Ибн Сина (980-1037) «Рух - бұл қажетті болмыс. Ол таза, ізгі, таза акикат және таза акыл ой Эманация (өзінен ағызу) жолымен ол табиғатты жаратқан. Табиғат - ықтималды болмыс. Рух мәңгі болғандықтан, табиғат та мәңгі. Жан денемен бірге өзара әрекеттесіп өмір сүреді, сондықтан оның денеден бөлек, жеке өлместігі мүмкін емес»
Жаңа Заманда жан денеден ерекшеленетін мән ретінде танылды
Р.Декарт «философияның негізгі сұрағын» дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде, сана ма деген таласы мағынасыз. Адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі - материалды және рухани субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды - олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі».
Рене Декарт (1596-1650)
Рене Декарт «тума идеялар» туралы
Декарт: «Тума идеялар адам санасына тәжірибеден тәуелсіз берілген. Бұл Құдай туралы және өзгермейтін мәңгі мәндер туралы идеялар мен анық геометриялық ұғымдар»
Жаңа Заман философиясында «рух - зерде және ойлау» деген рационалдық түсіндірме дамып шықты.
Иммануил Канттың философиясында «тума идеялар» рөлін априорлық танымдық формалар атқарады. Олар трансценденталды сипатта, яғни эмпирикалық танымның алдында келе жатып, оны ұйымдастырып тұрады.