Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі. - Мәтін компьютерде терілу керек.
- Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.
- әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;
- абзац болу керек;
- жол арақашықтығы- бірқатарлы;
- кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
- тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады; ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.
- Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
- Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
- Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
- Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
Аннотацияның (абстрактының) жазылуы. - Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:
- зерттеу мақсаты, тапсырмалары;
- зерттеу объектісі, заты
- гипотезасы
- зерттеу кезеңдері , процедурасы;
- эксперимент әдісі;
- зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
- жұмыс нәтижелері және қорытынды;
- нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |