Философия пәнінен бөж жоспары және әдісемелік нұСҚауы алматы, 2022 Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысының жоспары



бет7/8
Дата15.11.2022
өлшемі26.76 Kb.
#464894
1   2   3   4   5   6   7   8
БӨЖ әдістемелік нұсқау

2. Рефераттың құрылымы 
Рефераттың белгілі бір тақырыпты зерттеу нәтижесінің жазбаша түрдегі қысқаша баяндауы ретінде белгілі бір құрылымы бар.
- рефераттың жоспары (бөлімдер мен тармақтарды көрсету керек) 
- кіріспе (тақырыптың өзектілігі, рефераттың жазудың мақсаты)
- негізгі бөлім
- қорытынды (нақты, қысқаша 1-2 бет болуы керек )
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе - рефераттың міндетті және маңызды бөлігі. Ол арқылы жасалған жұмыс деңгейін, рефераттың мақсатының түсіндірілуін және оның жұмыста қаншалықты дербес екенін анықтауға болады. Кіріспеде дәйекті түрде тақырыптың өзектілігі айтылады (дәлелдеу). Не себепті берілген сұрақ ғылыми қызығушылық тудыратындығын көрсету және ұсынылатын материал мен қазіргі заманның байланысы бар ма екендігін айту.
Кіріспе құрылымды келесі сөздермен «Реферат кіріспеден, ... тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың негізгі идеялары көрсетілген. 1-ші тарау ... арналады, 2-ші тарауда ... сөз болады. Қорытындыда негізгі тұжырымдар көрсетіледі» сипаттаумен аяқталады.
Негізгі бөлім берілген тақырыпты зерттеуге арналған. Бұл бөліктің атауы реферат атауымен аталады. Бұл бөлік ең үлкен болып, жұмыстың 3/2 бөлігін алуы керек. Барлық тараулар мен тармақшаларда қысқаша әрі нақты атау болу керек. Материалды баяндауда қисынды сақтау керек. Рефераттың негізгі бөліміндрлі дереккөздерінен алынған мәліметтерден басқа келтірілген деректерге сүйенетін, яғни жұмысты толық немесе оның кез келген жеке тармақшасын құруға арналған міндет - зерттеме - қорытынды формуласын пайдалану арқылы өзіңіздің пікірлеріңіз бен қисынға келтірілген тұжырымдарыңыз болғаны дұрыс.
Қорытынды негізгі бөлімнен шығып нақты әрі қысқаша болуы керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - тақырыпқа байланысты бүкіл әдебиеттердің емес, осы рефератты жазуда пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі болып табылады. Оған сілтемеде көрсетілген әдебиеттер де кіреді.
3. Рефератты ресімдеудегі талаптар
Көлемі 10 беттен кем емес, А4 форматында, шрифті - 14 Times New Roman немесе 12 Arial KZ, интервалы 1,0.
Титулдық бетте рефераттың тақырыбы көрсетіледі. Рефераттың жазылуының жылы мен орны болады.
Рефератпен жұмыс жасаған кезде ақпарат көздеріне сілтеме жасап, сонымен қоса оларды дұрыс ресімдеу керек.
Сілтемені:
- дәйексөздерде
- сандарды, деректерді, атауларды көрсеткенде
- ұйғарымдарды анықтаған кезде жазу керек.
Сілтемелер түрлі тәсілдермен ресімделеді. Мысалы: жолма-жол әр беттегі келтірілген сандар мен дәйексөздер «1-ден бастап әрі қарай» сандармен белгіленеді немесе саны артатын «жұлдызшалармен» белгіленеді, мәтіннің төменгі жағындағы әр беттік сілтеме негізгі бөліктен 3-4 см. сызықпен бөлінеді, сызықтың астында сілтеменің номері мен библиографиялық сипаттама көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет