Тақырып 7. Аймақтық инвестициялық саясат және оны жүзеге асыру
-
Инвестициялық саясаттың мазмұны, мақсаты және
түрлері
2. Мемлекеттік инвестицияның құрылымы және көздері
3. Шетелдік инвесторларды тартудың тәсілдері және стратегиясы
1.Инвестициялық саясаттың мазмұны, мақсаты және
түрлері
Инвестициялық саясат — аймақтағы капиталдық ресурстарды қайтаөндіру жағдайын қамтамасыз ету бойынша қайтаөндіру қызметіндегі агенттерінің іс-әрекетінің жиынтығы.
Инвестициялық саясаттың мазмұны өндірістік және өндірістік емес саладағы негізгі қорларды және оларды кеңейту және модернизациялауды қамтамасыз ету болып табылады.
Басқару нысаны бойынша инвестициялық саясатты екі түрге бөлуге болады: либералдық және орталықтандырылған.
Инвестицияның инновациялық сипаты. Қазіргі уақыттағы ең маңызды талап — аймақтың экономикалық дамуының инновациялық сипаты.
Аймақтың экономикасындағы инновациялық белсенділікті қажетті деңгеймен қамтамасыз ету — оның дамуындағы сәттіліктің экономикалық маңызды мәселелері.
2.Мемлекеттік инвестицияның құрылымы және
көздері
Аймақтық инвестициялардың негізгі көздері:
Мемлекеттік инвестициялар (республикалық және аймақтық деңгей), жеке ішкі инвестициялар, жеке шетелдік инвестициялар, шетелдік мемлекеттік және мемлекет аралық инвестициялар.
Аймақтың мемлекеттік инвестицияларын жатады:
• мемлекеттік бюджеттік даму қаржылары (республикалық және аймақтық);
• мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар инвестициялары, министерствалар және ведомсвалар, бюджеттік емес қорлар, жоспардан тыс жүзеге асырылатын инвестициялық бағдарламалар;
• инвестициялық несиелер және салықтық жеңілдіктер, экономикалық субъектілерге және кәсіпорындарға берілетін мемлекеттік қаржылық құрылымдар несиелері.
Аймақтық бюджет аймақтық қайтаөндірістік қатынастар саласындағы мемлекеттік қатысулардың маңызды институты болып табылады.
Аймақтық дамудың бюджетін құру принциптері:
1) аймақтың экономикасына инвестициялаудың өндірістік және әлеуметтік бағыттар арасындағы құрылымдық қатынастарды анықтау;
2) көптеген болашақтағы жобалардың стратегиясын жүзеге асыру үшін мемлекеттік инвестициялық ресурстардың концентрациясы;
3) аймақтар бойынша мемлекеттік капитал салымдарын тарату коэффициенттерін негіздеу;
4) экономикалық-математикалық моделдеу әдістерін және құралдарын кеңінен қолдану,
-
Шетелдік инвестицияларды тарту тәсілдері және стратегиясы.
Шетел инвестицияларын тарту арналары мен нысандары бар.
Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
- Экспорттық несиелер: инвестиуциялық және тауарлық
- дамуға ресми көмек: қаржылық және техникалық
- инвестициялар: тікелей және портфельдік
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен бірінші кезектегі тәртіпте инвестициялар тартылатын экономиканың маңызды секторлары анықталған:
- өндірістік инфрақұрылым;
- өңдеуші өнеркәсіп;
- Астана қаласының объектілері;
- әлауметтік аялар мен туризмнің объектілері, тұрғын үйлер;
- ауыл шаруашылығы.
Шетел инвесторларын тарту мәселелері ерекше тұр. ЮНКТАД – тың (БҰҰ-ның сауда және даму бойынша ұйымы) бағасы бойынша шетел инвестициясының жалпы көлемі 2,6 трлн. долларға жетті, ал салынған сомалар жыл сайын 200 млрд. долларға өседі.
Шетел инвестицияларын тарту аясында аймақтық саясатты қалыптастырудың келесі кезеңі – нақты уақыт кезеңі аралығында аймақ экономикасына шетелдік капитал салымдарының шекті үлесін анықтау.
Негізгі әдебиет: п. 1.7
Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 8. Аймақтағы жұмысбастылықты реттеу
1. Өтпелі экономика жағдайында жұмысбастылық мәселелері
2. Жұмысбастылықты реттеу формалары мен әдістеріне теориялық тұрғы
3. Тұрғындардың жұмысбастылық мәселелерін шешудегі шағын бизнестің ролі
-
Өтпелі экономика жағдайында жұмысбастылық мәселелері
Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық ұйымдастыру, әкімшілік-құқықтық әдістер қолданылады.
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- жұмыс орындары жүйесінің дамуын реттеу;
- жұмыс орындарына сұранысты реттеу;
- мемлекеттің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.
Бұрын айтылғандай, экономиканың кез келген саласының проблемаларын, оның ішінде жұмыспен қамту проблемаларын шешетін бағдарламалық-мақсатты тәсілдемеде бастапқы тармақ ретінде даму мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі іс-шаралар белгіленуі тиіс. Мемлекет халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасауда, онда еңбек ресурстарының сапасын арттыру, жұмыс күшінің бәсекеге жармдылығын көтеру көзделген.
Жұмыспен қамту деңгейін арттыру және тиісінше жұмыссыздықты қысқарту жөніндегі іс-шаралар:
- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
- жеке кәсіпкерлікті ынталандыру және халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын көтермелеу, шағын бизнесті дамыту;
- жетіспейтін мамандықтар мен кәсіптер бойынша қайта даярлау және кәсіби даярлау;
- жұмыспен қамтудың икемді нысандарын пайдалану;
- жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кәсіпорынның өзінде жұмысқа орналастыру;
- тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру, бос орындар жәрмеңкелерін, ашық есіктер күндерін және т.б. өткізу.
2. Жұмысбастылықты реттеу формалары мен әдістеріне теориялық тұрғы
Экономикалық теорияда жұмыссыздық себептері, жұмысбастылық облысындағы мемлекеттік саясаттың бірнеше теориясы бар.
Классикалық теория нарықтық қатынасты экономиканы өзіндік реттеу, толық жұмысбастылықты қамсыздандырушы және мемлекеттің қатысуынсыз болатын саясатты жүргізуші ретінде қарастырады.
Жұмысбастылықтың кейнсиандық теориясы жиынтық сұраныс қоғамдағы өндірістің көлемін басқаратынына негізделеді, демек, жұмыс күшіне деген сұранысқа да негізделеді. Сондықтан, жұмыссыздық сұраныстың жеткіліксіздігінен пайда болады.
Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс Филлипс жұмысында дамыған. (Филипс қисығы).
Жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу механизміне жататындар:
• экономикалық әдістер (несиелеу және салық салу жеңілдіктері, кәсіпкерлікті ынталандырудың бюджеттік саясатыжұмыс орындарын құру және сақтау, кадрларды қайта оқыту);
• ұйымдастырушы әдістер (жұмысқа тұрғызу және жұмысбастылық қызметін құру, ақпараттық жүйелер, кадрларды даярлау және қайта даярлау);
• әкімшілік- заңдық әдістер (еңбек келісім-шарттарын рәсімдеу шарттары, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек өмірін реттеу.).
Аймақтағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің негізгі жолдары: жұмыс орындарына сұранысты реттеу; кадрларды даярлау және қайта даярлауды дамыту.
3. Тұрғындардың жұмысбастылық мәселелерін шешудегі шағын бизнестің ролі
Тұрғындар жұмысбастылығының жоғары деңгейін қамсыздандырудың перспективті бағыты болып шағын бизнесті дамыту табылады.
Шағын кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Қазақстанда шағын кәсіпорындар Одағы құрылды. Бұл орган шағын кәсіпкерлікті қорғау, қолдау қызметін атқарады, олардың қызметін жүйелейді.
Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Қазақстанда шағын кәсіпорындарды қолдау қорын құру;
- жеңілдік жағдаймен несиелеу;
- шағын кәсіпкерлікті қаржыландыратын инвесторларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдану;
- шағын кәсіпорындарды несиелеу және сақтандыру бойынша кепілдіктер беру;
- шағын кәсіпорындар мемлекеттік тұрақты бағалар мен тарифтерді қолданған кезде, олардың орнын толтыру үшін қаржыландыру;
- шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға көмек көрсету.
Негізгі әдебиет: п. 1.7
Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 9. Еркін экономикалық аймақтарды мемлекеттік реттеу
1. Аймақтандырудың мемлекеттік саясатының негізгі түсініктері
2. Ұлттық шаруашылықтағы ЕЭА объективті қажеттілігі, маңызы және ролі
-
Аймақтандырудың мемлекеттік саясатының негізгі түсініктері
Аймақтандырудың мемлекеттік саясаты – бұл берілген елдің аумағындағы ерекше қалыптасуының тиімді қызмет етуге және құруға бағытталған әлеуметтік, экономикалық және құқықтық сипаттағы шаралар кешені.
Аумақтық аймақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдай келе, ЕЭА негізгі міндеттерін көрсетуге болады:
1) Ұлттық экономиканың әскери-саяси, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамудың қуатты фактор ретіндегі қызметі;
2) Берілген елдің халық шаруашылық салалар деңгейімен және алдыңғы қатарлы әлемдік шаруашылықтың арасын байланыстыратын құрылым ретіндегі қызметі;
3) Өзінің дамуының белгілі бір сатысында ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлар және қызметтермен толықтыру факторы ретінде қатысу;
4) Ұлттық экономикаға шетелдік инвестициялардың түсімдердің арнасы ретінде қатыса отырып, кәсіпкерлік пен іскерлік белсенділікті ынталандыру және сонымен бірге жергілікті ресурстарды неғұрлым тиімді қолдануды ынталандыру: қаржылық, еңбектік, материалдық, табиғи;
5) Жаңа экономикалық ойлаудың, әлеуметтік психологияның жаңа жақтарын және басқа жаңалық енгізулерді құруда тексерудің орны болып қатысу.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының болашағы бар, жаңа мақсаттарынқою мен шешудің полигоны ретінде ЕЭЗ атауға болады.
ЕЭЗ – ны осылай түсіну ұлттық экономиканың тиімді дамуын ынталандыру үшін мемлекеттік аймақтандыру саясаты шешетін мақсаттарды анықтайды.
Отандық аймақтандыру саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері ҚР –ның аумағында құрылып жатқан ЕАЗ мыналарды істеуге тиіс дегенге әкеледі:
1) аймақтандырудың өз аймағының өндірістік қүштерін жедел дамудың күшті стимулы және маңызды факторы ретінде қарастырылуы тиіс;
2) өндірістік, еңбекті басқаруды әлемдік деңгейге сәйкес келетін, қазіргі заманғы техника мен технологияны енгізу мен дамытуды ұйымдастырудың дамыған нысаны ретінде болуы керек;
3) өзінің аумағында тұратын және жұмыс істейтіндердің әлеуметтік-мәдени және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсетуін шешетін стандарт болуға тиіс.
-
Ұлттық шаруашылықтағы ЕЭА объективті қажеттілігі, ролі және мәні.
ЕЭА түсінігі көп аспектілі болып келеді. Өйткені оның мағынасын дәріптеуде көптеген әртүрлі критерилер жатыр.
Осы критерилердің көптілігі ЕЭА әлемдік қауымдастығының сыныптамасын құруға ықпал етеді. Осы сыныптаманың критерилер жиыны өте кең, ал оны қолдану әлемнің нақты аймақтарына және аймақтың нақты елдеріне жақындайд.
Әдетте, тарихи, ұлттық, геосаяси, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа факторлар ескеріледі.
ЕЭА пайда болуын және дамуын анықтайтын аймақтар мен факторлар сыныптамасының әртүрлі критерилері - ЕЭА туралы көптеген түсінігінің пайда болуына алып келеді.
Еркін экономикалық аймақтар экономикалық үрдістерге мемлекеттік ықпал ету мастабтарын элективті қысқарту құралы ретінде анықталады.
ЕЭА – ерекшеленген географиялық аймақтарғана емес, сонымен қатар жеңілдіктер мен стимулдардың арнайы жүйесі енгізілген және қолданылатын экономикалық кеңістік.
Негізгі әдебиет: п. 1.7
Қосымша әдебиет: п. 1.7
2.3 Семинар сабақтарының жоспары
Тақырып 1. Аумақтағы қоғамдық өндірісті ұтымды ұйымдастырудың ғылыми негізі.
-
Аумақтағы өндірісті орналастырудағы ғылыми-негізделген тұрғы
-
Қазіргі аймақтық ғылымдарды қалыптастыру
-
Аймақтық мамандандыру негізі және аймақаралық сауда
Тапсырма
1) Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқарудың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.
2) Орналастырудағы үш негізгі бағдарлануды сипаттаңыз.
3) Регионалистика теориясының жаңа объектілері туралы баяндама жасаңыз.
Тапсырманың орындалуына әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты ашу барысында негізгі нақты анықтамаларға көңіл бөліңіз. Берілген материалды зерттеу белгілі бір мысалды келтіре отырып, үрдістер, заңдар негізінде болуы керек және шетелдік тәжірибиені қолдану керек.
Негізгі әдебиет: п. 1.7
Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 2. Аймақ-басқару және талдау объектісі ретінде
-
Елдің қайтаөндірістік үрдісіндегі аймақтық экономиканың алатын орны
-
Елдің аймақаралық байланысын сипаттайтын көрсеткіштер
-
Біріктіруші кешен ретінде аймақтың экономикасын функционалдау сызбасы
-
Аймақтық қайтаөндірістік пропорциялар
Тапсырма
1) Мына ұғымдардың мазмұнын ашыңдар:
- аймақтық қайтаөндірістік үрдістер
- өндірістік инфрақұрылымдар
- пионерлік территория
2) Елдегі аймақтардың қайтаөндірістік циклдарын сызба түрінде көрсетіңіз. Қайтаөндірістік циклдардың әрқайсысы үшін мысал келтіріңіз.
Тапсырманың орындалуына әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты ашу барысында негізгі нақты анықтамаларға көңіл бөліңіз. Берілген материалды зерттеу белгілі бір мысалды келтіре отырып, үрдістер, заңдар негізінде болуы керек және шетелдік тәжірибиені қолдану керек.
Негізгі әдебиет: п. 1.7
Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 3. Аймақтық талдау әдістері
-
Аймақтық талдаудың статистикалық базасы
-
Аймақтардың типологизациясының мәселелері
-
Өндірісті орналастырудың құрылымдық-логикалық және баланстық әдістері
-
Аймақтық шаруашылық кешенінің экономикалық тиімділік бағамына тұрғылар
Тапсырма
-
Аймақтық дамудың стратегиясы және тактикасы негізінде құрылатын қандай да бір аймаққа немесе облысқа талдау жасаңыз.
-
Мониторинг түрлерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз, олардың мақсаттары мен міндеттері
Тапсырманың орындалуына әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты ашу барысында негізгі нақты анықтамаларға көңіл бөліңіз. Берілген материалды зерттеу белгілі бір мысалды келтіре отырып, үрдістер, заңдар негізінде болуы керек және шетелдік тәжірибиені қолдану керек.
Негізгі әдебиет: п. 1.7
Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 4. Мемлекеттің аймақтық саясаты
1. Аймақтық экономикалық саясаттың мақсаттары мен
міндеттері
2. Аймақтық басқару субъектілері және оның қызығушылықтары
3. Депрессивті аймақтарды қолдау жолдары
-
Экономикалық дамуды басқару облысындағы мемлекеттік органдардың міндеттері
-
Аймақтардың экономикасын басқару органдарының құрылымы және қызметтері, міндеттері
-
Экономиканы басқару саласындағы мемлекеттік аппараттардың жұмыстарын жетілдіру бағыттары.
Тапсырма
-
Аймақтық саясаттың мақсаттары және оның басты мақсаты
-
Экономикалық саясаттың субъектілерін қандай топқа бөлуге болады.
Тапсырманың орындалуына әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты ашу барысында негізгі нақты анықтамаларға көңіл бөліңіз. Берілген материалды зерттеу белгілі бір мысалды келтіре отырып, үрдістер, заңдар негізінде болуы керек және шетелдік тәжірибиені қолдану керек.
Негізгі әдебиет: п. 1.7
Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 5. Аймақтық басқаруды реттеу құралдарының
жүйесі
-
Елдің өндірістік күшін орнату және дамытудың басты сызбасы
-
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жобасы
-
Елдің дамуының стратегиялық жоспары
4. Елдің дамуының индикативті жоспары
5. Әлеуметтік-эхкономикалық реттеудің құралдарының жүйесін өңдеудің принциптері және процедурасы
Тапсырма
1) У. Ростоудың экономикалық өсу теориясына сипаттама беріңіз.
2) Елдің әлеуметтік –экономикалық дамуының стратегиялық жоспарының негізгі сипаттарын атаңыз.
Тапсырманың орындалуына әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты ашу барысында негізгі нақты анықтамаларға көңіл бөліңіз. Берілген материалды зерттеу белгілі бір мысалды келтіре отырып, үрдістер, заңдар негізінде болуы керек және шетелдік тәжірибиені қолдану керек.
Негізгі әдебиет: п. 1.7
Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 6. ҚР Бюджеттік салық жүйесі
-
Аймақтың бюджеттік жүйесінің қызметтері
-
Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың әдістері
-
Елдің дамуындағы бюджеттің рөлі және орны
-
Бюджет тапшылығының мәселелерін шешу жолдары
-
Бюджеттік жеткіліктік және қаржылық қамтамасыз етуді басқару
Тапсырма
1) Елдің экономикасының бюджетін құраудың негізгі мақсаттары.
2) ҚР. Бюджеттік жүйесін қалыптастыруды талдаңдар
Тапсырманың орындалуына әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты ашу барысында негізгі нақты анықтамаларға көңіл бөліңіз. Берілген материалды зерттеу белгілі бір мысалды келтіре отырып, үрдістер, заңдар негізінде болуы керек және шетелдік тәжірибиені қолдану керек.
Негізгі әдебиет: п. 1.7
Қосымша әдебиет: п. 1.7
Достарыңызбен бөлісу: |