Философия тарихындағы жан, ақыл, парасат, рух мәселелері


Шәкәрім ұждан, рух, ақыл туралы



бет11/11
Дата04.12.2023
өлшемі1.58 Mb.
#485397
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дәріс 3.Философия тарихында жан мен рух, сана мен ақыл

Шәкәрім ұждан, рух, ақыл туралы


Шәкәрім көбінесе деизмге және рационализмге бейім болды. Деизм бағыты бойынша Шәкәрім дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындайды, сонымен бірге, адамның белсенділігін, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын құптайды
Шәкәрімнң пікірінше, жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Жан, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді. Ұждан, немесе ұят - жан қасиеті. Ал бұл қасиет адамның рухымен байланысты. Бұл байланыс неғұрлым тығыз болса – солғұрлым ұят жоғары. Жан сипаты болып табылатын рух тәнмен осы адами қасиет арқылы байланысады. Ендеше адамды адам ететін адами қасиет дегеніміз ақыл-ес, ой-өріс, сана-сезімнің рухтанған, яғни рухпен нұрланған қалпы.
«Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды. «Ақыл көзі» - адамның ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім «ақыл» деген сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Ақыл адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін анықтайды. Шәкәрім адамның ақыл-парасатына айрықша зор мән береді: «Ақыл, парасатты ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ–қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, «ақылмен сыналмаған іс болдырмау» деп түйіндейді.
Шәкәрім «Үш анық»

Әдебиеттер

Упанишады: в 3 кн. Кн. 2 / пер., предисл. и коммент. А. Я. Сыркина. М., 1991

Джонстон Дерек Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы, «Ұлттық аударма бюросы».қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 216 бет

Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы: 1-том. Антика философиясы. – Алматы, Ұлттық аударма бюросы" Қоғамдық қоры, 2018. - 408 бет

Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы: 2-том. Орта ғасыр философиясы.. – Алматы, "Ұлттық аударма бюросы" Қоғамдық қоры, 2018. - 400 бет

О.В. Шубаро Представления о душе в древнегреческой и древнеиндийской философии: опыт сравнительного анализа// Интернет-ресурс // https://www.google.com/

Мырзалы Серік Қажи-Ахметұлы. Философия . – Алматы, “Бастау” баспасы, 2014.- 648 бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет