"Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентiн бекiту


Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптар



бет5/5
Дата26.06.2016
өлшемі295 Kb.
#159727
1   2   3   4   5

4.14. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптар

      300. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтау талаптары оларды пайдалану талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      301. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтау кезiнде оларды механикалық бүлiнуден, қызынудан, тiкелей күн сәулесiнiң түсуiнен, атмосфералық жауын-шашыннан, ылғал мен агрессивтi ортаның әсерлерiнен қорғайтын жағдайлар қамтамасыз етiледi.

5. Сәйкестiк презумпциясы

      302. Үйлес стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған және объектiлерде орнатылған өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына арналған техникалық құрылғылар мен жабдықтар, өрт автоматикасының жүйелерi мен қондырғылары осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес деп есептеледi.

      303. Талаптары осы Техникалық регламентте айтылған талаптардан кем болмаса, өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғылары стандарттау саласындағы өзге де нормативтiк құжаттар бойынша жасалуы мүмкiн.

6. Өнiмнiң сәйкестiгiн растау тәртiбi

      304. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының техникалық құралдары, өрт сөндiру құралдары (көбiк түзушiлер, газ және ұнтақты өрт сөндiру құрамдары) оларды Қазақстан Республикасының объектiлерiне жеткiзгенге дейiн сәйкестiктi растау процедураларынан едi.

      305. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, олардың функциялары, құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ өнiмнiң сәйкестiгiн анықтау тәртiбi "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.

      306. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының техникалық құралдарын, сондай-ақ өрт сөндiру құралдарын бiрдейлендiру олардың сәйкестiгi расталған және мемлекеттiк бақылау жүзеге асырылған жағдайда жүргiзiледi.

      307. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының техникалық құралдарын, сондай-ақ өрт сөндiру құралдарын бiрдейлендiрудi:
      1) сынақ зертханалары;
      2) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар;
      3) өз құзыретiнiң шегiнде бақылауды жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi органдар жүргiзедi.

      308. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектiлердiң осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiгiн растау:


      1) жаңа объектiлердiң құрылысына арналған жобаларды және қолданыстағы ғимараттардың өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын жинақтауға арналған жобаларды сараптаған;
      2) объектiлердi, өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалануға қабылдаған;
      3) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына пайдалану бақылауын жүргiзген жағдайларда жүзеге асырылады.

      309. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектiлердiң осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiгiн растауды:


      1) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалануға қабылдаған кезде жұмыс комиссиясы;
      2) қызмет көрсетуге шарт жасасқан кезде өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым;
      3) пайдалану бақылауын жүргiзген кезде объектiде өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға;
      4) мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

7. Үйлестiрiлген стандарттардың тiзбесi

      310. Үйлес стандарттардың тiзбесi:


      1) ҚР СТ 1088-2003 "Өрт қауiпсiздiгi. Терминдер мен анықтамалар";
      2) ҚР СТ 1166-2002 "Өрт техникасы. Жiктелуi. Терминдер мен анықтамалар";
      3) ҚР СТ 1167-2002 "Өрт автоматикасы. Терминдер мен анықтамалар";
      4) ҚР СТ 1174-2003 "Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасы. Негiзгi түрлерi. Орналастыру және қызмет көрсету";
      5) ҚР СТ 1187-2003 "Өрт хабарландырушысы. Жiктелуi. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      6) ҚР СТ 1188-2003 "Жылу сезетiн өрт хабарландырушысы. Өрт қауiпсiздiгiнiң техникалық талаптары. Сынау әдiстерi";
      7) ҚР СТ 1189-2003 "Өрт хабарлау және эвакуацияны басқарудың техникалық жабдықтары. Жiктелуi. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      8) ҚР СТ 1233-2004 "Түтiн сезгiш өрт хабарландырушысы. Оптика-электронды сызықтық. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      9) ҚР СТ 1234-2004 "Түтiн сезгiш өрт хабарландырушысы. Оптика-электронды нүктелiк. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      10) ҚР СТ 1235-2004 "Түтiн сезгiш өрт хабарландырушысы. Радиоизотоптық. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      11) ҚР СТ 1236-2004 "Өрт адрестiк сигнал беру жүйесi. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      12) ҚР СТ 1298-2004 "Автономды өрт хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      13) ҚР СТ 1299-2004 "Газды өрт хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      14) ҚР СТ 1300-2004 "Өрт жалын хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      15) ҚР СТ 1301-2004 "Қол өрт хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      16) ҚР СТ 1302-2004 "Ұнтақты өрт сөндiру автоматты қондырғылары. Модульдерi. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      17) ҚР СТ 1607-2006 "Өрт техникасы. Көбiктi өрт сөндiру қондырғылары. Сұйық қоймалардағы өрттi қабаттасты өшiруге арналған еселiгi төмен көбiк генераторлары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      18) ҚР СТ 1609-2006 "Өрттердi сөндiруге арналған көбiк түзгiштер. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      19) ҚР СТ 1610-2006 "Жалпы мақсаттағы өрт сөндiргiш ұнтақтар. Жiктелуi. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      20) ҚР СТ 1611-2006 "Жалпы мақсаттағы өрт сөндiргiш ұнтақтар. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      21) ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026-2002 Сигналдық түстер, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулер. Жалпы техникалық шарттары және қолдану тәртiбi;
      22) ҚР СТ ГОСТ Р 50898-2004 "Өрт хабарландырушылары. Өрт сынақтарын жүргiзу әдiстерi";
      23) ҚР СТ ГОСТ Р 51089-2003 "Өрт қабылдау-бақылау және басқару жабдықтары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдiстерi";
      24) ГОСТ 4.99-83 "Өнiм сапасы көрсеткiштерiнiң жүйесi. Өрттердi сөндiруге арналған көбiк түзгiштер. Көрсеткiштер номенклатурасы;
      25) ГОСТ 4.106-83 "Өнiм сапасы көрсеткiштерiнiң жүйесi. Газды өрт сөндiргiш құрамдар. Көрсеткiштер номенклатурасы";
      26) ГОСТ 4.107-83 "Өнiм сапасы көрсеткiштерiнiң жүйесi. Өрт сөндiргiш ұнтақтар. Көрсеткiштер номенклатурасы;
      27) ГОСТ 4.188-85 "Өнiм сапасы көрсеткiштерiнiң жүйесi. Күзет, өрт және өрт-күзет сигнал беру жабдығы. Көрсеткiштер номенклатурасы";
      28) ГОСТ 12.1.004-91 "Еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесi. Өрт қауiпсiздiгi. Жалпы талаптар";
      29) ГОСТ 12.1.010-76 "Еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесi. Жарылысқауiпсiздiк. Жалпы талаптар";
      30) ГОСТ 12.1.030-81 "Еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесi. Электрқауiпсiздiк. Жерге тұйықтау қорғанышы. Нөлдiк фазаға қою";
      31) ГОСТ 12.2.003-91 "Еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесi. Өндiрiстiк жабдық. Жалпы қауiпсiздiк талаптары";
      32) ГОСТ 12.2.007.0-75 "Еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесi. Электртехникалық бұйымдар. Жалпы қауiпсiздiк талаптары";
      33) ГОСТ 12.3.046-91 "Еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесi. Автоматты өрт сөндiру қондырғылары. Жалпы техникалық талаптар";
      34) ГОСТ 15.001-88 "Өнiм әзiрлеу және өндiрiске қою жүйесi. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм";
      35) ГОСТ 13815-82 "Көбiктi спринклерлiк және дренчерлiк суландырғыштар. Техникалық шарттары";
      36) ГОСТ 14202-69 "Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың құбыр жолдары, таным бояуы, ескерту белгiлерi мен таңба қалқаншалары";
      37) ГОСТ 14254-96 "Жабындармен қамтамасыз етiлетiн қорғаныш дәрежелерi. (код IР)";
      38) ГОСТ 15150-69 "Машиналар, жабдықтар және басқа техникалық бұйымдар. Әртүрлi климатты аудандар үшiн орындаулар. Санаттары, сыртқы ортаның климаттық факторлары әсерiне қарай пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары";
      39) ГОСТ 19433-88 "Қауiптi жүктер. Жiктелуi және таңбалануы";
      40) ГОСТ 22522-91 "Өрт радиоизотопты хабарландырушы. Жалпы техникалық шарттар";
      41) ГОСТ 22782.0-81 "Жарылыстан қорғалған электр жабдығы. Жалпы техникалық талаптар және сынау әдiстерi";
      42) ГОСТ 26342-84 "Күзет, өрт және өрт-күзет сигналын беру жабдықтары. Типтерi, негiзгi параметрлерi мен өлшемдерi";
      43) ГОСТ 26952-97 "Өрт сөндiру ұнтақтары. Жалпы техникалық талаптар және сынау әдiстерi";
      44) ГОСТ 27331-87 "Өрт техникасы. Өрттердiң жiктелуi";
      45) ГОСТ 27990-88 "Күзет, өрт және өрт-күзет сигналын беру жабдықтары. Жалпы техникалық талаптар";
      46) ГОСТ 28130-89 "Өрт техникасы. Өрт сөндiргiштер, өрт сөндiру және өрт сигналын беру қондырғылары. Графикалық шартты белгiлеулер".

8. Қолданысқа енгiзу мерзiмдерi және шарттары

      311. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткенде қолданысқа енгiзiледi.

      312. Қазақстан Республикасының аумағында нормативтiк құқықтық актiлер мен ережелерi осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес келетiн, өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына жататын бөлiгiнде өрт қауiпсiздiгi саласындағы құжаттардың күшi сақталады.

      313. Қолданысқа осы Техникалық регламент енгiзiлуiне байланысты нормативтiк құқықтық актiлер мен осы Техникалық регламенттiң талаптарын қайталайтын немесе сәйкес келмейтiн өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына жататын бөлiгiнде Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы өрт қауiпсiздiгi саласындағы құжаттардың ережелерi белгiленген тәртiпте түзетiлуге немесе жойылуға жатады.



      314. Нормативтiк құқықтық актiлер мен түзетуге немесе жойылуға жататын құжаттардың тiзбесiн және осы жұмыстарды жүргiзу мерзiмдерiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет