Терістеуді терістеу заңы - даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын, қозғалыстың, дамудың бірлігін сипа
Терістеуді терістеу заңы -даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын, қозғалыстың, дамудың бірлігін сипаттайды.
Заңның категориялары:
Терістеу – шығармашылық, жасампаздық терістеу, ол дамудың негізі. Қандай да болмасын жаңа, неғұрлым жоғары жетілген формалардың пайда болуының алғы шарты болып табылаиын терістеу.
Терістеуді терістеу – қос терістеу, екі есе терістеу. Алдыңғы терістеу әрі терістеледі және әрі сақталады, бұрыңғы даму сатысынан чсақталғанның барлығы келесі сатьыға едәуір өзгертілген түрде өтеді.
Диалектика категориялары дегеніміз-зерттеудің жеке принциптерін бейнелейтін ұғымдар. Белгілі-бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу және оны шешу-диалектикалық зерттеу болып табылады. Диалектиканың екі жұп категориялары бар, олар: ұқсастық пен өзгеріс, сан мен сапа, шексіздік пен шекті, түр және мазмұн, мән және құбылыс, мүмкіндік және шындық, қажеттілік және кездейсоқтық, себеп және салдар, т.б.
Жүйе – тәртіпке келген өзара байланыстағы элементтер жиынтығы.
Элемент - әрі қарабөлінбейтін жүйенің негізінде жатқан оның бөліктері.әрбір элемент бедгілі бір жүйенің қалыптасуына қатысады.
Бүтін - өзінің іштей байланысты құрамдас бөліктерін бірлікке әкеліп, оны анықтайды.
Бөлшек – бүтіннің құрамына кіріп, оның сапалық қасиеттерін өз бойына қабылдау.
Мазмұн – заттың немесе құбылыстың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады.
Форма – мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның ішкі ұйымдасу тәртібі.
Себеп, салдарлық байланыстар детерменизм (лат. анықтау) – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтардың негізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім. Оған қарсы индетерминизм (лат анықталмайды) болмыстың себептілінгін мойындамайтын ілім.
Себеп – зат немесе құбыфлыстың белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз.
Салдар – белгілі бір себептердің негізде пайда болған зат, құбылыс.
Мүмкіндік – заттың болашағы, өзеру мен дамуының көрініс табатын кейбір нышандар, алғышарттар. Филос. ендірген Аристотель(гр. динамика- мүмкіндік, энергия- шындық, лат. акт- шындық, потеция – мүмкіндік). Аристотель бойынша материя – таза мүмкіндік, оны шындыққа айналдыратын – эйдос, форма.
Шындық – заттың актуальды болмысы, мүмкіндік – ішкі қайшылықтардан шығатын заттың дамуының бағыттары, алғышарты.
Мүмкіндіктің шындыққа айналуы қажетілік пен кездейсоқтықтың өзара диалектикалық байланысының нәтижесінде іске асады.
Қажеттлік – зат не қозғалыстың дамуындағы болмай қалмайтын, әрдайым іске асатын жақтары.
Кездейсоқтық – болуы я болмауы мүмкін жақтар.
Жоғарыда біз атап өткен диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары оның негізгі идеяларын қорытындылауға мүмкіндік береді.
Біріншіден, құбылыстардың бір – бірімен тығыз байланыстығы идеясын әлем мен жаратылыстану тарихы толық дәлелдейді.
Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен дамуының негізгі шарты – оның ішкі қайшылықтары идеясы.
Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы идея.
Диалектика байланыстар мен даму туралы білім жүйесі бола отырып, бірнеше функцияны орындайды. Ең алдымен, әрине, диалектика дүниетанымдық функцияны орындайды, өйткені, ол әлемдегі заттар мен құбылыстардың бір – бірімен байланыса отырып, ұдайы өзгерісте, дамуда болатындығын теориялық түрде дәлелдейді.
Сонымен қатар, диалектика методологиялық функцияны орындайды. Ол дүниені танудың, игерудің негізгі құралы болып табылады. Оның негізгі ұғымдары, идеяларын, заңдарын дұрыс меңгерген адам өз іс - әрекетінде тез табысқа жететіні сөзсіз.