Ұңғыма бекітілуі. Кенорында қолданылатын ұңғыма конструкциясы


Өнімдік қабатты ашу және сынау. Ұңғыманы игеру



бет3/26
Дата01.07.2022
өлшемі1.29 Mb.
#459572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Жанерке

2.5 Өнімдік қабатты ашу және сынау. Ұңғыманы игеру.

Ұңғы бағытына қойылатын негізгі талаптар


Қазіргі уақытта ІІІ объекттен өндірілеін мұнайды арттыру үшін көлденең ұңғыларды бұрғылау жоспарланып отыр. ІІІ объект аса қатты жыныстардан құралмаған, сондықтан да ұңғының көлденең оқпанын бұрғылауда сумұнай қабатынан және де ІІ объекттің табанынан да берілген қашықтықты қамтамасыз етуге болады. Ал бұл судың және де қозғалмалы конденсаттың жарып шығуынан мұнай өндірудің азаюының алдын алуға мүмкіндік береді.
Өңдеулер нәтижесінде ІІІ объекттегі көлденең ұңғылар көлбеу бағытталған ұңғылармен салыстырғанда анағұрлым жақсы нәтиже береді.
Симуляциялық үлгіге сәйкес жаңа ұңғылардағы көлденең бөліктердің ұзындықтары 400-600 м кем болмауы керек. Ірі жарықтар байқалмағандықтан көлденең бұрғылау міндеті өткізгіштігі бірқалыпты өзгеретін коллектордағы пайдаланылып жатқан ұңғы оқпанының ұзындығын арттыру болып табылады. Тік оқпаннан ауытқу немесе қисықтың басталу нүктесі бойынша шектеулер болмайды.
Екі жағдайда да көлденең ұңғының көлденең бөлікте ашық оқпанмен аяқталатын екі вариант белгілі:

  • тік бөлікті 215,9мм (81/2) қашаумен аяқтайды. Қисықтың жиналу бөлігінде ІІ объектті оқшаулау үшін 7// шегендеу тізбегін түсіреді. Көлденең бөлікті 152,4-149,2 мм (6-57/8//) қашаумен бұрғылайды;

  • тік бөлік 7// шегендеу тізбегімен жабылған. Қисықтың жинақталу бөлігін және көлденең бөлікті 152,-149,2 мм (6-57/8//) қашаумен бұрғылайды, қисықтың жинақталу бөлігін 127-114 мм (5-41/2//) хвостовикпен жабады.

Жоғарыда келтірілгендер коллектор туралы ұғымға сәйкес келеді және ұңғы бағытына қойылатын талаптар жаңа ақпараттың түсуіне қарай өзгеріп отырады. Қарашығанақ кен орнындағы көлденең немесе көлбеу бағытталған ұңғыларды бұрғылау тәжірибесінің болмауы бағытталған бұрғылау бағдарламасына кері әсерін тигізуі мүмкін
Көлденең ұңғыларды бұрғылау қазіргі кезде өнеркәсіптерде кеңінен қолданылады. Жабдықтардың үнемі жетілдіріліп отырылуынан көлденең бұрғылау жоғары өнімділікті және мұнай, конденсат, газды өндіруді қамтамасыз ететін үнемді тәсіл болып табылады. Көлденең ұңғыларды бұрғылау технологиясын қолдану негізінен төменде келтірілген артықшылықтармен шартталған:

  • салыстырмалы көп емес қаныққан мұнай қуатында сулану конусының түзілуін бақылау;

  • жіңішке/тығыз коллекторларда өнімділікткі арттыру;

  • өңдеуге жұмсалатын жалпы шығынды азайту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет