Философия: пәні, қызметі және алуандығы М. Ш. Хасанов, В. Ф. Петрова, Б. А. Джаамбаева



бет3/5
Дата12.10.2023
өлшемі30.76 Kb.
#480511
1   2   3   4   5
sciPaper3489

Философиялық дүниетаным – бұл әлем жайлы көзқарастар жүйесі және ондағы адам орны, оның шын екендігіне, қоршаған ортаның және өзінің өзіне деген қатынасы, сондай-ақ, осы көзқарастар негізінде пайда болған идеялар мен таным және әрекет ұстанымдары, құнды дүниелер. Философиялық дүниетанымның пайда болуы Ежелгі Шығыс елдерінде құлдық қауымның пайда болған кездерінен, ал оның классикалық формасы Ежелгі Грециядан басталады. Философиялық дүниетаным түрлерінің бастамасы ретінде алғашында материализм, діни дүниетаным ғылыми реакция ретінде пайда болды. Философия өзінің пайда болған кезінен бастап, альтернативтік және бір уақытта диалогтік көріністерді байқата алады. Тарихи-философиялық процесте бұл диалог «полифония», «көпдауыстылық» альтернативті жағдайда – көпжақты философиялық білім, мектеп және бағыттары бар материализм және идеализм, догматизм және скептицизм, рационализм және иррационализм ретінде болады.

    1. Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі

Философия тарихы үшін негізгі мәселе болып оның кезеңдесуі табылады. Анағұрлым бұл мәселеге жақын Г.В.Ф.Гегельдің «дәуірдің рухани квитэссенциясы» болып табылады. Осыған орай Батыс Еуропа философиялық дәстүрінде әрқайсысы өзіне тән философиялық ойдағы бірнеше тарихи кезеңдерді бөледі:

  • антикалық философия – б.д.д. VI-VI ғғ. аралығындағы Көне Грек және Ежелгі Мысырда дамыған философиялық ілім;

  • орта ғасыр философиясы – II-XIV ғғ. Еуропада пайда болған тұжырымдамаларды қамтиды;

  • қайта өрлеу дәуірінің философиясы – XIV-XVI ғғ. Еуропада пайда болған тұжырымдамаларды қамтиды.

- жаңа заман философиясы – XVII-ХIХ ғғ. 70 жылдары Батыс Еуропа мен америкалық ойшылдарды біріктіреді.
- заманауи еуропалық философия – ХIХ ғ. 70-жылдарынан бастап, қазіргі күнге дейін көптеген философиялық білімдерді қосады.
Философия – бұл тек ғылым емес, сондай-ақ, ол қоғамдық сананың формасы, дүниетанымның теориялық негізі. Оның негізгі қарастыратын мәселесі сана пайда болған дүние мен сананың қатынасы. Бұл екі мәселенің екі аспектісі бар: 1) онтологиялық, яғни материя мен сана бірінші; 2) гносеологиялық, біз бұл әлемді тани аламыз ба? Бұл сұрақтарға жауап бере отырып, философтар материалистер мен идеалистер, оптимистер, скептиктер немесе агностиктер болып бөлінеді.
Философия тарихы дегеніміздің өзі материалистер мен идеалистер арасындағы тартыс. Шындығында, бұл тартыс әрқашан шынайы түрде бола бермеген. Сонымен қоса материализм мен идеализм арасындағы қайшылық абсолютті болмаған, екі бағыттың екеуі де философиялық ойлаудың даму процесінің бір-бірімен байланысты өзегі болды. Бірақ, ежелгі грек философы Парменид (б.д.д.VII-V ғғ.) ойлау мен болмыс мәселелерін қарастырады (философияның негізгі мәселесі). Аристотельдің куәлілігімен Парменид қозғалыс пен дамуды жоққа шығара отырып, «болмаған нәрседен ештеңе болмайды, «... болмаған нәрсе біреу ғана, басқа ештеңе жоқ» дейді. Оның материализмі болмыстың қозғалмауы мен өзгермеуінен тұрады. Платон екі типтегі философтарды айтқан, «олардың бәрі аспаннан және көрінбейтін саладан жерге қарайды, дене мен болмысты бір нәрсе деп таниды», ал басқалары «шындық болмысты» әлдебір ақылға сыятын және денесіз идеяларға әкеледі.
Аристотельде философияның негізгі мәселесі айқын көрінбейді. Бұл мәселенің көрінісі онда анық емес формада бірнеше нұсқада беріледі. Бұл біріншіден, біздің танымымызға сәйкес берілгендерден басқа нәрсе бар ма: «сезімімізге әсер ететін қозғалыстағы нәрсе бар ма, әлде жоқ па, осыны түсіну қарастырылады, егер бар болса ол не?» деген мәселе. Қарсы жатқан табиғатты қарастыра отырып, Стагирит анағұрлым бұны анық көрсетіп, оны «өзге аксиомдардың бастамасы» деп атайды. Ол былай айтылады: «бірдің өзі және бір уақытта болған және бір-біріне қатынаста қатыссыз...» және қысқаша: – «біреу бір нәрсені болған және болмаған деп есептей алмайды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет