Философия тарихындағы таным мәселесі


Білім философиясы және оның түрлері



бет2/3
Дата26.04.2023
өлшемі18.26 Kb.
#472762
1   2   3
19,20,21

Білім философиясы және оның түрлері.
Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау. Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде.

20. Танымның түрлері.


Таным-философиялық ұғым, «айналадағы материалдық шындықты адам санасында бейнеленуі»
Танымның түрлері көп:
1.Мифологиялық түрлері
2.Күнделікті практикалық таным
3.Көркем тану
4.Діни тану
5.Ғылыми таным

Танымның объектісі мен субъектісі
Танымның субъектісі - адам, қоғам. Танымның объектісі - қоршаған орта. Адам кеңістікпен уақытта өмір сүреді. Табиғатпен екі арадағы байланысының арасында дүниені қамтып, танып білуге қабілетті тәні бар жан. Субъекті, ол - әрбір жеке адам, ал адамдар қоғамдасқан түрінде, олар бәрі бірге - өздерінің тарихи-әлеуметтік дүниесінің, соны жасаудағы тарихының бірден-бір авторы. Яғни әлеуметтік-тарихи дүниеде, адамдар қоғамында ешбір басқа нәрсе олардың пайда болуының, дамуының себепшісі бола алмайды. Субъект осы дүниеде ең ақырғы себеп, әрі ақырғы нәтиже. Объекті - субъектіге қарама-қарсы, бірақ одан ажырамас байланыстағы іс-әрекеттің екінші жағы, кезеңі. Адам жасампаздық қызметінде нені өзгертетін болса, сол объект. Объектіні көбіне адамнан, оның әрекетінен тыс болған, тек сыртқы дүниеден қызметтің шеңберіне тартылған бөлігі деп түсіндіріп келді, мысалы табиғаттың адам өзгертетін заттары. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

21. Танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.


Оптимизм-дүниеге үміт көзімен, сеніммен қараушылық, үмітсіздіктен аулақ болушылық.
Скептицизм(гр. skeptikos - қарастырушы, зерттеуші, сынаушы) – объективтік шындықты танып білу мүмкіндігіне сенбейтін күдікке орын беретін философиялық концепция. Скептицизм - теориядан бас тартып, практикада мүмкiн болатын парасаттылыққа, әдет-ғұрыпқа сүйенедi. Бұл бағыт агностицизмге, нигилизмге алып келедi. Скептицизмнiң негiзiн қалаушылар Пиррон мен Тимон болды. Олардың iлiмiн Секст Эмпирик, т. б. жалғастырды.
Агностицизм (гр. agnostos – а – жоқ, терiске шығару, gnosis- бiлiм) – танымның нақты екендігіне күмән келтіреді, тану мүмкіндігін толық немесе ішнара теріске шығаратын ілім. Оның тарихы ұзақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет