Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты


Көбікті өрт сөндіру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі341 Kb.
#131206
1   2   3   4   5
4.4. Көбікті өрт сөндіру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар

 

119. Құрылмалық орындалуы бойынша қондырғылар:

1) спринклерлік;

2) дренчерлік болып бөлінеді.

120. Дренчерлік қондырғылар жетегінің түрі бойынша:



1) электрлік;

2) гидравликалық;

3) пневматикалық;

4) механикалық;

5) құрама болып бөлінеді.

121. Қондырғылар жұмыс істеу уақыты бойынша:



1) 3 с. аспайтын жұмыс істеу ұзақтығы бар жылдам әрекет ететін;

2) 30 с. аспайтын жұмыс істеу ұзақтығы бар орташа инерциялық;

3) шамамен 30 с. бастап 180 с. дейін жұмыс істеу ұзақтығы бар инерциялық болып бөлінеді.

122. Қондырғылар өрт сөндіру тәсілдері бойынша:



1) алаң бойынша өрт сөндіру қондырғылары;

2) көлемдік өрт сөндіру қондырғылары болып бөлінеді.

123. Қондырғылар әрекет ету ұзақтығы бойынша:



1) 10 мин. аспайтын қысқа уақытты әрекет;

2) 15 мин. аспайтын орташа ұзақтықты;

3) шамамен 15 мин. бастап 25 мин. дейінгі ұзақ әрекетті болып бөлінеді.

124. Қондырғылар көбік еселілігі бойынша:



1) көбігі төмен еселілікті өрт сөндіру қондырғылары (еселілігі 5 бастап 20 дейін);

2) көбігі орташа еселілікті өрт сөндіру қондырғылары (еселілігі 20 бастап 200 дейін);

3) көбігі жоғары еселілікті өрт сөндіру қондырғылары (еселілігі 200 астам) болып бөлінеді.

125. Қондырғылар белгіленген тәртіпте бекітілген қондырғыға арналған нормативтік құжаттамаға сәйкес әрекет етудің белгіленген уақыты ішінде нормативтіктен төмен көбікті берудің берілген қарқындылығын қамтамасыз ету қажет.

126. Қондырғылар 1,5 МПа сынау қысымы кезінде беріктік пен қымтақтықты қамтамасыз ету қажет.

127. Қондырғыларда пайдаланылатын көбік түзушілер Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келуі қажет.

128. Қондырғылар:

1) толтырылған құбыржолдар мен импульсты құрылғыдағы қысымды бақылау;

2) көліктік ыдыстан көбік түзушіні құйып алу;

3) көбік түзушінің жеке сақталуы кезінде автоматты мөлшерлеу;

4) ең жоғарғы есептік шығын мен есептік бөліктегі арынды қамтамасыз ететін жылжымалы өрт техникасынан көбік түзушінің ерітіндісін беру;

5) көбік түзушіні сақтау ыдысынан немесе оның ерітіндісін құбыр жолдардан құйып алу;

6) су, көбік түзуші және оның ерітіндісіне арналған ыдыстардағы деңгейді бақылау құрылғыларымен қамтамсыз етіледі.

Көбік түзушінің ерітіндісін пайдаланған кезде оны араластыруға арналған құрылғылар қарастырылуы қажет.

129. Қондырғылар белгіленген тәртіпте бекітілген су қоректендіргішке арналған нормативтік құжаттамаға сәйкес есептік шығын мен арынды қамтамасыз ететін автоматты суқоректендіргішпен немесе қондырғыны негізгі суқоректендіргішті қосқанға дейін қысым астында күту (бақылау) режимінде ұстап тұратын импульсты құрылғымен жабдықталады.

130. Қондырғыларда автоматты су қоректендіргіш немесе импульсты құрылғы ретінде қолданылатын ыдыстар белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі керек.

131. Қондырғыларды электрмен басқару:



1) жұмыс сорғысын автоматты іске қосуды;

2) жұмыс сорғысы жұмыс істеудің белгіленген уақыты ішінде өрт сөндіру режиміне іске қосылудан немесе шығуынан бас тартқан жағдайда резервтік сорғының автоматты іске қосылуын;

3) ілмекті арқаулардың электр жетектерін автоматты басқаруды;

4) басқару шынжырларының жұмысшыдан электр энергиясымен қоректенудің резервтік көзіне автоматты ауыстырып-қосуын қамтамасыз ету қажет;

5) сорғы-мөлшерлегішті автоматты іске қосуды;

6) жұмыс сорғы мөлшерлегіші жұмыс істеудің белгіленген уақыты ішінде жұмыс режиміне шығуынан бас тартқан жағдайда резервтік сорғы-мөлшерлегіштің автоматты іске қосылуын;

7) сорғы, сорғы-мөлшерлегіш және ілмекті арқаулардың электр жетектерінің сорғы станциясы үй-жайынан қолмен іске қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

132. Қондырғының сорғы станциясы үй-жайында:



1) электрмен жабдықтаудың негізгі және резервтік енгізуінде кернеудің және фазалардың жерге тұйықталуының (шақыру бойынша) болуы туралы;

2) сорғыларды автоматты іске қосу мен сорғы-мөлшерлегішті бұғаттау туралы;

3) сұйық қоймадағы апатты деңгей туралы;

4) дренажды шұңқыршадағы апатты деңгей туралы;

5) дренчерлік қондырғыларды басқару түйіндерінің боятқыш құбыр жолдары мен сорғы-мөлшерлегіштердің арынды құбыр жолдарында орнатылған электр жетегі бар арынды құрылғылармен электр басқару желілерінің бүлінгені туралы (бағыты бойынша шарт белгіні ашумен) жарық сигнал беру жабдығын қарастырады.

133. Қондырғының атқарымдығын тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын мамандары бар үй-жайда:



1) қондырғының іске қосылуы туралы (бағыты бойынша шарт белгіні ашумен);

2) сорғылардың автоматты іске қосылуын бұғаттау туралы;

3) қондырғының ақаулы екені туралы (автоматты суқоректендіргіште немесе импульсты құрылғыда қысымның түсуі, сұйық қоймадағы немесе дренаждық шұңқыршадағы судың апатты деңгейі, электр басқару желілерінің арынды құрылғылармен бұзылуы, электрмен жабдықтаудың негізгі енгізуіндегі кернеудің жоғалып кетуі туралы жалпы сигнал);

4) электр жетегі бар ысырмалардың ақаулығы туралы жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығын қарастырады.

134. Өрт сөндіру қондырғыларын басқару түйіндері:



1) қондырғының жай-күйін бақылау мүмкіндігін;

2) сорғыларды қосуға, технологиялық және электртехникалық жабдықтарды ажыратуға арналған өрт туралы командалық импульсты қалыптастыру үшін сигнал беруді;

3) от сөндіру заттарын қоректену және үлестіру құбыр жолдарына өткізуді қамтамасыз етуі қажет.

135. Басқару түйіндерін орналастыру, құбыр жолдарды жинақтау ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

136. Жинақтау аяқталғаннан кейін басқару түйіндерінің:

1) түйін мен оның нөмірінің атауы;

2) бағытының нөмірін;

3) қорғалатын үй-жайдың атауы;

4) суландырғыштың типі мен саны;

5) таңғыштың функционалды сұлбасы мен от сөндіру қондырғысының негізді сұлбасы;

6) от сөндіру затының берілу бағыты;

7) қондырғыны жұмысқа қосу тәсілі көрсетілген табличкамен жабдықталады.

137. Қондырғылардың басқару түйіндері мен құбыр жолдарын жарамсыз учаскелерін алмастырып, бес жылда кемінде бір рет кір мен тоттанудан шайылады және тазартылады.

138. Қондырғылардың құбыр жолдары «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес бояйды.

Қондырғылардың басқару түйіндері «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қызыл түске бояйды.

Жабынның класы Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, алайда VI төмен емес.

139. Көбік суландырғыштарын, хабарландырушыларды, жылу құлыптарын бояуға жол берілмейді.

140. Қондырғылардың күрделі жөндеуге дейінгі орташа қызмет мерзімі 10 жылдан кем болмауы керек.

141. Қондырғының қалтқысыз жұмыс істеу ықтималдығы 0,924 кем болмауы қажет.

142. Қондырғылар объектіде үлестіру құбыр жолдарында жинақталған қондырғылар санының 10 % кем болмайтын және сынақтар жүргізу үшін 2 % кем болмайтын суландырғыш запасымен қамтылады. Ашылған және ақаулы суландырғыштардың орнына тығындар мен бұқтырмаларды, сондай-ақ диаметрі қондырғының жобасына сай келмейтін суландырғыштарды орнатуға тыйым салынады.

143. Қорғалатын бір үй-жайдың шегінде бір диаметр шығу тесігі бар көбік суландырғыштар орнатылады.



 

4.5. Газды өрт сөндіру автоматты қондырғыларға қойылатын талаптар



 

144. Жабдықтар, бұйымдар, материалдар, газды өрт сөндіру құрамдары мен қондырғыда қолданылатын оларды ығыстырып шығаруға арналған газдардың сапасын, сақталу мерзімін куәландыратын паспорты, құжаттары болуға және қолдану талаптары мен қондырғыға арналған жобаның спецификациясына сәйкес келуі қажет.

145. Қондырғыларда тек белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген газды от сөндіру құрамдары пайдаланылады.

146. Газды от сөндіру құрамдарын ығыстырып шығаратын газ ретінде ауа, азот, инертті газ бен олардың қоспаларын пайдаланады. Ауаға арналған шық нүктесі минус 40оС аспауы қажет.

147. Өрт сөндіру қондырғыларында пайдаланылатын ыдыстар (түрлі құрылмалық орындаудағы ыдыстар, жеке немесе батареяларда орнатылған баллондар және т.с.с.) "Қысым асты жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және пайдалану ережелерінің" талаптарына сәйкес келуі қажет.

148. Қондырғылар газды өрт сөндіру құрамы мен ығыстырушы-газ қысымының мөлшерін бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етеді.

Пайдалану жағдайларында газды өрт сөндіру құрамы ығысқан газ болып табылатын қондырғыларды тек қана қысымды бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етуге жол беріледі.

149. Қондырғылар 15 с. аспайтын іске қосылу уақытын (адамдарды эвакуациялауға қажетті газды от сөндіру құрамын шығарудың кідіру, технологиялық жабдықтың тоқтау уақытын есепке алмай) қамтамасыз етуі қажет.

150. Қондырғылар қорғалатын үй-жайдың көлемінде нормативтіктен төмен болмайтын газды от сөндіру құрамының шоғырлануын қамтамасыз ету қажет.

151. Ыдыстарды газды от сөндіру құрамы мен салмағы (қысымы) бойынша ығыстырғыш-газбен толтыру қондырғыға арналған жобаның және ыдыстарға, газды от сөндіру құрамына, сондай-ақ оларды пайдалану жағдайларына арналған техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі керек. Бір типті өлшемді баллондар үшін қондырғыда газды от сөндіру құрамы мен ығыстырушы-газбен толтыру бойынша есептік мәндер бірдей болуы қажет.

152. Газды от сөндіру құрамының есептік мөлшерінен басқа, орталықтандырылған қондырғылардың 100 %-тік резерві болуы қажет. Орталықтандырылған қондырғыларда газды от сөндіру құрамының запасы міндетті болып табылмайды.

153. Газды от сөндіру құрамының есептік мөлшерінен басқа, модульді қондырғылардың 100 %-тік запасы болуы керек. Модульді қондырғыларда газды от сөндіру құрамының запасы міндетті болып табылмайды.



Газды от сөндіру құрамының запасын қондырғының баллондарына ұқсас баллондарда объектіде сақтаған жөн. Газды от сөндіру құрамының запасы қондырғыға жинақтауға дайындалуы керек.

Объектіде бірнеше модульді қондырғы болған жағдайда объектіде қолданылатын кез келген қондырғының әрбір типі өлшемінің баллонын толық ауыстыруға жеткілікті көлемде газды от сөндіру құрамының жалпы запасының болуына рұқсат етіледі.

Модульді қондырғыда газды от сөндіру құрамының резерві болған кезде осы қондырғы үшін газды от сөндіру құрамының запасының міндетті болып табылмайды.

Қорғалатын объектіде газды от сөндіру құрамының резервін (запасын) орналастыру ұсынылмайды.

154. Орталықтандырылған қондырғылардағы газды от сөндіру құрамының резерві бар ыдыстар мен модульді қондырғылардағы газды от сөндіру құрамының запасы немесе резерві бар баллондарды қоса алғанда қондырғының әр ыдысындағы газды от сөндіру құрамы мен ығыстырушы-газдың қысымының салмағы олардың есептік мәндерінен 95 %-тен кем болмауы қажет.



Қондырғыларды пайдалану жағдайында ығысқан газ болып табылатын газды от сөндіру құрамының қысымын ғана бақылауға рұқсат етіледі.

155. Газды от сөндіру құрамын беру құбыр жолдары мен қондырғылардағы олардың қосылыстары пайдалану жағдайында ыдыста газды от сөндіру құрамының ең жоғарғы қысымынан 1,25 кем болмайтын, ал боятқыш құбыр жолдар мен олардың қосылыстары үшін оятқыш жүйедегі газдың (ауаның) ең жоғарғы қысымынан 1,25 кем болмайтын қысым кезінде беріктікті қамтамасыз ету қажет.

156. Қондырғылардағы оятқыш құбыр жолдар мен олардың қосылыстары оятқыш жүйедегі газдың (ауаның) ең жоғарғы қысымынан 1,25 кем болмайтын қысым кезінде қымтақтықты қамтамасыз етуі қажет.

157. Қондырғыларды электрмен жабдықтау құралдары:



1) автоматты және қолмен арақашықтық іске қосуды;

2) автоматты іске қосуды ажырату және қалпына келтіру;

3) кернеуді негізгі кезден ажыратқан кезде электр қоректенуді негізгі кезден резервке автоматты ауыстырып-қосуды;

4) өрт сигнал беру шлейфтері мен қосу желілерінің ақаусыздығын (үзілуін, қысқа тұйықталуын) бақылау;

5) іске қосу элементтерін басқарудың электр шынжырларының ақаусыздығын (үзілуін) бақылау;

6) жүргізудегі, баллондар мен оятқыш құбыр жолдардағы қысымды бақылауды;

7) дыбыстық және жарық сигнал беру жабдығының ақаусыздығын бақылауды (шақыру бойынша);

8) дыбыстық сигнал беру жабдығын ажыратуды;

9) көлемнің технологиялық және электртехникалық жабдықтарын, желдетуді, ауа баптауды, сондай-ақ өрт туралы хабарлау құрылғыларын басқаруға арналған командалық импульсты қалыптастыру және беруді қамтамасыз етуі қажет.

158. Қондырғылар газды от сөндіру құрамын адамдарды үй-жайдан эвакуациялауға қажетті, алайда адамдарды эвакуациялау туралы хабарландыру құрылғысын үй-жайға қосқан сәттен бастап 10 с. кем болмайтын уақытқа автоматты және қолмен арақашықтық іске қосу кезінде қорғалатын үй-жайға шығаруды кідіртуді қамтамасыз етуі қажет.



Қорғалатын үй-жайдағы желдету жүйесінің ауа арнасындағы жапқыштардың (қақпақтардың) толық жабылу уақыты газды от сөндіру құрамын осы үй-жайға шығаруды кідірту уақытынан аспауы қажет.

159. Өрт орнының үй-жайында немесе тәулік бойы кезекшілік жүргізетін мамандары бар басқа үй-жайда ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығы қарастырылады.

160. Қондырғылар жергілікті іске қосу құрылғыларымен жабдықталады. Қондырғыларды жергілікті іске қосу құрылғыларының, оның ішінде үлестіру құрылғыларын іске қосу элементтерінің қорғалатын үй-жайдың атауы көрсетілген табличкалармен жабдықталады.

161. Арақашықтық іске қосу құрылғыларын орнату, есіктерді ашқан кезде қондырғыларды автоматты іске қосуды ажырату, сондай-ақ қондырғыларды автоматты іске қосу режимін қалпына келтіру ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес анықталады.



Қондырғыларды автоматты іске қосу режимін қалыпқа келтіру құрылғысын бөтен адамдардың келуін болдырмау үшін қоршаулар болған кезде қорғалатын үй-жайдың кіруіне орналастыруға рұқсат етіледі.

162. Қондырғылардың саптамалары қондырғыға арналған жобаға және саптамаға арналған техникалық құжаттамаға сәйкес кеңістікте орналастырады және бағдарлайды.



Саптамалардың бүлінуі ықтимал орындарда олардың қорғалуы қамтамасыз етеді.

163. Қондырғыларда жарықтар, жаншықтар мен оның жұмыс қабілеттілігіне ықпал ететін басқа да ақаулары бар саптамаларды қолдануға рұқсат етілмейді.

164. Қондырғылар оятқыш жүйелерге арналған жинақталған саннан 10 %-тен кем болмайтын өрт хабарландырушылары мен спринклерлік суландырғыштардың запасымен қамтамасыз етеді.

Ашылған спринклерлік суландырғыштар мен ақауы бар саптамалардың орнына тығындар мен бұқтырмаларды, сондай-ақ қондырғыға арналған жобаға сәйкес келмейтін саптамаларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

165. Оймалар мен нығыздағыш беттерден басқа құбыр жолдардың сыртқы беттеріне қорғаныш бояу жағады.

166. Құбыр жолдарды қоса алғанда қондырғылардың құрама бөліктерін бояу «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Саптамаларды, өрт хабарландырушылары мен оятқыш жүйелердегі термосезгіш элементтерді бояуға рұқсат етілмейді.

167. Күрделі жөндеуге дейін қондырғыларды пайдалану мерзімі 10 жылдан кем болмауы қажет.



 

4.6. Ұнтақты өрт сөндіру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар



 

168. Ығысқан газды тұрқыда сақтау тәсілі бойынша қондырғылардың модульдері (ыдыстар):

1) енгізілген;

2) газ генерациялау (пиротехникалық) элементтері бар;

3) ығысқан немесе сұйылтылған газы бар болып бөлінеді.

169. Инерциялылығы бойынша қондырғылар:



1) аз инерциялы, 3 с. аспайтын

2) орташа инерциялы, 3 с. бастап 180 с. дейін;

3) жоғары инерциялы, 180 с. аспайтын болып бөлінеді.

170. Тезәрекеттілігі (бұдан әрі Б) бойынша қондырғылар:



1) Б-1, 1 с. дейін тезәркеттілігі бар;

2) Б-2, 1 бастап 10 с. дейін тезәркеттілігі бар;

3) Б-3, 10 с. бастап 30 с. дейін тезәркеттілігі бар;

4) Б-4, 30 с. астам тезәркеттілігі бар топтарға бөлінеді.

171. Әрекет ету уақыты (от сөндіру ұнтағының берілуінің ұзақтығы) бойынша қондырғылар:



1) 1 с. кем әрекет ету уақыты бар, тез әрекетті, импульсты (бұдан әрі И);

2) 1 с. бастап 15 с. дейін шамасында әрекет ету уақыты бар қысқа уақытты әрекет(бұдан әрі ҚӘ-1);

3) 15 с. астам әрекет ету уақыты бар қысқа мерзімді әрекеті бар (бұдан әрі ҚМ-2) болып бөлінеді.

172. Өртті сөндіру тәсілі бойынша қондырғылар:



1) көлемді сөндіру қондырғылары;

2) беттік сөндіру;

3) көлемі бойынша жергілікті сөндіру болып бөлінеді.

173. Модульдің (ыдыстың) бірліктік тұрқының сыйымдылығы бойынша қондырғылар:



1) модульді қондырғылар;

2) 0,2 л. бастап 50 л. дейінгі көлемі бар, импульсты, тез әрекет ету қондырғылары;

3) 2 л. бастап 250 л. дейінгі көлемі бар қысқа мерзімді әрекеті бар қондырғылар;

4) 250 л. бастап 5000 л. дейінгі көлемі бар агрегатты қондырғылар болып бөлінеді.

174. Қондырғылар:



1) өздігінен жануға және заттың ішкі көлемінде шіруге бейім жанғыш материалдардың (сүрек үгінділерінің, мақта және шөп ұнының);

2) ауаның араласуынсыз шіру мен жануға бейім химиялық заттар мен олардың қоспаларының, өзтұтанғыш және полимер материалдардың өртенуін сөндіру үшін қолданылмайды.

175. Құрылмаға, сенімділігіне, сыртқы әсерлерге төзімділігіне, жинақтылығына, орауы мен таңбалауына қойылатын талаптар, сондай-ақ қондырғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптары мен оларды сынау әдістері Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.

176. Қорғалатын барлық көлемді сөндіру көзделген үй-жайларда есіктердің өздігінен ашылуына қарсы ойықтарды нығыздау (герметизациялау) бойынша шаралар қабылдайды.

177. Қорғалатын үй-жайдың жалпы алмастыру желдеткіштерінің ауа арна, ауа жылыту және ауаны баптау жүйелерінде ауа бұқтырмаларын немесе өртке қарсы қақпақтарды қарастырады.

178. Ауада қалқып жүрген жану өнімдері мен ұнтақтарды жою үшін қондырғылардың жұмысы аяқталғаннан кейін жалпы алмастыру желдеткішін пайдалану қажет.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет