Филология факультеті 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет13/25
Дата15.06.2016
өлшемі1.63 Mb.
#137822
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. А.,Білім. 2004.310-350бб.

2. Мельник Г.С.Общение в журналистике секреты мастерства М., Питер,2005

3. Практическая журналистика в Казахстане А., 2006

4. Черникова Е.В.Основы творческой деятельности журналиста М., 2005.

5. Ворошилов В. Журналистика Санкт-Петербург, 2000. С.57-64.

6. Момынова Б. Газет лексикасы жүйесі мен құрылымы. А., Арыс. 1999.

7. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәелелері. Қарағанды, 1999

8. Бейсенбаев Ж. Неке және отбасы басылымдарының ерекшеліткері.// ҚазҰУ Хабаршысы. 2001. 23-30бб.

9. Константинов А. Журналисткое расследоавание история метода и современная практика М., 2003.С. 22-101

10. Аллаберген. Қ., Нұсқабайұлы Ж.., Оразай Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. А.,Рауан. 1996. 231-235бб.

11. Мукашева М. Қазақстандағы ғылыми-көпшілік журналистиканың қазіргі жағдайы // ҚазҰУ Хабаршысы 2002. №14. 125-129бб.

12. Садықұлы С. Ұлттық рух жаршысы А., Алаш.2005.

13. Рэндалл Д. Универсальный журналист А.,1996.

14. ҚР БАҚ туралы А., 2000.

Сабақтың беру әдістері: салыстырмалы, тарихи-салыстырмалы зерттеу, талдау әдісі, обьективті –аналитикалық, жүйелі-кешенді. көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ юниттің атауы: Әдебиеттануға кіріспе

Пәннің коды: AK-2204

Пәннің типі: Базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші: Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы

Курстың мақсаты: Алғашқы курстарда әдебиеттануға кіріспе пәні бойынша өтілген тақырыптардың барлығын кең түрде қамту. Сонымен қатар, әдебиет теориясын эстетика мәселелері аясында қарастыру. Әдебиеттануға кіріспеде алынған білімдерін әдебиет теория дәрісінде тереңдете отырып, жаңа, соны мәселелер көтеру, талдау, жаңа ғылыми аспектілерге бару, тың ой, тұжырымдар ұсыну, дәріс мазмұнын ұтымды мысалдар, дәйекті тұғырнамалармен толықтыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Әдебиет теориясы, ондағы қарастырылатын мәселелер жайлы мағлұмат беру, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары.

Историяграфия, библиография, пәндерінің мән сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктері жайлы түсінік беру.

Әдебиет теориясының эстетикамен байланысын сараптауға үйрету. Студенттерді көркем шығарманы талдаудың ұстанымдары мен әдістерімен таныстыру; Көркем шығарманы өз бетімен ғылыми негізде талдауға баулу, әдеби дамудың қыр-сырын айқындату. Суреткер шеберлігі мен стиліне назар аударту. Теориялық түсініктерді өз мәнінде меңгерту. Теория мен нақты практиканы ұштастыруға бейімдеу. Көркем шығармашылықтың психологиясына талдау жасауға дағдыландыру. Көркем әдебиеттің тууы мен қалыптасу тарихынан мәлімет беру. Студенттерді көркем шығарманың қоғамдық мәні мен эстетикалық маңызын түсінуге үйрету.

Курстың/ пәннің мазмұны: «Әдебиеттануға кіріспе» пәні 1-курстың 2-семестрінде 30 сағат – лекция, 15 сағат – семинар, 22 сағат – СОӨЖ, 68 сағат СӨЖ түрінде жүргізіледі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, Мектеп, 1973.

2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы, 1989.

3. Әдебиет терминдерінің сөздігі. Алматы. 1996. 1998.

4. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, Санат, 2002.

5. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003.

6. Әуезов М.Әдебиет тарихы. Алматы, Ана тілі, 1991.

7. Кәкішев Т. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар. Кітапта, Әдебиеттану, Сөз өнерінің сырлары. Алматы, Мектеп, 2003.

8. Кәрібозұлы Б. Сырлы сөз сипаты, Алматы, Қазақ университеті, 1997.

9. Мәшһүр-Жүсіпов Қ. Өлең – сөздің патшасы. Алматы, 1991.

10. Негімов С. Өлең өрімі. Алматы, Ғылым, 1970.

11. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Алматы, 2001.

12. Пірәлиева Г. Ішкі монолог. Алматы, Ер-Дәулет, 1994.

13. Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы. Алматы, Білім, 1994.

14. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романының көркемдік тіні. Алматы, Ер-Дәулет, 1998.

15. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. Алматы, Ғылым, 1975.

16. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. Әдеби сын мақалалар. Алматы, Жазушы. 1985.

17. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 2001.



Сабақ беру әдістері: салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи, зерттеу, ішінара зерттеу,талдау әдісі, обьективті – аналитикалық, жүйелі – кешенді, көрнекілік, проблемелық оқытудың әдіс – тәсілдері т. б.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазіргі қазақ тілі

Пәннің коды: КKT-2205

Пәннің типі: Базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші оқытушы: С.Бахтиярова, филология ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: Қазіргі қазақ тілі пәні бойынша студенттердің орта мектепте алған білімдерін теориялық тұрғыдан лингвистикалық негізде тереңдете оқыту, сондай-ақ сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарын қалыптастыру.

  • Қазақ тіл білімінің салалары (фонетика, лексикология, грамматика) туралы жалпы түсінік беру, олардың қазақ тіл біліміндегі орнын, қатысын, байланысын түсіндіру;

  • қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық базасы (жасалым қоры) туралы түсінік беру;

  • дыбыс-фонема-әріп үштігінің өзара қатысын көрсету;

  • дауысты және дауыссыз дыбыстардың фонетикалық және емлелік ерекшеліктерін түсіндіру;

  • орфография және орфоэпия, олардың негізгі принциптері туралы түсінік беру;

  • лексикология мен фразеологияның тіл біліміндегі орнын, олардың өзара қатысын, басқа салалармен байланысын түсіндіру;

  • әдеби тіл мен жалпыхалықтық тіл құрамындағы басқа лексикалық топтар туралы түсінік беру;

  • қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналарын зерделеу;

  • фразеология және оның өзіндік белгілерін, түрлерін, шығу арналарын зерделеу, талдау жасауға үйрету;

  • қазақ тіліндегі сөздердің морфологиялық құрамын, түбір мен қосымшалардың қолданылу ерекшеліктерін, грамматикалық мағына және форма туралы түсінік беру;

  • сөз тіркесі және сөйлем синтаксисін меңгерту;

  • сөздіктермен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;

  • сөзге толық фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жасауға үйрету.

Деректемелері /пререквизиттері/: БАҚ тілі мен стилі, Мамандыққа баулу

Курстың /пәннің мазмұны/:

1. Тіл білімінің басты теориялық қағидаларымен, терминологиялық жүйесімен жете танысу;

2. Мәтінді комплексті талдай білуге машықтану;

3. Қорытынды жасап, баға беруге, өз пікірін кәсіби дәлелдей алуға қалыптасу;

4. Келешек ғылыми зерттеу материалдарын сараптауға, талдауға дағдылану;

5. Теория мен практиканы өзара ұштастыруға ұмтылу;



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). А.,1993.

2. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау жүйесі. А., 1998.

3. Қазақ тілінің грамматикасы. А., 2002.

4. Қазіргі қазақ тілі. Жалпы редакциясын басқарған Оразбаева Ф.Ш. – А., 2005.

5. Оралбаева Н., Мадина Ғ., Әбілқаев А. Қазақ тілі. А., «Қазақ университеті», 1993.



  1. Ахметов Ә. Жүнісбекова Қ., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Алматы, 1998ж.

  2. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы А., 1992.

  3. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, Алматы, 1975.

  4. Достанов М. Қазақ тілі сөздерінің фонетика-лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау әдістері. А., 1991.

  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер А., 1956, 1993.

  6. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А., 1977.

  7. Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі А., 1984.

  8. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі Алматы, 1993.

  9. Сыздық Р. Қазақ тілінің анытағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы) Астана, 2000

  10. Шалабаев Б., Қасабек К. Кестелі грамматика А., 1996.

  11. Салқынбай А. Абақан Е. Линвистикалық түсіндірме сөздік А., 1999

  12. Оралбаева Н., Мадина, Төлегенов. Қазақ тілі. А., 1998.

Сабақтың беру әдістері: зерттеу, талдау әдісі, обьективті –аналитикалық, жүйелі-кешенді. көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ атауы: Журналистік шеберлік

Пәннің коды: ZhSh 2303

Пәннің типі: кәсіптендіру, міндетті компонент

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші оқытушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Әшірбекова

Курстың мақсаты: публицистика жанрларына қатысты теориялық мәселелерді негізге ала отырып, нақты тақырыптарға байланысты студенттерге шығармашылық тұрғыдан бағыт-бағдар беру, өз ісінің нағыз шебері болуға баулу.

Деректемелері /пререквизиттері/: Қазақ журналистикасының тарихы, Журналистикаға кіріспе, Публицистикалық шығармашылық негіздері;

Курстың /пәннің мазмұны/: Шығармашылық ізденістер журналист кәсібінің негізі болып табылады.

Шеберлік мәселесінің қоғамның барлық саласын қамтитын журналистикадағы алар орны ерекше. Заман өскен сайын, біліміміз де байып, өзгеріп, өрлеп, жаңарып, жасарып келеміз. Жаңалық жаршысы -журналистика өзгеден оқ бойы озық тұруды, болашақты болжап, қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі кәсіби журналист дегеніміз – қажетті, маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білген, көкейкесті проблемаларды дер кезінде жедел көтеріп, шешілу жолдарын көрсететін, экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге қатысты татымды ой, пікір айта алатын журналист. Мұның бәрі тек журналистік шеберліктің қыр-сырын меңгергенде ғана жүзеге асырылатын шаралар болып табылады. Ақпарат жинаудың түрлі әдіс-тәсілдері болады. Журналистикада небір жарқын үлгілері бар қарапайым әрі тиімді әдіс сұқбаттан бастап, сауалнамалық сұрақ-жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық тест т.б. әдістерді журналист сауатты пайдалана білуі тиіс. Журналистің жазу шеберлігі, теледидардағы өзін-өзі ұстауы, радиодағы сөз саптауы қашанда жоғары талап үрдісінен көріне білуі тиіс. Осы орайда бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарындағы кейбір журналистік өнімдердің сын көтермеуі журналистік шеберлікті толық меңгермегендіктен.

Тақырып таңдаудан бастап, оны оқырманға жеткізгенге дейінгі аралықтағы журналист еңбегі кәсіби шеберліктің үлгісін көрсеткенде ғана ол публицистика деңгейіне көтеріліп, оқырманның жүрегіне жол табады. Көтерер жүгі ауыр тақырыптың дұрыс таңдалуы, мазмұнның ашылуы, материалдың жеткілікті түрде өңделуі, тілдік-стильдік тұрғыдан ұтымды баяндалуы журналистік шеберлікпен тікелей байланысты. Сондықтан, болашақ журналист – бүгінгі студент осы мәселелерден жеткілікті хабардар болып, алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруы тиіс. Сондай-ақ журналист еңбегінің нәтижесі адамдармен өзара қарым-қатынас барысында да туындайды. «Журналистік шеберлік сыныбы» пәнінің студенттердің жан-жақты кәсіби журналист болып шығуындағы маңызы зор.

Қазігі кездегі кәсіптік журналистиканың іскерлік мәдениетінде басты құрамдас бөлік қазақстандық ақпаратты тәжірибеде қолдану және оны әлемдік нарыққа шығару аясында тиянақты білімді қалыптастыру болып табылады. Ақпарат мәтінін Батыс-Шығыс өңірлерінің ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастыру, саясатты, экономиканы, құқықты, мәдениетті терең түсінетін, оқу барысында алған теориялық білімін тәжірибеде шебер қолдана білетін кәсіптік халықаралық-журналист мамандығын дайындауға және дамытуға негіз болады.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. А.,Білім. 2004.310-350бб.

  2. Мельник Г.С. Общение в журналистике секреты мастерства М., Питер,2005

  3. Практическая журналистика в Казахстане А., 2006

  4. Черникова Е.В. Основы творческой деятельности журналиста М., 2005.

  5. Ворошилов В. Журналистика Санкт-Петербург, 2000. С.57-64.

  6. Б.Момынова Газет лексикасы жүйесі мен құрылымы. А., Арыс. 1999.

  7. Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы, 1974

  8. Амандосов Т. Журналист және өмір. – Алматы, 1967

  9. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. – Москва, 1991

  10. Кройчик Л. Система журналистских жанров // Основы творческой деятельности журналиста / Под ред. С. Корконосенко. – СПб., 2000.

  11. Тертычный А. Аналитическая журналистика. – М.,1998.

  12. Тертычный А. Жанры периодической печати. – М., 2008.

  13. Кузин В. Психологическая культура журналиста. – Москва, 1997

  14. Лазутина Г.В. Профессиональная этика журналиста. – Москва, 1999

  15. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения // В книге Мастерство журналиста. – М., 1997

  16. Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. – Қарағанды, 2001

Сабақтың беру әдістері: салыстырмалы, тарихи-салыстырмалы зерттеу, талдау әдісі, обьективті –аналитикалық, жүйелі-кешенді. көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ атауы: Газет-журнал шығару, телерадио хабарлар даярлау

Пәннің коды: GzhSh TR 2305

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәні, міндетті компонент

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші оқытушы: ф.ғ.к., аға оқытушы З.Ермағанбетова

Курстың мақсаты: Студенттер санасында журналистика мен публицистиканың арақатынасын, журналист әдебін, ақпарат алу әдістерін, журналист шығармашылығындағы тақырып, мазмұн мен пішін мәселесі, мәтінді редакциялау түрлері жайында мағлұмат қалыптастырып, оны газет-журнал шығару, телехабарлар даярлау ісінде жүзеге асыра білуге үйрету. Сондай-ақ, мерзімді баспасөзде дербес компьютерді пайдаланудың әдістері мен өндірісте қолдану үдерісін, газет шығару технологиясын, радио және телевизиялық хабарлардың жасалу технологияларын компьютерлік бағдарламалар арқылы жүзеге асыруды меңгерту

Деректемелері /пререквизиттері/: Журналистік шеберлік, Публицистің шығармашылық негіздері, Радиожурналистика, Тележурналистика

Курстың /пәннің мазмұны/: Журналистика және публицистика. Журналистің шығармашылығына қажетті қасиеттері. Журналистік жауапкершілік мәселелері. Журналистің моралдық этикалық ерекшеліктері. Журналистің кәсіптік этика Кодексінің негізгі мақсаты. Ақпарат алу, сұрыптау және пайдалану әдістері. Базалық дәстүрлі ақпараттың маңызы. Академиялық ақпарат негізі. Интернет материалдарын ұтымды қолдана білу жолдары Ақпараттық сұқбат жанры. Сұқбат жанрының ерекшеліктері. Сауал қою және дұрыс жауап ала білуге машықтану. Журналистің кейіпкермен қарым-қатынасы Журналист шығармашылығындағы тақырып. Тақырып, бас тақырып, тақырыпша айдар ұғымдары. Тақырып қоюға қойылатын талаптар. Проблема көтеру және оны шешудің жолдары Публицистикадағы көркемдік құралдар. Шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымы. Автор шығармасына қолданылатын троптың түрлері. Мазмұн мен пішін үйлесімі. Тікелей эфир табиғаты. Сөз мәдениеті және оның радиға тән қасиеті. Радиохабарларды дұрыс ұйымдастыра білу. Тікелей эфирде хабар жүргізудің ерекшеліктері. Радиохабарларын тілдік бейнелеу және акустика. Сөйлеу тілі мен ралио тілінің ерекшеліктері. Радиохабарларындағы фраезологиялық тіркестердің көркемдік мәні.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қабылғазина К. Телевидение: ақша әлде билік пе? А, 2010

2. Омашев Н. Қазақ журналистикасы. І, 2, 3 том. А, 2010

3. Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. А, 2007

4. Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. А, 1995

5. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарлар технологиясы. А, 1998



6. Ыдырысов Ә. Газетті безендіру сыры. А, 1989

Сабақтың беру әдістері: тарихи-салыстырмалы зерттеу, талдау, жүйелеу, сыни тұрғыдан оқыту

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ атауы: Журналистика маркетингі мен менеджменті

Пәннің коды: ZhMM3205

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 3

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші оқытушы: магистр-аға оқытушы А.Әбдіразақова

Курстың мақсаты: Бұл курс журналистика мамандығы бойынша білім алатын студенттерге осы мамандықтың қыр-сырын игеріп шығу үшін, кең ауқымды білім беруге арналған. Журналистиканың қоғамдық өмірдегі алатын орны мен атқаратын қызметі хақында, нарықтық қатынас нық орын алған қазіргі уақытта өмірдің барлық саласына дендеп енген маркетинг, менеджмент, сапа көрсеткіші деген терминдер жұртшылыққа таныс кездегі басқарудың тиімді жолдарын жан-жақты үйрету.

Деректемелері /пререквизиттері/: «Журналистикаға кіріспе және бұқаралық ақпарат жүйесі», «Журналист этикасы», «Журналистің сөйлеу мәдениеті», «Этика, заңнама және бұқаралық ақпарат құралдары»

Курстың /пәннің мазмұны/: Менеджмент – нарықтық экономикадағы басқару. Менеджмент – ғылыми бағыттағы басқарудың ғылыми концепциясы. Менеджменттің міндеті – еркін кәсіпкерлік, нарықтық экономика, басқарудың кәсібилігі. Бәсекеге қабілетті ақпарат нарығында менеджмент негіздерінің көмегімен қалай өмір сүру, тіршілік етуге бейімдеу және шығармашылық деңгейде ойлауды дамыту, басқарудың маңызын түсіндіру. Сонымен бірге:

  • менеджмент негіздері туралы түсігік қалыптастыру;

  • -менеджменттің бағыты мен оның пайдалы әрі маңызды жетістіктерін теогрия мен практиканы ұштастыра отырып жеткізу;

  • журналистикадағы шығармашылық бірігуді қалыптастыру;

  • -БАҚ-тағы менеджменттің әртүрлі формаларын, әдістерін, бағыттарын, басқару нышандарын және қызметін түсіндіру;

  • -БАҚ-тағы менеджменттің тенденцияларын түсіндіре отырып, оның болашаққа дайындығын бағдарлау;

  • -маркетинг туралы түсінік қалыптастыру және газет ісін ұйымдастыруғадағы оның қажеттігі мен тиімділігін жан-жақты мысалдар арқылы дәлеледеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Веснин В.Р Основы менеджмента. М, 1996.

  2. Гуревич С Газета и рынок М, 1998

  3. История менеджмента М. 1997

  4. Ахметова Л.С Журналистика и менеджмен А,2000

  5. Коротков Э.М Концепция менеджмента М,1998

  6. Нарибаев к., Джумабаев С. Менеджмент М, 2000

  7. ҚР Конституциясы.А,1995,2007ж

  8. Адам құықтарының жалпыға ортақ Декларациясы.Заң 13 қазан,1994ж

  9. БАҚ туралы заң.А,1999ж

  10. Ворошилов В.Право и этика СМИ.М,1999

  11. Прохоров Е.Журналистика.Государство.Общество.М,1996ж

Сабақтың беру әдістері: Сабақ барысында дәстүрліден бөлек, оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдері пайдаланылады. Студенттің ойлау, өз пікірін еркін жеткізе алу мен бірге, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында әртүрлі еркін тақырыптарда презентация жасауға, интервью алуға, эссе , пресс-релиз, мақала жаза алуға баулу, тестілік бақылау алу арқылы алған теориялық білімдерінің деңгейін бағалау үшін шағын топтарда жұмыс жасалып, рөльдік ойындар бойынша тапсырмалар беріледі. Облыстық мерзімді басылымдарда мақала жариялауға, электронды ақпарат құралдарының жұмысына қатысуға бағыт-бағдар беріледі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ атауы: Этика, заңнама және БАҚ

Пәннің коды: EZBAK

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 3

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші оқытушы: магистр-аға оқытушы А.Әбдіразақова

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының заңдары мен БАҚ деп аталатын жалпы курс болашақ журналистердің білім,білігін, оның ішінде мемлекеттік заңдылықты және оның іс-жүзіне асырылуын меңгертуді көздейді.Мұнда кәсіби этика мәселелері де қоса үйретіліп, оның нақты өмірмен байланысы айтылады. Бұл курс журналистика мамандығы бойынша білім алатын студенттерге осы мамандықтың қыр-сырын игеріп шығу үшін, кең ауқымды білім беруге арналған. Журналистиканың қоғамдық өмірдегі алатын орны мен атқаратын қызметі хақында, жаңа сипаттағы тәуелсіз мемлекет құру кезеңінде бұқаралық ақпрат құралдарына сүйенетін демократиялық принциптерді мен міндеттері жайында , сөз бостандығының жүзеге асырылу шарттары турасында,ҚР Конституциясы,БАҚ туралы заңдары,авторлық сабақтас құқық жөніндегі заңдары жан-жақты теориялық тұрғыдан оқытылады.

Деректемелері /пререквизиттері/:«Журналистикаға кіріспе және бұқаралық ақпарат құралдары», «Журналист этикасы», «Журналистің сөйлеу мәдениеті»

Курстың /пәннің мазмұны/: Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарға сай болады:

-Журналистиканың табиғаты мен өзіне сай ерекшеліктері, құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары жайында толыққанды мағлұмат алады;

-Қазіргі елімізде қолданылып жүрген заңдармен бірге басқа мемлекеттің тәжірибесіне назар аударылады;

-Журналистика, оқиға,заң айымашықтарын ажырата білуге үйренеді;

-Әр басылымның өзіндік ерекшеліктерін сараптай отырып, заң тақырыбына жазылған материалдарға талдау жасай алуды үйренеді;

-ҚР Б.А.Қ туралы заңымен,әсіресе журналистің құқықтар мен міндеттерін қорғайтын заңмен танысады;

-Авторлық сабақтас құқық туралы мәлімет алады;

-Ақпарат түрлері мен алу әдістерін үйренеді;

-Халықаралық құықтар мен Журналистер ұйымдарымен танысады;

-Журналистиканың қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында атқаратын қызмет ету заңдалақтарын біледі;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет