Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және этникалық психология кафедрасы


дәріс. Қарым-қатынастың түрлері меңгеруді ұйымдаструды



бет14/23
Дата26.04.2024
өлшемі96.18 Kb.
#499944
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
толык умкд карым-катынас Текстовый документ OpenDocument

10 дәріс. Қарым-қатынастың түрлері меңгеруді ұйымдаструды.
Жесттер
Қарым – қатынаста үлкен ролді қол жесттері атқарады. Ең бай жестикуляция француздар мен италияндықтарда. М: француздар бір зат туралы жақсы нәрсе екенін айтқысы келсе, олар үш саусағын біріктіріп, ерніне әкеліп, оны сүйгендей болады. Ал егер олар екінші саусағымен мұрынның шетін сүйкесе, ол ескертуді білдіреді. Италиандықтарда да осыған ұқсас, олар екінші саусақтарымен мұрынның шетін түртеді, бұл да ескерту.
Бақа мәдениеттерде де дәл солай. М: егер адамға қаратып екінші саусақты шошырайтса – бұл агрессивтілік, ал егер қолы ашық болса – бұл жақсы қатынастың белгісі, қызығушылық белгісі – бастың шайқалуы немесе бір жақа қарай қисаюы. Ал белдегі қол – биліктің немесе доминанттылықтың белгісі.
Жай ғана қолды қысуда үлкен информация жатыр. Жайлап қол беретін адамның мінез де жұмсақ және керісінше. М: суретшілерде, әншілерде, хирургтарда да қол қысымы жұмсақ немесе олар тіпті қол беруден қол тартады.
Бұл қол беру әдеті баяғы заманнан келе жатыр. Баяғыда адамдар кездескен кезде бір-біріне қолдарын ашып көреткен, бұл қару жоқтығының белгісі. Қазірде бұл жест үлкен өзгерістерге ұшыраған: қолмен (ауада) сәлемдесу, қолды кеудеге салып сәлемдесу, т.б.
Қол беру арқылы информацияның, сонымен қатар болашақ қарым-қатынас стилінің 3 түрі алынады:

  1. Басымдылық (партнер олын қатты қысады)

  2. Жол берушілік (жай қысым)

  3. Теңдік

Бұл информация бейсаналы түрде беріледі.
Ч. Дарвиннің айтуы бойынша: жесттердің бәрі баяғы заманнан бері келе жатыр. М: жымию (улыбка) – агрессивтілік, тіс көрсету – жануарлардан келеген. Бірақ, қазір достастық жесттерімен бірігіп, ляззат алуды, ақкөңілділікті білдіреді.
Югославиялық ғалым Р. Волос орыс мәдениетін зерттеу барысында, жесттердің классификациясын бөліп шығарды:

  • «Мен – жесттер» - білмеушілік-иықты қысу, қанағаттану немесе ляззат алу – тілмен ерінді жалау, т.б.

  • «Күшейту жесттері» - ақшаның жетіспеушілігі- 2 саусақты бір-біріне сүйкеу, т.б.

  • «Сандық жесттер» - үлекендік – қолды екі жаққа созу, т.б. М: қолмен есептеу, европада керісінше, саусақтар ашылады.

  • «Ол – жесттері»

  • «Қорғаныс жесттері»

  • «Эпитеттік жесттер»

  • «Сөйлеуді тоқтату жесттері»

Кейде жесттер адамдарға сөйлеу барысында кедергі жасайды. Сонымен, жесттер адамның жанын көрсетеді.
Поза
Біз өз сезімдерімізді дене қимылдарымен көрсете аламыз. М: ашықтылық – партнермен қырмен емес, алдымен тұру. Отырған адамның денесінің алдына қарай еңкіштігі – симпатия, ал керісінше, артқа қарай отырып, кеуденің алдына шығуы, өзіндік жоғары бағалау белгісі.
Поза адамның бет мимикасыеа қарағанда, оның жан күйі туралы информацияны көп береді. Біздің жүрісіміз, отырысымыз, ұйқыдағы позамыз – қосымша информацияның негізі. Өйткені, адамды балалық шақтан бастап, бет мимикасын басқаруды үйретеді, ал позаға ешқандай көңіл бөлінбейді. «Қолды белге салу» позасы, құстардан келген, агрессивтілік, дайындық жесті. Сонымен қатар, бұл мақсатқа жететін адамның позасы, және ерлер әйел адамдардың көзінше бұл позаны көп қолданады - өз басымдылығын көрсетеді.
Аяқты біріктіріп отыру – активтілік, өмірсүйгіштік, бастағанды соңына дейін бітірмеу.
Аяқты бірінің үстіне бірін салу – эгоистілік, өзіне басқалардың көңілін аудару, басқалардың көзінше өз білімін көрсету.
Аяқ алдына қарай созылған (біреуі кішкене алдында) – нақты емес мінез – құлық, өзін ақылды санайды, өз кемшіліктерін ескермейді.
Американдық психиатр Самуэль Дэнкель адамның ұйықтағандағы позасы мен мінез-құлқының байланысын анықтаған. Қырмен бүрісіп жату – балалық сезімнің басымдылығы, өз сөзінде тұрмау, бұл сезімтал, эмоционалды, импульсивті адамдар.
Етбетінен ұйықтайтын адамдар - өздеріне сенімді адамдар, пунктуалды, есептегіш, өз ойын айта алатын, билікті адамдар.
Шалқасынан жатып ұйықтайтындар – қарым – қатынасқа тез түседі, ақкөңіл, жұмыста және үйде көнфликтіге түспейді, С. Дэнкельдің айтуы бойынша, бұл адамдарды балалық шақта ата-аналары көп еркелеткен.


Дыбыс пен иістер
Коммуникация прцессінде акустикалық жүйенің иағнасы зор. Бұған дауыстың қасиеті (тембр, жоғарылығы, тоналдылығы, т.б.), интонация, сөйлеу темпі, фразалық және логикалық басымдылық, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет