Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы



бет4/5
Дата01.07.2016
өлшемі388 Kb.
#170614
1   2   3   4   5

Өтінім
      Қазақстан Республикасынан мынадай карантинге жатқызылған өнімді
әкетуге фитосанитариялық сертификат беруді сұраймын:
1) __________________________________________________________________
  (карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы,
_____________________________________________________________________
  орын саны және орамының сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы)
2) __________________________________________________________________
                    (өсімдіктің ботаникалық атауы)
3) __________________________________________________________________
      (жүкті алушы, карантинге жатқызылған өнімнің жүк алушысының
_____________________________________________________________________
                              мекенжайы)
4) __________________________________________________________________
           (карантинге жатқызылған өнімнің межелі пункті)
5) __________________________________________________________________
   (фитосанитариялық талаптарға сәйкес фитосанитариялық сертификаттың
_____________________________________________________________________
         қосымша декларациясында көрсетілуі қажет мәліметтер)
6) __________________________________________________________________
            (зарарсыздандыру жүргізілгені туралы мәліметтер)
7) __________________________________________________________________
    (фитосанитариялық талаптарда не шартта (келісімшартта) көзделген
_____________________________________________________________________
         карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру тәсілі)
8) __________________________________________________________________
   (карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыруды (фумигациялауды)
_____________________________________________________________________
           жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің атауы)
9) __________________________________________________________________
    (карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыруды (фумигациялау)
_____________________________________________________________________
                  жүргізу кезіндегі тұрақты экспозиция)
10) _________________________________________________________________
      (карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру (фумигациялау)
_____________________________________________________________________
                    қандай температурада жүргізілді)
11) _________________________________________________________________
    (карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыруды (фумигациялауды)
_____________________________________________________________________
      жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің концентрациясы)
12) _________________________________________________________________
          (карантинге жатқызылған өнім туралы қосымша ақпарат)
13) _________________________________________________________________
                        (импорттаушы елдің атауы)
14) _________________________________________________________________
            (карантинге жатқызылатын өнімнің межелі мекенжайы)
15) _________________________________________________________________
         (көлік түрі, көлік құралының нөмірі және кеменің атауы,
_____________________________________________________________________
                             тасымалдау түрі)
16) _________________________________________________________________
              (карантинге жатқызылған өнімнің сапар бағдары)
17) _________________________________________________________________
                  (тиеп-жөнелту күні, тиеп-жөнелту орны)
18) _________________________________________________________________
       (сол арқылы карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын
               импорттаушы елдiң шекаралық пунктiнiң атауы)
19) _________________________________________________________________
               (карантинге жатқызылған өнімнің шыққан жері)
Басшы _______________       _________________________________________
          (қолы)              (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса))
Мөр орны                    20__ жылғы «___» ________________________

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 78 қаулысымен   
бекiтiлген     
«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау),
пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы
химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру сәтінен бастап:
      лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 7 (жеті) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күн;
      құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 30 (отыз) минут.
      2) порталға жүгінген сәттен бастап:
      лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 7 (жеті) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактілері анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.
      Лицензияны қағаз жеткізгіште алуға көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөр басылады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді.
      1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
      2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемесінің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі мөлшерлемесінің 100 пайызы.
      Лицензиялық алымды төлеу бюджеттік жіктеуіш коды – 105402, төлемді тағайындау коды – 911 деректемелері бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Портал арқылы лицензия алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» лицензиялық алымның төленгені туралы электрондық чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтерге төлем жасау тарихында сақталады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары бойынша құжаттарды қабылдау. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде ұсынатын қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – сәйкестендіру үшін көрсетілетін қызмет алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);
      4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі).
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензия туралы мәліметтерді порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі).
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі лицензияның мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат нысанында алады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат нысанында алады.
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызмет беруші заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
      Көрсетілетін қызметті алушыға:
      құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
      сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар беру орны;
      көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Порталда:
      1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
      көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу мерзімі көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) осы субъектiлер санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу;
      2) көрсетілетін қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда, жеке қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленбеуi;
      3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны берудің келісуші мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы;
      6) сот орындаушысы ұсынысының негiзiнде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет
көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне),
шешімдеріне шағымдану тәртібі
      11. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсетуді көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша шағым тиісті әкімінің атына:
      1) жұмыс кестесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
      2) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан әкімнің блогына жүгіну арқылы беріледі.
      Шағым онда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды адамның атына беріледі.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағым берген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш білдіру себептері және талаптары көрсетіледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне берілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талонды беру – шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндегі лауазымды адамдардан алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде оның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
      Тиісті әкімінің немесе көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануына болады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысан
арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып,
қойылатын өзге талаптар
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы ұсынылуы мүмкін.
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру    
(формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды)
өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды)     
аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына   
1-қосымша                    
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң
аты
_____________________________________________________________________
(болған кезде))
_____________________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтiнiш
_____________________________________________________________________
         (қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрi көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
_____________________________________ бойынша қызметті жүзеге асыруға
арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша беруді,
лицензияны қайта және (немесе) лицензияға қосымша ресімдеуді,
лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді
сұраймын (қажетінің астын сызу керек)
      Мекенжайы _____________________________________________________
                 (индексi, қала, аудан, облыс, телефон, факс, е-mail)
_____________________________________________________________________
      Банк шоты _____________________________________________________
                   (шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi,
                                телефон, факс, е-mail)
      Филиалдары (өкiлдiктерi, объектiлерi, пункттерi, учаскелерi)
_____________________________________________________________________
                  (орналасқан жерi және деректемелерi)
      Қоса берiлетін құжаттар: ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы __________   __________________________________________________
        (қолы)                           (Т.А.Ә.)
Мөр орны 20__ жылғы _____________________________________
Өтiнiш   20__ жылғы __________________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
                  (жауапты адамның қолы, Т.А.Ә.)
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру    
(формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды)
өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды)     
аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына   
2-қосымша                    
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау)
жөніндегі қызметтіжүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына сәйкестігі туралы
мәліметтер нысаны
      Меншiк құқығындағы өндiрiстiк үй-жайлар және пестицидтердi (улы
химикаттарды) сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы туралы
мәліметтер:



Р/с


Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі
(құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

1

2

3

4

5

      Жалға берілетін қойма үй-жайларының (жалға беру кезінде) болуы


туралы мәліметтер:



Р/с


Жалға беру шартының №

Жалға беру шартының күні

Жалға алынатын объектінің мекенжайы

Жалға беруші/орындаушы туралы мәліметтер

атауы

БСН

ЖСН

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) үшін


жабдықтар туралы мәліметтер:



Р/с


Жабдықтың атауы

Жабдыққа арналған паспорттың нөмірі

Әзірлеуші зауыттың атауы

Әзірлеуші зауыттың мекенжайы

1

2

3

4

5

      Өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтердің (улы


химикаттардың) сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен
нормативтерге сәйкестігіне бақылауды жүргізу үшін аккредиттелген
зертхана туралы мәліметтер немесе аккредиттелген зертханамен шарттар:
      Аккредиттеу аттестатының нөмірі _______________________________
      Аккредиттеу әрекетінің басталу күні ___________________________
      Аккредиттеу әрекетінің аяқталу күні ___________________________
      Аккредиттеу субъектісінің атауы _______________________________
      Нормативтік талаптарға сәйкестігі (нормативтік құжаттың атауы)
_____________________________________________________________________
      Бағалау объектілері ___________________________________________
      Зертхананың қызметтерді көрсетуге арналған шарты туралы
мәліметтер:
      Шарт нөмірі ___________________________________________________
      Жасалған күні _________________________________________________
      Зертхананың толық атауы _______________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      ЖСН ___________________________________________________________
      Мекенжайы _____________________________________________________
      Көлік қызметтерін көрсетуге арналған шарт туралы мәліметтер:
      Шарт нөмірі ___________________________________________________
      Жасалған күні _________________________________________________
      Тасымалдаушы (заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты) __________________________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      ЖСН ___________________________________________________________
      Мекенжайы _____________________________________________________
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауіпті жүкті
тасымалдауға арналған арнайы рұқсат туралы мәліметтер:
      Рұқсат нөмірі _________________________________________________
      Берілген күні _________________________________________________
      Кім берді _____________________________________________________
      Берілген орны _________________________________________________
      Техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес өтініш берушi бекiткен әр пестицидтi (улы
химикатты) өндiруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының
болуы туралы мәліметтер:
      Ұйым стандартының түпнұсқасын ұстаушы _________________________
      Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді жіктеу _____________
      Стандарттардың мемлекетаралық жіктегіші _______________________
      Стандартты өзгерту нөмірі _____________________________________
      Стандарттың белгіленуі ________________________________________
      Стандарттың атауы _____________________________________________
      Аккредиттеу әрекетінің басталу күні ___________________________
      Аккредиттеу әрекетінің аяқталу күні ___________________________
      Қала __________________________________________________________
      Ұйым стандартына сәйкес өтініш берушi бекiткен пестицидтердi
(улы химикаттарды) өндiруге (формуляциялауға) арналған технологиялық
(өнеркәсiптiк) регламенттің болуы туралы мәліметтер:
      Құжаттың толық атауы (технологиялық регламенттің) _____________
      Құжатты бекіткен адамның (Т.А.Ә.) _____________________________
      Құжаттың бекітілген күні ______________________________________
      Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы
мәліметтер:



Р/с


Т.А.Ә.

Білімі бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет