Жеке тапсырма
Газ қоймаларының құрылымы және функционалдық мақсаты
Жер астындағы газ қоймасы (ЖГҚ) дегенде, көз алдымызға жерге көмілген цистерналар, танкерлер немесе тағы да сондай үлкен резервуарлар (ыдыстар) елестейтіні рас.
Алайда, бұл қоймалар ондай емес, сығымдалған газ ешқандай ыдыссыз жер астында сақталады.
Егер ол тесік тауып, сыртқа шыға бастаса, не болмақ?
Жалпы, газ сақтайтын жерасты қоймасы дегеніміз не?
1. Қазақстанда жер астындағы газ қоймалары үшеу – оңтүстік Қазақстан облысындағы «Полторацкий» қоймасы,
2. Жамбыл облысындағы «Ақыртөбе»
3. Ақтөбе облысында орналасқан «Бозой».
Оларда сақталатын белсенді газдың жиынтығы 4,65 млрд текше метрді құрайды. Бұл газ қоймаларын отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесіне жұмыс істейтін, Қазақстандағы негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылатын газ және газбен қамтамасыз ету саласындағы отандық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ басқарады.
ҚазТрансГаз ортаазиялық өңірде ірі газ тасымалдау желісі және ішкі нарықты газбен қамтамасыз ететін бірыңғай желісі бар тұтынушыларға газды жеткізетін сенімді компания бүгінде жерасты газ қоймалары жүйесін дамытумен белсенді айналысып жатыр. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған сақтау объектілерінің ескіргенін ескере отырып, оның қуаттылығын арттыру, реконструкция жасау, техникалық жаңарту – компанияның стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.
Биылғы жылы газды жер астында сақтаудың әлемдік тәжірибесіне 100 жыл толыпты, ал Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан “Полторацкий» жерасты газ қоймасының 50 жыл.
Жерасты газ қоймасының қызмет етуіне табиғи жер қыртысы пайдаланылады. «Полторацкий» ЖГҚ орналасқан жердің қыртысы газ сақтауға өте ыңғайлы, жер астындағы табиғи ыдыста газ шығатын иненің көзіндей тесік немесе ешқандай сызат жоқ. Осы жағынан алғанда, бұл қойма әлемдегі газ сақтайтын ең сенімді табиғи ыдыстардың бірі болып табылады..
Жердің астынан газ сақтайтын қойма жасайтын орын табу үшін жер қыртысындағы газ немесе су жатқан белдеуді табу керектігі белгілі.
Жерді тесіп шығатын артезиан суларының қандай күшті қысыммен атқылайтынын бәріміз білеміз. Демек, сол жерден сенімді газ сақтайтын қойма жасауға мүмкіндік бар. Геологтар осындай жерлерді табады, ал газ саласындағылар ондағы суды алып, орнына газ толтырады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында геологтар газ қоймасын жасайтын осындай жер іздеді. 1961-1965 жылдар аралығында қазіргі Полторацкий ЖГҚ тұрған аумақта 35 барлау скважиналары бұрғыланған екен.
Содан алынған геологиялық мәліметтер бойынша Полторацкий құрылымындағы, қазірге дейін сығымдалған газ жіберетін қойма тұрған Шанақ коллектор-қыртысы анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |