Сана құрылымы САНА МИДЫҢ АЙНАЛАДАҒЫ ОБЪЕКТИВТІК ШЫНДЫҚТЫ БЕЙНЕЛЕУІНЕН ТУАДЫ, ЯҒНИ МИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕМІСІ. АДАМНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ӨМІРІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІ — ТҮЙСІК, ҚАБЫЛДАУ, ЗЕЙІН, ЕЛЕС, ЕС, ҚИЯЛ, ОЙЛАУ МЕН СОЙЛЕУ: ЭМОЦИЯЛЫҚ, ПРОЦЕСТЕР АДАМНЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙЛЕРІ СЕЗІМІ; ЕРІК ПРОЦЕСТЕРІ АДАМНЫҢ АЛДЫНА ҚОЙҒАН МАҚСАТЫНА ҰМТЫЛУЫ, ТАЛАПТАНУЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘРЕКЕТ ЖАСАУЫ ЖАТАДЫ. ОСЫ ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ДЕП САНА ҚҰРЫЛЫМЫН АЙТАДЫ.
Адамның қалыптасуында еңбектің рөлі К. Маркс пен Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, пси- хикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен тү-сіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. Марксизм-ленинизм классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырып шешуді және басқаруды қажет қылды. Жануарлар табыны еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналды. Табында көрсетілетін болмашы өзара комек ынтымақтастық дәрежесіне дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік