Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және этникалық психология кафедрасы



бет15/23
Дата26.04.2024
өлшемі96.18 Kb.
#499944
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
толык умкд карым-катынас Текстовый документ OpenDocument

Сөйлеу темпі – баяу, өте баяу, жылдам және өте жылдам бола алады. Танымал режиссер К.С. Станиславский: «тез айтылған сөздер мағнасыз болады» деген.
Ал Норман Миллер және оның Солтүстік Калифорния Университетіндегі коллегаларының анықтауы бойынша, шындық сезімі адам тез сөйлегенде көбейеді. М: Лос-Анджелес тұрғындары «кофе зияны» темасына сөйлегендердің ішінен, тез сөйлегендерді (минутына 190 сөз) баяу сөйлегендерге (минутына 110 сөз) қарағанда, объективті, интеллигентті және ақылды деп есептеген. Және тез айтылған ақпарат сенімдірек болады.
Ең мағыналы фактор сөйлеу темпі. Егер жарнаманы 25% жылдамдатса, тыңдаушылар оны баяғыша нақты түсініп, сөйлеушіні шынайы және интеллигентті деп есептеп, ақпаратты қызығырақ санады. М: Дж.Ф. Кеннеди - өте эффективті оратор ретінде танымал болды, ол минутына 300 сөзге дейін айта алатын. Тез айтылатын сөйлем, артық жаман ойларды жояды. Бірақ егер тыңдаушы шетел азаматы болса, бұл жағдайда баяу сөйлеу – түсініспеншіліктің негізі.
Сөйлеу тоны – бұл дауыстың түсі. Кейде дауыстың тоны айтылған сөзге қарама –қарсы мағна береді. М: Иә немесе Жоқ сөздерін әртүрлі сезімдермен айту. Сөйлеудегі әртүрлі паузалар, жөтелдер, жылау, күлу де үлкен мағна атқарады. Сондықтан кейбір адамдардың дауыстарын біз есте сақтай алмаймыз, олар қызықсыз.
Дауыс – сезімдер көрсеткіші. Дауыс қатты шығатын, жай шығатын болып бөлінеді. Өте жай немесе өте қатты дауыс өте жағымсыз естіледі. Бірақ дауыстың шығуы ситуацияға байланысты. Кейде қатты дауыс-агрессивтілік белгісі, ал жай дауыс-сенімсіздік, нәзіктік белгісі.
Дауыс қасиеттерін (ырғақ, темп, интонация) және олардың коммуникацияға әсерін зерттейтін ғылым – паралингвистика, сөйлеу қасиеттерін бөліп көрсеткен.

  1. Эмоционалды-эстетикалық ерекшеліктер – адамның сөйлеу объектісіне қатынасын көрсетеді.

  2. Биофизикалық айырмашылықтар – жыныс, жас, темперамент, сөйлеушінің ішкі күйін анықтауға көмектеседі. Эксперттер сөйлеушінің жасын ғана анықтап қоймай, немен ауыратынын да анықтай алады.

  3. Индивидуалды-жеке көрсеткіштер – адамның басқа адамнан айырмашылығын көрсетеді. Осы қасиеттер арқылы біз телефоннан адамды танимыз. Пародистер осы көрсеткіштерге сүйенеді.

  4. Әлеуметтік-кәсіптік көрсеткіштер жүйесі – адамның қоғамдағы орнымен (кәсібімен) байланысты. М: бастық, мұғалім.

  5. Ұлттық-әлеуметтік көрсеткіштер – акцент, қандай да бір елге қатынас және оы тану, бұл баалалық шақта қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет