Философия пәні, әдістері және қызметтері. - Философия (грекше филео –махаббат, құштарлық, софия - даналық) даналыққа құштарлық, даналықты сүю мағынасын береді.
- Философия - адам және оның айналасы туралы тәжірибелік және практикалық білімдер жиынтығы
-
- Философия – қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.
- Тұңғыш рет “философия” терминін б.з.б. VI ғ. Пифагор қолданған.
Философияның миф пен діннен айырмашылығы: - білімге (ғылымға) негізделген (қиялға, сенімге емес); - рефлексиялық (ойлаудың өзіне-өзі бағытталуы); -логикалық (бірізділікті, жүйелі); - нақты ұғымдар мен категорияларды тірек етеді, сүйенеді). - Философиялық дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуының мына үш кезеңінен өтті: - космоцентризм; - теоцентризм; -антропоцентризм. Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және ежелгі Грекия). - Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден
- тысқары тұрған тылсым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән).
- Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады. (Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық
- мектептер).
Философиялық білімнің ерекшеліктері: - Өте күрделі құрылым (онтология, гносеология, логика және т.т.);
- Шегіне жеткен жалпылық, теориялық сипат алуы,
- Өзге ғылымдардың негзін қалайтын түпкілікті, бітімдік идеялар мен ұғымдарды өзінде сақтайды;
- Көбінесе субъективтік қасиет тән – жеке тұлғалар мен ойшылдардың дүниегекөзқарастық ойларының таңбасы басым;
- өз заманының ықпалын сезінеді, сүрген дәуірінің объективтік білім мен құндылықтарының, әдептілік мұраттарының жиынтығы болып табылады;
- Философиялық білім әрдайым дамиды, әрі жаңарып тұрады;
- Философия өз мәнінде шексіз, әрі сарқылмайды, таусылмайды; адамның танымдық қабілеттілігімен шектелген, шешімі жоқ, “мәңгі” мәселелері бар, бұлардың бәрін бүгінгі таңда логикалық жолмен дәйекті шешу, тану мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |