Физика • толқындар • электромагниттік спектр 1 1-бөлім. Төмен инфрақызыл



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата02.12.2023
өлшемі0.84 Mb.
#485189
1   2   3   4   5   6   7   8
KKTwig Электромагниттік спектр

• Ұсынылатын фильмдер
- Электромагниттік спектр
- Электромагниттік спектр неден құралған?
- Деректер: Жануарлардың көру жүйесі
Түнгі көрініс көзілдірігі инфрақызыл 
сәулелерді көре алады


ФИЗИКА • ТОЛҚЫНДАР • ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК СПЕКТР
4
• Ультракүлгін сәулелер дегеніміз не?
Толқын ұзындығы 0,4 мкм-ден қысқа және 0,01-ден ұзын 
электромагниттік толқындар ультракүлгін деп аталады. 
Олар еркін электрондардың атомдармен бірігуі арқылы 
алынады. Толқын ұзындықтары 0,4 мкм-ден 0,01-ге 
дейінгі толқын ұзындығына байланысты УК-A, УК-B және 
УК-C деп бөлінеді және олардың үшеуі де тері зақымына 
алып келуі мүмкін.
Олардың ішіндегі УК-A-ның толқын ұзындығы ең жоғары 
және УК-B-мен салыстырғанда шыныдан өте алады. 
УК-В және УК-C УК-A-ға қарағанда өте қауіпті, олар 
ДНҚ-ны зақымдап, тері обырына алып келеді. Бұл 
сәулелерге жауап ретінде тері меланин пигментін түзеді: 
бұл пигмент терінің қараюына себепші. Ультракүлгін 
сәулелерінің шектен тыс мөлшерінің әсерінен жасушалар 
зақымдалып, тері күйеді.
УК-C ең қауіпті болғанымен, оны Жер атмосферасында 
озон қабаты толығымен оқшаулайды.
ДИАГРАММА 02:
• Ұсынылатын фильмдер
- Электромагниттік спектр
- Электромагниттік спектр неден құралған?
Қосымша сұрақтар
УК жарық адамға көрінбегенімен ол жарықтандыруда 
қолданылуы мүмкін. Люминесцентті шамдарда электр 
тогы газдарды қоздыру үшін қолданылады. Атомдардағы 
электрондардың энергетикалық деңгейі төмендегенде УК 
жарық шығарылады. Шамның сырқы беті УК сәулелерді 
жұтып оның орнына көрінетін жарық шығаратын 
материалдан жасалады. Бұл процесс электр үнемдеу 
шамдарында қолданылады, және өте тиімді болып 
табылады, және вольфрам шамдарға қарағанда жылуды аз 
шығарады. 
С7. Ультракүлгін жарықтандыруда қалай қолданылады?
С8. Вакуумдық ультракүлгін сәуле дегеніміз не?
0,1-ден 0,2 мкм толқын ұзындығы аралығында УК сәулелер ауамен және жарықпен жұтылады, сол себепті ол 
вакуумдық УК деп аталады. Бұл толқын ұзындықтарын алу үшін әрқашан вакуумды қолдану қиындық туғызар 
еді. Жұтылу оттегі молекулалары есебінен жүреді, бірақ вакуумға деген талапттан құтылуға оттегі орнына 
азотты қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Бұл фитолитография ретінде танымал процесте вакумдық 
УК-ны қолданатын жартылай өткізгіш өндірісі үшін маңызды. Жартылай өткізгіш химиялық затпен қапталған 
және оған маска арқылы өтетін УК сәулесі түсіріледі. УК сәуле химиялық затты активтендіреді, нәтижесінде 
маскада болған өрнек жартылай өткізгіште қалады. Содан кейін, оның беті нақышталып, соңында тұтас тізбек 
жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет