ФИЗИКА • ТОЛҚЫНДАР • ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК СПЕКТР
2
• Микротолқындар дегеніміз не?
Егер электрондар радиотолқын түзуге қажетті жиіліктен жоғары жиілікте тербелсе,
шамамен секундына
2 миллиард рет, онда мұндай тербеліс кезінде түзілетін толқындарды микротолқындар деп атайды. Дегенмен,
электромагниттік спектрдің әр бөлігі секілді бұл екі толқын арасындағы нақты шекараны анықтау мүмкін емес.
Микротолқындардың толқын ұзындығы 30 см-ден төмен және бірнеше миллиметрден жоғары. Радиотолқындар
секілді микротолқындар да байланыста қолданылуы мүмкін. Микротолқындардың
жиілігі радиотолқындардың
жиілігіне қарағанда жоғарырақ болғандықтан, олар көп ақпарат тасымалдай алады, алайда оларды үлкен
арақашықтықта қолдану қиын.
• Ұсынылатын фильм
- Ұялы телефондар қалай
жұмыс істейді?
Қосымша сұрақтар
Байланысты санамағанда, микротолқындар асты жылытуға қолданылады. Су молекуласы полярлы болып
келеді, яғни,
молекуланың бір жағы оң заряд, ал бір жағы теріс зарядқа ие. Су молекулалары электр өрісі
бойымен бірге айналуға тырысады. Микротолқынды пештерде қолданылатын микротолқындардың жиілігі
2,45 гигагерц (яғни олар секундына 2 450 000 000 рет тербеледі), яғни су молекулалары тұрақты өзгерістегі
өріспен үйлесу үшін әрі-бері айналады. Бұл тербелістер температураның
жоғарылауына эквивалентті; олар
энергияны астағы өзге молекулаларға береді, нәтижесінде олар тербеліп, астың температурасы артады.
С2. Микротолқынды пеш қалай жұмыс істейді?
Тарегерцтік толқындарының толқын ұзындығының диапазоны 0,3-ден 1 мм аралығында, микротолқындардан
қысқа, алайда инфрақызыл сәулелерден ұзын.
Технология дамығанға дейін, қағаз немесе киім секілді
материалдар арқылы тарайтын терагерцтік толқындарды тудыру қиын болатын. Соңғы кездері дене
сканерлері көптеген әуежайларға орнатылды. Екі түрлі технология негізінде жұмыс істейтін екі түрлі сканер
бар: біреуі
рентген сәулелерін қолданады, ал екіншісінде терагерцтік толқындар пайдаланылады.
С3. Тераегерцтік толқындар дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: