«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»


Әдістерді таңдауда көбінесе кететін қателіктерді төмендегіше сипаттауға болады



бет80/150
Дата06.04.2023
өлшемі0.64 Mb.
#471827
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   150
Дәрістер

Әдістерді таңдауда көбінесе кететін қателіктерді төмендегіше сипаттауға болады:

  • әдісті таңдаудың қалыпты жағдайы (бір үлгіде, өзгеріссіз) және оның нақты жағдайдың, зерттеу шарттарының ескерілмей трафареттік қолданылуы;

  • белгілі бір әдістің немесе әдістеменің көп тараптылығы, мысалы, анкеталық сұрау және әлеуметтік психологиялық;

  • теориялық әдістерді ескермеу немесе жеткіліксіз қолдану, әсіресе, дәріптеушілік, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу;

  • жекелеген әдістен ғылыми ізденіс міндеттерін шешуді тиімді қамтамасыз ететін тұтас әдістеме құрап білмеу;

Кезкелген әдіс өз бетінше тек жартылай дайын, өзгертуді, міндетке және ізденіс жұмысының нақты шартына орай нақтылауды қажет ететін өнім болып табылады. Ақырында, зерттеушілік әдістердің бір - бірін толықтырып, зерттеу пәнін нақтырақ, терең және толық ашатындай, бір әдіс арқылы нәтиже алатын мүмкіндік туғызатындай үйлесімін, яғни байланысын табу керек. Мысалы, оқушылармен алдын ала байқау мен бақылау жұмыстарының нәтижелерін талдай отырып әңгімелесу нәтижелері немесе оларға арнайы сондай жағдай туғызу арқылы жетектеу олардың білімдерін нақтылауға, тексеруге, тереңдетуге пайдалы болары сөзсіз. Осы айтылғандар зерттеу әдістерін дұрыс таңдаудың кейбір критерийлерін тұжырымдауға мүмкіндік береді:

  1. Зерттеу нысанының, пәнінің, міндеттерінің, әдістерінің жинақталған материалдарға бара-барлығы;

  2. Ғылыми зерттеудің заманауи ұстанымдарына сәйкестігі;

  3. Ғылыми болашағының барлығы, яғни таңдалған әдіс жаңа және үміт күтетіндей нәтиже беретіндігіне негізделген болжамның болуы;

  4. Зерттеудің логикалық құрылымына (кезеңдеріне) сәйкестігі және т.б.

  5. Білім алушылардың тұлғасының жан-жақты және үйлесімді дамуына толық бағытталу мүмкіндігінің болуы;

  6. Басқа әдістермен гармоникалық үйлесімді өзара байланыс.



Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Педагогикалық зерттеудегі эмпирикалық әдістерге сипаттама беріңіз.
2. Педагогикалық зерттеулердің әдістерінің өзара байланысы» тақырыбында сурет сызыңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.
3. Келесі зерттеулердің теориялық негіздерінің тақырыпқа сәйкестігін анықтаңыз:
«Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері» (Б.А. Досжанов);
«Мектептегі оқу эксперименті арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру» (Н.А. Сәндібаева) .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет