидаларды білуі және сол арқылы әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік тәжірибені білдіруі. Тұлғаның даму факторлары - тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие. Тұлғаның дамуының негізгі күштері: Ішкі қарама – қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қажеттіліктері арасында). Сыртқы қарама – қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қоғамныњ талаптары арасында)
. Ғылыми әдіснамадағы дерек – шындық болмыстағы оқиғалар мен құбылыстар туралы эмпирикалық білімдерді тіркеуші сөйлемдер. Ғылым танушылардың пайымдауынша, ғылымдағы дерктерді бөліп алу, іріктеу мен тексеру міндетті түрде эмпирикалық танымдық әрекеттермен, яғни бақылау, өлшеу мен сынақтан өткізу әдістерімен байланысты, сондай-ақ ғылыми білімдердің қандай да бір жүйесімен байланысты.Зерттеушілер ғылымда деректі бөліп алуға, қолдануға тексеруге негіз болатын бірқатар өлшемдерді атап көрсетеді:
а) белгілі бір жағдайда деректі шығаруға болады;
б) әртүрлі тәсілдермен деректі тексеруге болады;
в) деректі одан әрі зерттеу, танымның жаңа құралдары еңбек құралдарын жасау үшін іс жүзінде қолдану мүмкіндігі;
г) ғылымда дерек идеалдандырудың ерекше болып табылады. Ол алғашқыда эмперикалық зерттеуге лайық тар салада белгілі болады.Содан соң соған ұқсас барлық қасиеттер, сипаттамалар мен құбылыстарды белгілі жағдайда дерек ретінде қарау ұсынылады (11, 19-193). Ғалымдар деректер мен болжамдарды байланыста қарастырады.олардың пікірінше, ғылымда болжам жасауға көп жағдайда ғылымға белгілі заңдар мен теориялардың көмегімен түсіндіруге келмейтін жаңа деректер пайда болғанда иек артады. Ғылымда жаңа деректер пайда болса, ғалымдар ең алдымен белгілі ғылыми білімдермен сәйкестендіруге тырысады.Сөйтіп, жаңа деректер ғана емес, соған қатысты білімдер жүйесі де тексеріліп нақтыланады. Ғалымдар көбінесе басқа жағдайдың орын алатынын жоққа шығармайды: жан-жақты зерттеуден кейін жаңа деректердің басқа салаға қатыстылығы мен басқа табиғи қырлары ашылады.Оны түсіндірудің басқа әдістерін іздеуге тура келеді.Осындай ізденістің басты құралы болжам болып табылады (11-198).
Деректің педагогикалық теорияның да өзегі болып табылатыны жалпыға белгілі. Соңғы уақытта ғалымдар құрылымында педагогикалық деректеме ілімі (фактология) маңызды орын алатын педагогикалық жүйелеу ілімінің мазмұнын айқындап, белгілеуде.Олардың анықтауынша, педагогикалық деректеме ілімі эмпирикалық деректерді сипаттау мен талдау туралы, нақты педагогикалық актілердің (әрекеттің) адамға – оның мінез-құлқына, қарым-қатынасына, құндылық бағыттарына ықпалы туралы білім жүйесі (10-30).
Кез-келген ғылыми зерттеу деректі жинау, жүйелеу мен жалпылауда басталады. Ғылыми деректі ғалымдар эмпирикалық және теориялық танымның өзара қатынасы аясында қарастырады. Ғылым әдіснамасында – ғылыми таным дегеніміз – процесс, яғни екі негізгі деңгейден – эмпирикалық және танымдық деңгейден тұратын дамушы білімдер жүйесі. Эмпирикалық деңгейде тірі табиғи шығармашылық басым болады, сондықтан зерттелуші нысан негізінен сезімдік таным арқылы қол жеткізілетін және ішкі қарым-қатынастарды бейнелейтін ішкі байланыстар мен көріністер арқылы бейнеленеді.Эмпирикалықтән басты белгілер – деректер жинау, оларды алғашқы жалпылау, бақыланған және сынақтан өткен мәліметтерді сипаттау, оларды жүйелеу, жіктеу және басқа да деректерді тіркеу әрекеті.Эмпирикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталады, оларды салыстыру, өлшеу, бақылау, сынақтан өткізу, талдау, байқау әдістері мен құралдарының көмегімен меңгереді, ал олардың еңмаңызды элементі дерек болып табылады (лат.-істелген, жүзеге асқан).
«Дерек» ұғымы төмендегідей негізгі мәнді білдіреді:
1) шындықтың, объективті оқиғаның кейбір үзіндісі; объективті шындыққа қатысты нәтиежелер (шындық деректері), немесе сана мен таным саласына
қатысты нәтиежелер(сана деректері);




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет