Ұңғыма бекітілуі. Кенорында қолданылатын ұңғыма конструкциясы


Мұнай сорғы станциялары – келесі элементтерден тұратын зауыттық толық дайындалған жабдықтар



бет15/26
Дата01.07.2022
өлшемі1.29 Mb.
#459572
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Жанерке

Мұнай сорғы станциялары – келесі элементтерден тұратын зауыттық толық дайындалған жабдықтар:

  • МВУ сэндвич-панельдерден жасалған модульді типті блок-бокс, жылытқышы бар 20 немесе 40 фут т/ж контейнер (жылытқыштың қалыңдығы пайдалану өңіріне байланысты 50-200 мм).

  • Мұнайды айдауға арналған сорғылар (негізгі және резервтік қондырғылар). Сорғылар «құрғақ жүруінен» фазалардың біреуінің жоғалып кетуінен, қоректенудің кернеуінің жоғарылауынан немесе төмендеуінен қорғалған. Мұнай сорғылары мойынтіректердің және электр қозғалтқыштың орамасының температура датчиктерімен, діріл датчиктерімен жабдықталады. Тапсырыс берушінің талабы бойынша сорғы бөлмесінің ЖБЖ-ға біріктірілетін сорғы агрегаттарының діріліне бақылауды жүргізуге болады.

  • Құбыр станцияның жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін жапқыш арматурамен – электрлендірілген ысырмалармен жабдықталған.

  • Микропроцессорлық контроллерлер негізіндегі технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі. Мұнай өнімдерін айдаудың модульдік сорғы станциялары процесті тікелей басқаруды, сонымен қатар диспетчерлік пункттен қашықтықтан басқаруды ұйымдастыруға мүмкіндік бере отырып, тапсырыс берушінің ТП АБЖ жалпы жүйесіне жеңіл енгізіледі.

  • Негізгі және апаттық жарықтандыру, желдету және жылыту, өрт сөндіру және қол жеткізуді шектеу жүйелері.

  • Технологиялық жабдықты, арматура мен құбырларды пайдалану және жөндеу үшін блок-бокста тиісті көтергіш-көліктік жабдығының болуы көзделеді.

  • Құрама жабдықтар конструктивтік орындалуы және пайдалану ауданының климаттық жағдайлары бойынша техникалық талаптардан анықталады.



Сорғылар туралы мәлімет
Сорғылар - сырттан жеткізілетін энергияны (механикалық, электрлік, т.б.) сұйықтық ағынның энергиясына түрлендіретін және сұйықтардың барлық түрлерін, сұйық пен қатты денелердің механикалық қоспасын қотаратын, айдайтын және соратын гидравликалық машина. Сор,ы көмешімен сұйықты белгілі бір биіктікке көтеруге, құбырлармен тасымалдауға немесе сығылған газдарды айдауға болады.
Сорғылар сумен қамту жүйесінде, мұнай өнімдері мен газ құбырлары желісімен тасымалдауға, кемелік қондырғыларда, гидромелиорацияда, гидросоққыш қондырғыларда, гидрожетектерде және гидроберілістерде қолданылады.
Сорғылар ауаны сорып алуда және вакуум туындатуда газсорғылар немесе вакуум сорғылар деп аталады.
Сорғылар ауаны немесе газды беру үшін мақсатына және арынына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Желдеткіштер, желдету мақсатында;

  • Ауа үрлегіштер, домна процесінде, пневматикалық көліктерде және басқа да өндірістік құрылғыларда пайдаланылады;

  • Компрессорлар, сығылған газдар мен ауаны алу үшін, сыққыштардың, пневматикалық құрылғыларда қолданылады.

Сұйықтардың қасиеттерін есепке алмай жұмыс істеу принципіне байланысты сорғылар бөлінеді: динамикалық, көлемдік, қалақшалы, үйкеліс және инерция сорғысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет