«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»


Жаңалық деңгейін анықтайтын өлшемдер



бет120/150
Дата06.04.2023
өлшемі0.64 Mb.
#471827
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   150
Дәрістер

Жаңалық деңгейін анықтайтын өлшемдер бұрын ғылым мен практикада қолданылмаған жаңа теориялық тұжырымдар мен практикалық ұсыныстардан тұрады. Жаңашылдықты суреттеу үшін төмендегідей сипаттамаларды қолдануды ұсынамыз. Түрлері жағынан оны теориялық (тұжырымдама, болжам, терминология т. б.) және практикалық (ереже, ұсыныс, құралдар, талап, әдістемелік жүйе т. б.) деп бөлуге болады. Жұмыс түрі мен зерттеу саласына байланысты бірінші орынға оның теориялық немесе практикалық жаңалығы қойылады. Жаңашылдық деңгейі алған білімдерінің орнын, оның сабақтастығын сипаттайды. Ол нақтылау, толықтыру, жаңару деңгейлерінің көмегімен бағаланады.
Нақтылау деңгейі – алынған нәтиже белгіліні дәлелдейді, оқыту мен тәрбие, оқыту әдістері, педагогика тарихы, мектеп ісін жүргізуге қатысты кейбір теориялық немесе практикалық жағдайларды нақтылайды. Толықтыру деңгейі – алынған нәтиже бұрыннан белгілі теориялық және практикалық жағдайларды кеңейтіп, белгілі емес жаңа элементтерді қамтиды. Жалпы, жаңашылдық ештеңені өзгертпейді, оны толықтырады. Мысалы, ғылымилық ұстанымын дидактикада елуінші жылдары М.Н.Скаткин тұжырымдаған, ол төмендегідей жағдайларды қамтыған: оқушыларға берілген мәліметтердің ғылыми растығы, суреттеп отырған құбылыстардың мәнінің ашылуы, оқушыларды маңызды деген материалистік теориялармен таныстыру, дүниені танып-білу туралы оқушылардың дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, абсолюттік және салыстырмалы ақиқат және ғылыми таным әдістерімен танысу.
Сексенінші жылдары Л.Я. Зорина жүргізілген зерттеулерді негізге ала отырып, бұл ұстанымды бұрыннан белгілі емес үш жаңа қағидамен толықтырды: білімнің заманауи ғылым деңгейіне сәйкестігі; ғылыми таным әдістері жөнінде оқушылардың дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, таным үдерісінің басты заңдылықтарын ашу; Жаңару деңгейі теорияда бұрын болмаған оқыту мен тәрбиелеу саласындағы амал-тәсілдер, жаңа идеялармен сипатталады. Аталмыш саладағы белгілі ұғымдардан түбегейлі ерекшеленіп тұратын жаңа көзқарас ұсынылады.
Теориялық маңыздылығы өлшемі зерттеу жұмыстары нәтижелерінің құндылық жағын, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы теориялық ұғымдар, идеялар, көзқарас, тұжырымдамаларға әсерін көрсетеді, педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесін анықтайды.Дәрежесі мен ауқымдылығы бойынша теорияға әсер етуі жағынан теориялық маңыздылықтың бірнеше деңгейі бар: жалпы педагогикалық, салалық, жалпыға бірдей, жекелей мәселелік. Аталған деңгейлер шартты, олардың арасындағы шек қозғалмалы, дегенмен көпшілік жағдайда оларды анықтауға болады. Зерттеу жұмыстарының теориялық маңыздылығы оның жаңашылдығымен, теорияларының қалыптасу дәрежесімен, яғни тұжырымдары мен қорытындылардың дәлелділігімен, қолданбалы тақырыптармен жұмыс жасау үшін зерттеу нәтижелерінің өзектілігімен тығыз байланысты. Іргелі зертеулерде автордың тұжырымдамалық теориялық ұстанымы бейнеленеді. Тұжырымдамасыз зерттеулер түрлі идеяларды дәйексіз пайдаланатын эклектик сипат алып, теориялық жағынан дәлелсіз болып қалады.Жаңашылдықты бейнелейтін ғылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің теориялық маңыздылығы көп жұмыстарда толық сәйкес келетінін айта кету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет