Ғылыми-техникалық және әлеуметтік жетістік әр уақытта пайдаланатын энергияның өсуімен және жаңа тиімдірек энергия қорларын қосу менен анықталынады



бет8/15
Дата15.02.2024
өлшемі1.07 Mb.
#491839
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Дип.-Құбырлар-орнату-мұнай-мен-газды-экспорттау

1.8 Еңбекті қорғау

Мұнай мен газды өңдеудегі қауіптілік көздері. Мұнай, жанғыш газдар және мұнай өнімдері қауіпті және зиянды қасиетті заттар. Өндірістерде мұнай мен газды өңдегенде технологиялық режимді бұзу, қауіпсіздік ережесін сақтамаудан авария және қатерлі жағдайлар болады, жұмысшылардың кәсіби ауыруы орын алады. Авария және қатерлі жағдайлар мынадай себептерден болады.



  1. Мұнай мен мұнай өнімдерін жанғыш заттар және одан бөлек белгілі бір температурада өзінен-өзі тұтанып кетеді. Алғашқы өңдеуде және кейбір басқа процестерде шикі зат пен өнімдер өзінен-өзі тұтану температурасына жақын, тіптен одан жоғары температураға дейін қыздырылады. Одан бөлек қондырғыларда-құбырлы пештерде ашық отын көздері бар.

  2. Мұнай мен газды өңдеу процестерінің технологиялық процестерінде көп өнімдер қатысады, олардың булары ауамен қопарылғыш қоспа түзе алады.Мұндай қоспалар жабық бөлмеде, аппраттар ішінде түзіледі. Тұтануға себепші импульс болса, қоспа жарылады. Тұтану импульс көзі болып бұзық электр жабдығының ұшқыны, ашық от және т.б. саналады. Жарылыс пен жану көздері екі деэлектриктің бір-бірімен үйкелуіне немесе деэлектриктің металмен (мұнайды құбырмен және резинка түтігімен айдағанда, мұнай өнімдерін бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда, құрғақ майда өнімді транспортермен тасымалдағанда және т.б.) үйкелуінен пайда болған статикалық электр тогынан да болады. Сонымен қабат тұтану көзі, ауа электр тогының разрядталуы – найзағай бола алады.

  3. Мұнай мен газды өңдеуде технологиялық процестер көбінесе жоғары қысымда жүргізіледі және сондықтан есепті қысымнан кенеттен асып кеткен жағдайда аппараттар мен құбыр желісі жарылып кету қаупі сақталады.

  4. Мұнай, мұнай өнімдері және көптеген реагенттер зиянды заттар қатарына, улы қасиеті барларға жатады.

  5. МӨЗ электрдегидраторлар, электрқозғалтқыштары, жарық беруші приборлар және басқа электр жабдықтары бар. Электр тоғымен дұрыс пайдаланбағанда адамды электр тоғының соғуы, одан дененің тоқпен жарақаттануы, күюі болуы мүмкін.

Қауіпсіздікпен күресудің негізгі шаралары. Аварияны және қатерлі жағдайларды болдырмау үшін қауіпсіздіктің нормалары мен техника ережелерін бұлжытпай орындау қажет. Жұмысқа түсуші қауіпсіздік техникасынан, өрт және газ қауіпсіздігінен міндетті түрде инструктаж өтеді.
Зауыттарда қауіпсіздік техникасынан және еңбекті қорғаудың мынадай негізгі шаралары қолданылады.

  1. Барлық жабық бөлмелерде ауаны өндіріп-шығарып тұратын вентиляция орнатылады. Егер бөлмеде қопарылыс мүмкіндігі немесе

улы заттың концентрациясы шектен тыс көп болғанда, онда мұнай жерлерге, осындай қауіпті жағдайды сигнал беріп білдіретін, арнайы приборлар қойылады.



  1. Қопарылу жағынан қауіпті бөлмелерге қопарылуға қауіпсіз электр қозғалтқыштарын қояды немесе бөлме қысымы жоғары болғанда ауасы ауыстырылып тұрады.

  2. Жөндеу кезінде қатерлі жағдайды болдырмау үшін тұрақты және ауыспалы механизмдер орнатылады: сораптарды жөндеуге кран-балкалар, колонна аппараттарына кран-укосиндер, жылу алмастырғыштардың құбыр шоғырын шығаруға экстракторлар.

  3. Технологиялық қондырғылар және жалпы зауыт шаруашылықтарына тұрақты және ауыспалы өрт сөндіру құралдары орналастырылады.

Өндірісті механикаландыру – бұл энергияның түрлі әдістерін пайдалана отырып, қол еңбегін машинаға және механикаға ауыстыру болып табылады. ЭЛТС-АҚ қондырғысында мұндай өңдеу саласының басқа да қондырғылары секілді механикаландырумен автоматтандыру деңгейі жоғары. Технологияның барлық сатылары механикаландырылған, ал өндірісте басқару оператор пуймен орындалады.Шикі затты және өнімді тасымалдау сатылары құбыр өткізгіштер арқылы орындалады. Шикізатты аппараттарға жүктеу автоматтандырылып, жоғары деңгейде механикаландырылған. Қондырғыны іске қосу және тоқтату бу сараптары көмегімен іске асырылады. Бұл сәтті ғана қол еңбегінен жатқызуға болады. Оператор осылайша өз ауысымында негізінен құралдарды қадағалап отырады.
Мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсібінің ғимараттары мен құрылғыларын олардың көлемдік жоспарлау жөніндегі жұмыстарының сипаты бойынша былай бөлінеді.
а) Бөлек тұрған, бір және көп қабатты
ә) Ашық алаңдар және этажеркалар;
б) Рәміздері бар бөлек кабиналар;
в) ҚНжЕ-ІІ – 89 – 90 сәйкес блокталған тұлғалар.
Ғимараттар мен құрылғылардың аппараттардың ара қашықтығы өртке қарсы ПТУС – 02 – 62 мөлшеріне сәйкес келеді.
ЕЛТС-АҚ қондырғысында жұмыс істеушілерді қауіпті кернеуден сақтау үшін барлық өндірістік бөлмелерде және сыртқы қондырғыларда токты өткізу қарастырылған.
Этажеркалар мен алаңшалардан түсетін баспалдақтар 450 бұрышпен жасалынған. Ені кем дегенде 1 метр, баспалдақтардың ені 0,5-0,6м, баспалдақтар қадамы 0,2м.
Жөндету жүйелері ҚНжЕ 2,04 – 08 – 86 шарттарына сәйкестендірілген.
Өндірістік санитария жөніндегі шешімдер:
а) Бөлмелерді желдету. Ауа тазалығын қалыпты ұстап тұру үшін өндірістік бөлмелерде тарту-шығару, желдету жүйесі қарастырылған ауаны тарту құрылғылары ғимараттардың сыртында, ауа неғұрлыс аз ластанатын жерлерде орналастырылады. Ауаны қажетті кондинсацияға жеткізу үшін сүзгілер – колониметрлер қолданылады.ЕЛТС – АҚ қондырғысында өндірістік бөлмелерін желдету КНжЕ 2.04 – 08 – 86 сәйкес жүргізіледі.
ә) Жылжыту жүйесі. Қондырғының жылжыту жүйесінің өндірістік жұмыс атқару бөлмелерінде болғаны дұрыс жүйеге өндірістен шығатын техникалық су қолданылады. Жүйе өзіне сәйкес мөлшермен ережелермен сәйкестіруі тиіс.
Басты мүмкін деген жарақтардан сақтау үшін жұмыс істеушілер МСТ 12.4.091 – 80 бойынша қорғағыш каскалармен қамтамасыз етіледі. Қондырғыда болған жағдайларда касканы міндетті түрде киіп жүруі қажет. Бұдан бөлек қондырғы сыйымдылықтар, колонналар, құндықтар ішінде жұмыс істеуге арналған маскалардың комплексі бар штангалы газ тұтқыштан және құтқару белгілер мен жарақталған.

  • респираторлар мен қорғағыш көзілдіріктермен МСТ 12. 4013-85;

  • сүзгілі газ түтқыштардың апаты жағдайларға арналған құрылыммен;

  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық қобдиша.

Қондырғыда жұмыс істейтіндердің барлығына жанды заттарды бейтараптандыру мақсатымен сүт өнімдері беріледі.
е) шу және выбрация (діріл) жұмыс орнының шекті шу сипаттамасы МСТ 12.1.003-73 және ҚН ж Е 3223-85 шарттарында қарастырылған.
Шумен выбрациядан қорғау шараларын дайындаған кезде МСТ 12.1.029-80 басшылыққа алады.
Шумен выбрациядан қорғанып, оны төмендетуге:

  • олардың шыққан жеріндегі шу мен выбрацияны азайту арқылы;

  • шу мен выбрацияның шығатын жерін дыбыс пен выбрация қорғау құрылғыларымен оқшаулау арқылы;

  • архитектуралық жобалық шешіммен, бөлмелерді акустикалық өңдеу арқылы қол жеткізіледі.

Кесте 5


Шикізат, жартылай өнім, дайын өнімдер, өндірістің қалдықтары

Қауіп
тілік класта
ры МЕСТ 12.1.007.76

Температура 0С

Тұтану температурасы

Уландырғыш мінездеме (Адам организме әсері)

Өндіріс үйлеріндегі ауадағы, жұмыс аймақтарындағы зиянды заттардың шектен тыс концентрациясы 12.1.005-88 МЕСТ

Тікелей айдау
бензин

4

-8


-39

-

255÷
370



0,76


5,16


Көмірсутектің жоғарғы концентрациясы өлімге апарып соғады

100

Фракция 120-2300С

4

28


62÷
65



220÷
230



1,5

8,0

Созылмалы уландырулар тудырады

300

Дизельді отын

4

40


65

62÷ 1 19


300÷ 3 10



2

3

Жүйке жүйенің функционалды әсері

300

Көмірсутекті газ

4




-

-

1,3

16

Жүйке жүйеге, жүрек басты айналдырады

300

Мұнай

4

О төмен


-

500
жоға
ры

-

-

Айнытады өкпе ауру, теріге әсер қатты




Мазут

4

65
12

-

350

1,4

8,0




300

Коррозияның ингибаторы. Додиген 481 0,5÷2% тікелей айдау бензині

3

-

-

-

1

7

Аминдер құрамдас, өліп әкеліп соғады. Көзді және қолды күйдіреді

100

Сілтілі еріткіш

2

- -

-

-

-

-

Терінің қабатын күйдіреді




Деэмульгатор

-

- -

-

-

-

-

Адамға уландырғыш әсерін тигізбейді




Кесте жалғасы





Инертті газ

-

-

-

-

-

-

Жоғары концентрацияда ауа жетіспеу, тұншығу әсерін туғызады




Додикор 1830

2

-

-




1,0

9,5

Ауа арқылы теріге кіріп көз, ауа жетіспеу, әлсіздік бас айналу пайда болады

1

Депрессорлы қосындылар Додифлау

-

61

64

-

0,5

5

Наркотик, ішкі құрылысқа әсері күшті өлімге апарады

10

Мұнайды ерітетін деэмульгатор Dissolvan V3359

-

28

430

-

1,5

10,7

Парда демалудан аулақ жүру керек. Егер теріге өнім түссе онда сумен шайып жіберуге болады.

10

Мұнай ерітетін деэмульгатор Рауан - 2000

-

17

200
жоға
ры

-

1,2

6,3

Егер ЖКТ шайып жіберу немесе ішіп қойса онда дәрігерге тез арада бару керек.

50





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет