Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және этникалық психология кафедрасы


дәріс.Тіл немесе вербальды қатынастың ерекшеліктерін зерттеу



бет11/23
Дата26.04.2024
өлшемі96.18 Kb.
#499944
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
толык умкд карым-катынас Текстовый документ OpenDocument

5 дәріс.Тіл немесе вербальды қатынастың ерекшеліктерін зерттеу

Ұжымдағы қарым-қатынас - әлеуметтік, саяси, діни, кәсіби айырмашылықтарға негізделген, бұл қарым-қатынас процесінде пайдаланылатын әр түрлі түсінікке де байланысты. Мысалы: “Аш бала тоқ баламен ойнамайды” мақалы әлеуметтік айырмашылыққа байланысты айтылған. Кейде қарым-қатынас кедергісіне мамандық, жыныс, жасы да әсер етеді.


Қарым-қатынас психологиясындағы тіл мәселесін зерттеу лингвистикағада тән, осы екі ғылымға да ортақ дүние ол- қарым-қатынастың вербальды жағы, сөздің құрылысы және сөйлеушілердің жеке қасиетті /1,153/.
Сіздің ақпаратты жеткізудегі атқаратын жұмысыңызға нақтырақ тоқталайық. Бастапқыда мына сұрақа жауап берейік: біздің айналамызда ішкі дүниемізде біз сөзбен айтып сипаттай алмайтын нәрселер көп пе? Ең болмаса жуықтап, сенімсіздеу, нақты болмаса да? Әрине, аз. Ал, сөз –біздің белгілік жазба қағаз ретінде елестетсек, онда біз, адамдар барлық жерге жазба қағаздарды жапсырып қояр едік. Жазба-қағазды ауыстыруға болады: «қалам» сөзі ертеректе «қаламсап» деп айтылған, бірақ сөздің мағынасы бұрынғыша өзгермей қалады: «бұл жазатын құрал».
А.Б.Добровичтың айтуынша адамның ерекшелігі сонда, заттардан оның қасиеттерін бөліп қарауды үйренгендігінде,өз бетінше бар болуын қарастыруы. Бұның бәрі сөздермен «белгіленеді». «Тас» -бұл жартас, жұмыр тас немесе беті тегістелген плита да тас болып саналады. «Дөңгелек» сөзі де күн, бас, алмаға да айтыла береді.Сонымен адамдар үшін шын өмір « заттанудан» тұрады, ал осы уақытта жануарлар үшін бұл беймәлім. Осындай сөздердің көп мағыналығы мәдениетті дамыған халықтар тілінде кездеседі. Американдық зерттеуші Боас, Эскимос тілінде «қар» деген сөздің жоқ екендігін тапқан. Жер үстін жапқан қарды «апут» деп, ал күртік қарды «кимуксус» жауып жатқан қарды «кана», ал желмен ұшырылған қарды «пиксирпок» дейді екен /2.272/.
Егер адамның әлемі «заттанған» болса, бұл оның шын өмірде қабылдауын түбімен өзгертеді. Көптеген жануарлар бір-бірімен ырылдап, мияулап, үріп байланысып жатады. Дегенмен бұны тіл деп атауға болмайды, бірақ олардың басында осы дыбыс бірдей ойды тудырып, бір жағдайға қатысты түсінігі болуы мүмкін. Дыбыстарды түсіну оларға жас кездерінде үйретеді деп ойлауға болады. Әрине, бірінші кезде олар тек үлкендерге еліктеп, мимикаларын қайталап, дауыс шығарып үйірінде үйренуі мүмкін.
Шартты рефлекстер осы дауыстарды қимылдарды, шындықпен қосады. Бірақ қарапайым үйрену деп қарауға бомайды. Өйткені өмірі үйірде болмаған жануар мен осы жануардың үйірде жүргені екеуінің дауыстауы , мимикасы қимылдары бәрі өте ұқсас болып келеді. Осыған үйрену эвалюцияның жоспарлауы тек, жануарға тән іс-әрекеттер формасын жасауды қамқорлығына алған болуы керек.
Егер әр дыбысқа арнайы тек өзіне тән мәні болса «нан» сөзі әртүрлі тілде әртүрлі дыбысталуы мүмкін. Бастысы осы елдің барлық адамдарын осы дыбыстар жиынтығы «нан» деген түсінік беретініне, келіссе.. міне сонда ғана дыбыстар жиынтығы « сөзге айналып, тілдің құрамына кіреді».
Тіл-адамға берілген баға жетпес сый. «Тілмен айта алмағаныңды , саусағыңмен шұқып, көрсете алмайсыз»-дейді халық.
«Біздің тіліміздің басты мәні, оның ерекше жеңілдігінде, тіл арқылы біз барлығын: «шектелген ойларымызды, ішкі лирикалық сезімімізді, риза болмау айғағы, жалындаған тентектік, дүр сілкіндірер құмарлық»- деп жазды А.И.Герцен. Өмір сүруші халықтардың санынан әлемдегі тілдер аз емес, қайта көп ғалымдардың есептеуінше қазіргі кезде адамдар 3000-ға тарта тілдерде сөйлейді. Миллиондаған адамдар бір тілде сөйлесе, ал бір тілдерде бірнеше ған адам сөйлейді /3.135/.
Халқының саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым осы тілде адамдар біледі.Расында әлемде көпшілік адам қытай тілін қолданады,бұл миллиардтан аса адамдар. Көп тараған мәнерлі, бай тілдердің бірі- орыс тілі, оны 250 млн. жуық адам қолданады. Индия тілдері-хинди және урду тілдерімен 200 млн адам тілдеседі. Сонымен бірге « он үш ұлы тіл» бар-бұлар жер бетіндегі адамдардың 50 пайызы сөйлейтін тілдер. Айтып өткен қытай, ағылшын, хинди, урду, мен орыс тілінен басқа испан-210 млн адам сөйлейтін, неміс-100 млн, жапон-110 млн, француз-95 млн бенгал- 125 млн, индонезия-130 млн, португал- 115 млн, италия-65 млн, араб-127 млн тілдер жатады / 4.34/.
Ал қандай тілді сәнді деп айтуға болады? Әсіресе халқаралық қатынастарда жиі қолданатын тіл болса керек. Егер бұрын француз және испан тілі қолданылса, қазіргі кезде ағылшын тілін қолданады, ол тілде 350 млн. адам сөйлейді.
Біздің әрқайсымыз мектепте ана тілімен қатар қандайда бір шет тілін үйренсек, оның біршама қиын екенін білеміз. Ал бір адам неше тіл жаттап алуы мүмкін. Қанша қаласа сонша тіл үйрене алады.Бақылаулар көрсеткендей адам қаншалықты көп тіл білсе жаңа тілді соншалықта тез, жеңіл үйренеді екен. Бұнда алғашқыда негізгі тілді үйреніп, сосын оларға жақын туыс тілдерді үйренуі керек.
Неміс археологы Генрих Шлиманға бірінші екі шеттілді – француз бен ағылшын тілін үйренуге 2 жыл талап етілсе, соңынан ол жаңа тілді санаулы апталарда немесе күндерде үйреніп алды. Мысалы испан тілін үйренуде Шлиман Венесуэлаға жаңа қызметке кетерінде Гамбург қаласынан кемеге мінер алдында жолдастарына былай деген еді: « Мен Каракастан түскенде, мен испан тілінде сөйлейтін боламын». Расында да ол кеменің жүзу барысында испан тілінде үйреніп алды. Бұған испан тілінде жазылған кітап көмектесті, оны Шлиман басқа тілдерде жатқа білетін еді. Жаңа тілді үйренбес бұрын, ол әруақытта осы кітаптың аудармасын тауып алатын. Ол осы тәсілмен 14 тілді үйренеді.
Шлиманның есте сақтау қабілеті нашар болатын. Бірақ ол өзін ерте дәуір әлемін зерттеуге арнағысы келеді, бұл үшін оған көп тілді білу қажет болды. Шлиман табанды жаттығулар арқасында, күніне прозалық текстің 20 бетін жаттап алуға қол жеткізді. Өте сирек кездесетін есте сақтау қабілетіне қол жеткізген соң тілдерді жеделдетіп үйрене бастады. Мысалы 6 апта ішінде шетелдіктерге өте қиын саналатын орыс тілін үйреніп алады.
Орта ғасырларда бұндай қабілетті бар адамға күмәнмен қарайтын. XVII ғасырда Финляндияда бір студентті соттады. Адам сенбейтін жылдамдықпен шет тілдерін үйреніп алғаны үшін, басқа тылсым дүниенің ықпалының күшінсіз мүмкін емес деді. Жауапқа тартылған студентті өлім жазасына кеседі, «перілердің сиқырына ұшырайды» деп церкавь та айыптауды қолдайды. Бұл басқа тілді үйренудің өте қиындығы туралы ойлардың ерте кезде де болғанын растайды. Дегенмен көп атақты адамдар (оларды полиглот деп атайды) он шақты тілді білетіні бізге белгілі. Кардинал Мецофанти (1774-1849) 100 ге тарта тілдерді білген. Франкфур Майнл қаласының тұрғыны, неміс лингвисті Л.Г.Шютц 270 тілде сөйлеген. А.С. Пушкиннің замандасы дат ғалымы Копенгаген қаласының тұрғыны Р.Х.Раск да қалыспаған. Ол бүкіл әлемде аралап шығып, 230 тілді біліп, 28 сөздіктің авторы болды/5.14/.
Кейде тілдер жұмсақ және қатты түрге бөлінеді: қатты тілдерде әр белгіге бір ғана түсінік қатысты болады. Мысалы математика символдарының тілі жатады.Бір түсінік өзгеріп толықтырылып, нақты маңызды ойлармен толтырылып жатса,басқалары ескеріліп,өзінің маңызын жоғалтып, ауыстыруды талап етеді. Бұл табиғи құбылыс.
Кей кезде тіл адамның шынайы бейнесін жасырады деп есептеледі. Сөйте тұра тіл сөйлеушінің еркінен тыс ойын көрсетіп беруі де ықтимал. Бала кезімізден бастап біз ана тілімізді ғана емес, өз заманымыздың, өз әлеуметтік тобымыздың, өз отбасымыздың барша қоршаған ортамыздың да тілін меңгереміз. Біздің сөздерді қалай пайдаланғанымызға сондай-ақ тілдесудің қандай жағдайда өткеніне байланысты тіл әртүрге бөлінеді.
Ішкі тіл- бұл өзіңе арналған тіл. Сабақ кезінде есепті қалай шығаратыныңызды бақылап көріңізші. Сіздің пікіріңізді ешкім де естемейді ғой. Сіз өз-өзіңізбен есептеудің қай жолын таңдау керектігін, қаншаға көбейту әлде бөлу керектігін кеңесіп, ақыр соңында өзіңізге шыққан санды жолдасыңыздың нәтижесімен салыстыруды, немесе жауапқа қарауды ұсынамыз. Бұл тілдің айрықша белгісі- оның өзгелерге естілмейтіндігі және тек бір адамға- сізге ғана түсінікті болатыны.
Сыртқы тіл – оны тағы да ауызекі тіл, естілетін тілде деп атайды,- бұл енді айналамыздағы жандарға арналған сөздер жиынтығы. Ауызекі тілде сөйлесу ортақ кеңістік пен уақыт жағдайларымен шектеулі. Жағдайлар өзгерген кезде, мысал үшін телефон арқылы сөйлескенде тіл мінездемесі әдетте өзгереді( ол мейлінше қысқарақ, азырақ пысықталған, т.с.с. бола түседі) Тілдік байланыстың мінезі әсіресе теле және радиохабар кезінде асақатты өзгереді, өйткені ол кезде тыңдаушы сұрақ қойып, оған жауап ала алмайды.
Адамда алғаш пайда болған тіл түрлерінің бірі- лепті тіл. Оның негізгі міндеті- барлығына өз жағдайыңызды немесе айналаңыздағы адамдарға деген қатынасыңызды хабарлау. Лептілік тек егер айналадағылар қасыңызда болса және оқиғаны бақылап тұраған да ғана түсінікті болады. Сонымен, сіз біреудің « ой, бұл не қылғаныңыз? Ой!» - деп ойлағанын естісеңіз, бұл адам кенеттен бір жерін ауыртып алды, күтпеген жерден жақын досын кездестіру немесе өте қажетті бір нәрсесін жоғалтып алды және т.б. ( бұдан өзге жағдай болуы да мүмкін, дегенмен) деген сөз.
Диалогтық тіл, оны сондай-ақ сөйлесу тілі деп те атайды, тілдесушілердің өзара сөз қатысу арқылы жасалады Яғни диалог егер сіз әңгімелесушімен ортақ бір мәселелерді талқыласаңыз ғана түсінікті болады. Негізінде тіпті «құттықтаймын, сіз қабылдандыңыз» деген тәрізді қарапайым сөздің өзі сырттан бақылаушы үшін түсініксіз күйінде қалады. Шын мәнінде, әңгіме не туралы? Біреуді институтқа қабылдау жөнінде ме? Аңшылар клубына ма? Бұрын өзін қабылдамаған үйге бара ма?
Қарапайым әңгімелесу тілі ретінде диалогқа әңгімелесушінің сөзін қайталау, толықтыру, меңзеу, сөздердің грамматикалық толық еместігі және т.б. тән. Көбіне көп диалогтық тілдің ерекшеліктері әңгімелесушілердің жақындық деңгейіне және өзара түсінісушіліктеріне байланысты, әңгіме барысында біз белгілі бір ойды жақын досымызға, ата-атанымызға, ұстазымызға әртүрлі етіп жеткіземіз.
Монолог –бір адамның өзге адамға немесе көп адамдарға қаратып айтқан сөзі. Монологпен біз мұғалімнің түсіндіруін, оқушының жауабын, жаңалық оқушы диктордың сөзін естігенде және т.б. кездерде бетпе бет келеміз. Монологтың тіл құрылымы жағынан күрделі: ол жеткілікті түрде ұзаққа созылады, алдын-ала дайындықты қажет етеді. Бұл жерде сөзді рет-ретімен қолдану, қисын мен грамматикалық жауаптылықты қатаң ұстану қажет.
Жазбаша тіл ауызекі тілден әлдеқайда кеш пайда болған. Оның қолданысқа енуіне араларын уақыт пен кеңістік бөлген адамдардың бір-бірімен сөйлесу қажеттілігі әсер еткен. Жазбаша тіл деп жазу белгілерін пайдаланатын тілді түсінеміз. Қазіргі заман тілдерінің басым бөлігінде сөз дыбыстары әріптермен белгіленеді.Жазбаша тілдің арқасында адамдар адамзат жинақталған білімді сақтап, оны жаңа ұрпақтарға жеткізуге мүмкіндік алды.
Сырт қарағанда еш қатысы жоқ болып көрінгенімен жазбаша тілдің өз авторы жайлы көп хабар беруі мүмкін тіпті анық өз еркінен тыс болсын. Бұл ретте біз ғалым- графологтар зерттейтін адам қолтаңбасының жеке ерекшеліктері жайлы айтып отырмыз. Қолтаңбалы алғаш зерттеу XVII ғасырда кездесе басталғанына қарамастан , графиллогияны екенінің бірі мойындай бермейді. Жазылған әріптерде адамның мінезі тіпті тағдыры жасырынып жатқанын дәлелдеуге төрт ғасыр уақыт жұмсалды. Расында да егер көзге анық көрінетін іс-қимыл, шараларына қарап біз адамның ішкі әлемін біле алсақ. Графологияда да бір құпия бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Егер сәулет өнерін қатып қалған музыка деп атаса, қолтаңба бұл қозғалыссыз ишара деуге одан да көп негіз бар емес пе? Қазіргі уақытта графилогия тек психлологтарға ғана емес, дәрігерлер, заңгерлер, әртүрлі білім саласындағы сарапшылар тарихшыларға да қажет боп шықты/6.19/.
Егер сіздің графология құпиясын ашқыңыз келсе, ең дұрысы өзіңізден бастау. Қанеки, дәптеріңізді алып қолтаңбаңызға көз салып көрейік. Егер «секіртіп» ірі әріптермен жазсаңыз, онда сіз ашық ақжарқын адамсыз, немесе психологтардың тілімен айтқанда экстравертсіз. Егер қолтаңбаңыз «оқушыныкіндей», түсінікті әрі ұқыпты болса,онда – интровертсіз, яғни өзімен-өзі жүретін адамсыз. Мәтіннің бір жаққа қисаймауы, сөздер мен жолдар арасындағы қашықтықтардың әр түрлі болуы, әріптердің үлкен мен ортасындағы секіріп жүруі сөйлемнің соңғы жағының төмендеп кетуі- бұл белгілердің бәрі тұлғаның бір қалыпты жан еместігін дәлелдейді.
Қорыта айтқанда,қарым-қатынастағы тіл мәселесі -танымдық процестер мен табиғи құбылыстар түрінде,ол психологиялық кері байланыс, коммуникативті бөгеттер, коммуникативті әсер және ақпарат таратудың әр түрлі деңгейлерінің болуымен анықталады.Қарым-қатынас мәселесі «өзінің мағынасы жағынан теориялық, ал эксприменталдық және қолданбалы зерттеулерде тұлға, санасезім, іс-әрекет және басқада психологияның фунтаменталдық мәселелері қатарында қаралады.
Қолданылған әдебиеттер;
1.Самойленко Е.С. Основные направления экспрементального исследования речи в ситуации общения./ Психологический журнал №4,1985 с. 153-158.
2.Бодалев А.А. Личность и общение. М., 1983. -272 с.
3.Михеева С.М. Психологическая совместимость и характер взаимодейстивия членов группы.- В сб.: Вопросы психологии познания людьми друг друга я общения. Краснодар,1978.кн.2, с. 135-143.
4.Ломов Б.В. Котигория общения и деятельности в психологии. –Вопроси философии. М;1979,№8,с.34-47.
5.Абульханова-Славская К.А. Личностный аспект проблемы общения.- В кн.: Проблемы общения в психологии. М.,1981.с. 218-241.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет