Категориялық императив-Кант ұсынған адамгершілік заңы сен озіне басканын қиянат жасаганын каламасан , сен де басқаға киянат жасама
Практика- - қоғамдық өндірісте табиғатты, қоғамдық қатынастарды өзгертуге бағытталған адамның мақсатты мәнді қызметі тарихи қалыптасқан өмір сүру әрекетінің сезімдік заттық нысаны, адамның дүниеге қатынасы, адамдық болмыстың тәсілі, тәжірибесі
7. Орыс философиясы
Соборность-орыс діни философиясындағы ұғым, ол шіркеу өміріндегі де, дүниежүзілік қауымдастықтағы да адамдардың еркін рухани бірлігін, бауырластық пен сүйіспеншілікті білдіреді.
Славяншылдық, словянофилдер — 19 ғ-дың 40 — 50 - жылдарындағы Ресейдегі қоғамдық ағым. Славяншылдық қоғамдық ой-пікір ретінде Ресейдің өзіндік тарихи даму жолы, ұлттық ерекшеліктері бар екендігін дәлелдеп, қорғау мақсатын көздеді. Олардың қарсыластары батысшылдар болса жалпыадамзаттық тұтастық көзқарасы тұрғысынан жалпыға ортақ тарихи даму үрдісі бар, сондықтан Ресейдің де батыс жүріп өткен жолды басып өтуі тиіс деп білді
Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты.
Жалпы бірлік - кейбір философиялық жүйелерде көптіктің жетілген бірлігін, және олардың элементтерінің өзара тәуелдігін, өзара алшақтығын бейнелейтін санат.[1]
Құдай — құдіретті күшті Жоғарғы Болмыс. Монотеизмде — әлемнің жаратушысы, түсініксіз, танымсыз, ұқсасы жоқ Абсолют
София (болг. Со́фия /ˈsɔfija/) — Еуропаның қалаларының бірі, Болгарияның елордасы. Мемлекеттің батыс бөлігінде орналасқан
Пассионарлық - [лат. passio - құштарлық, азап шегу] - этнологияға орыс тарихшысы әрі географы Л. Н. Гумилев енгізген ұғым. Гумилев пассионарлықтаң астарында индивидтің мақсатқа талпынысынан көрінетін белсенділігін (көбіне - қияли) және осы мақсатқа жету жолындағы жанкештілігі мен күйзеліске төзімділігін түсінді
Космизм – адамды космотық, яғни ғарыштық жан ретінде қарастаратын орыс философиясының ағымы.
Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы.
Достарыңызбен бөлісу: |