Ұңғыма бекітілуі. Кенорында қолданылатын ұңғыма конструкциясы



бет10/26
Дата01.07.2022
өлшемі1.29 Mb.
#459572
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Жанерке

Көлік жүйесі – тасымалдарды орындағанда өзара тәуелділікте және өзара әрекеттесуде болатын, көліктің әр түрлерінің кешені.
Көлік жүйесі, сондай-ақ, ұйымдастыру және жедел басқару функцияларын (АБЖ, ТҰАБЖ, т.б.) кірістіреді. «Бірыңғай көлік жүйесі» ұғымы мемлекет, аумақ немесе ірі қалаларға тән көліктің барлық түрлерінің әлеуметтік-экономикалық бірлігін ерекше көрсетеді.
Көлік желісі – елдердің немесе жеке аймақтардың елді-мекендерін байланыстыратын қатынастың барлық жолдарының жиынтығы.
Көлік желісі көліктің жеке түрлерінің (метро, трамвай, автобус және т.б.) маршруттық желілерінен құралады, ол әдетте магистральды жолдар желісіне және төменгі желіге бөлінеді.
Магистраль желісі жүктерді үлкен арақашықтыққа тасымалдауды орындайды, ал төменгі желі жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған. Көлік желісінің тығыздығы деп желідегі 1000 км 2 -ге келетін километрлер санын айтады.
Темір жол көлігінің ерекшеліктері мыналар болып табылады:
- Салмақты жүк және жолаушылар ағындарын игеруге мүмкіндік беретін теміржолдардың жоғарғы тасымалдау қабілеті;
- Ауа-райлық жағдайларға тәуелсіз қозғалыстың ұдайылылығы;
- Тасымалдаудың бәсекеге қабілетті құны;
- Жүк пен жолаушыларды тасымалдаудың айтарлықтай жоғары жылдамдығы;
- Почтаны жеткізудің теміржол желілерін елдің әрбір құрлықтағы аймағына төсеу мүмкіндігі.
Осы ерекшеліктерінің арқасында теміржолдарының үлкен қашықтықтарға тасымалдардың ірі көлемдерін жүзеге асыруда, нақты айтар болсақ пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын игеру кезінде, отын-шикізат қорларын, дәнді, құрылыс және басқа да салмақты жүктерді тасымалдауда бәсекесі жоқ.
Негізінен, бұл ауқымды территориялар және негізгі қорлар көздері мен оларды тұтыну пункттерінің аймақтық бытыраңқылығы жағдайларындағы көліктің негізгі түрі болып табылады.

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ӨЗЕН КӨЛІГІМЕН ТАСЫМАЛДАУ

Көлік қатынас құралдары мен жолдарының, сондай-ақ, олардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін, әр түрлі техникалық құрылғылар және ғимараттардың жиынтығын білдіреді. «Көлік» сөзінің астарында әдетте төмендегілерді түсінеді: - өзінің тағайындалуы жүктер және жолаушылар тасымалы болатын, халық шаруашылығының саласын; - материалдық өнім мен адамдар қозғалысын қамтамасыз ететін, техникалық құралдар кешенін; - жол бойымен қозғалатын, бірліктер ағынын; - белгілі тағайындалу пунктына және нақты мекен-жайға баратын, жүктің жеке партиясын. Қатынас құралы – темір жол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе және тағы басқа көлік түрлері жататын, негізгі жылжымалы құрам.


Қатынас жолдары – жылжымалы құрамның қозғалысы, атап айтқанда: рельстік жолдар, автомобиль жолдары, кеме жүзетін өзен, теңіздер және тағы басқалары үшін арнайы бейімделген және жабдықталған жолдар. Көліктегі техникалық құрылғылар және ғимараттар тиеу-түсіру пункттарынан, жүк және жолаушылар станциялардан, кемежайлардан, зауыттардан, жөндеу шеберханаларынан, қоймалардан, сигнал беру құралдарынан және басқаларынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет