Физика • КҮштер • ньютон заңдары 1 1-бөлім: Ньютонның бірінші заңы



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата24.11.2022
өлшемі0.78 Mb.
#465685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kktwig-nyuton-zadary

• Ұсынылатын фильм
- Сызықтық жылдамдық,
векторлық жылдамдық, үдеу
Жоғарғы крикет қақпақшсымен
лақтырылған доп жылдамдығын
сағатына75 пен 90 мильге дейін
жеткізе алады


ФИЗИКА • КҮШТЕР • НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ
4
Ағаштан құлап бара жатқан алма
Ньютонға ауырлық күші теориясын
дәлелдеуге шабыт берді 
Қосымша сұрақ
С4. Дүмпу деген не?
Әдетте үдеу бірқалыпты, бірақ егер денеге әсер ететін күш өзгеретін болса, үдеу де өзгереді. Кейде үдеудің 
өзгеру шапшандығы “дүмпу” немесе “соққы” деп аталады және қатты әсерлесу кезінде денелер соқтығысқан 
кезде қолданылады. Көлік құралдарын немесе “америкалық сырғанақтарды” жобалау кезінде жолаушыларға 
жайлылықты жақсарту мақсатында және оқыс жарақаттарды болдырмау үшін дүмпу азайтылады. Дүмпу метр 
секунд кубпен өлшенеді. 
Дүмпу уақыт өтісімен де өзгере алады. Дүмпудің өзгеру шапшаңдығы кейде “сілкініс” ретінде белгілі, бірақ бұл 
көп кездеспейді.
2-бөлім: Ньютонның екінші заңы
• Ньютонның үшінші заңы қандай?
Ньютонның үшінші заңының кең таралған тұжырымдамасы: “кез-келген 
әрекет етуші күшке әрқашан тең және қарсы әрекет етуші күш бар”. Егер 
бірінші дене екінші денеге күш түсірсе, онда екінші дене де біріншісіне 
сондай күш түсіреді деген сөз. 
Мысалы, егер алма еркін құлап бара жатса, алма Жерге жақындаған 
сайын алмаға үлкен үдеумен ауырлық күшін түсіреді, ал осы уақытта алма 
Жерді өзіне қарай тартып, теңдей күш түсіреді. Дегенмен Жердің массасы 
алмамен салыстырғанда аса көп, сондықтан алма оны едәуір үдетпейді.
Үйкеліс болмаған кезде, “Ньютон жұптары” айтарлықтай айқын болады. 
Мысалы, конькиші басқа бір конькишімен түйісетін болса, екеуі де бірін-бірі 
кері итеріп, қарама- қарсы бағытта бірдей күшті бастан кешіреді. 
Ньютонның үшінші заңы неліктен ракеталар ғарышта қозғала алатындығын 
түсіндіреді. Ракеталар пайдаланған газдарына күш түсіретін болғандықтан, 
олар ракетаны үдетіп, оған қарама-қарсы бағытта бірдей күш түсіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет