Бозе-Эйнштейн және Ферми-Дирак үлестірілуі.
Кванттық механикада бөлшектердің екі түрін ажыратады: спиндері бүтін санды немесе нөл (бірлік өлшемі )-бозондар, олар Паули принципіне бағынбайды және Бозе-Эйнштейн үлестірілуімен сипатталады (мысалы, кейбір ядролар, фотондар, фонондар) және спиндері жарты сан болып келетін (электрондар, протондар, нейтрондар және басқалар). Фермиондар Ферми-Дирактың кванттық статистикасымен сипатталады және Паули принципіне бағынады. Бозе-Эйнштейнің үлестірілу функциясы fБ берілген энергиясы бар күйлерде бозондардың орташа “орналасуын” немесе олардың бір күйдегі орташа санын береді:
, мұнда - энергисы мына интервалда Ei до Ei + ΔEi жатқан бөлшектер саны, осы энергия интервалындағы кванттық күйлер саны.
Бозондардың энергия бойынша үлестірілуі Гиббстің каноникалық үлестірілуінен алынады, егер жүйедегі энергия E және бөлшектер саны N сақталса:
(21.6)
мұнда k – Больцман тұрақтысы, Т – термодинамикалық температура, μ – химиялық потенциал, ол изобарлық-изотермдік шарттар орындалғанда жүйедегі бөлшектер санының бірге өсуіне кететін жұмысқа тең. μ≤0, олай болмаса берілген күйдегі бозондар саны теріс мәнді болар еді, оның ешқандай мағынасы жоқ.
Ферми-Дирактың үлестірілу функциясы сол сияқты анықталады:
(21.7)
Мұнда μ, жоғарыдағыдай емес (8.6), оң санға да ие болады.
Классикалық (Максвелл-Больцман) және кванттық статистикалардың үлестірілу функцияларының мағынасына байланысты, бір күйдегі бөлшектердің орташа санын бірдей формуламен жазуға болады:
(21.8)
М аксвелл-Больцман үлестірілуінде δ = 0 және μ = 0, Бозе-Эйнштейн үлестірілуінде δ = -1 және Ферми-Дирака үлестірілуінде δ = +1. Үлестірілудің үшеуі де 8.1 суретте көрсетілген.
Егер бөлшектер жүйесінің қасиеттері кванттық заңдылық-тармен суреттелсе, оны айныған күй деп атайды. Төменгі температурада және 21.1-сурет. үлкен тығыздықтарда бозе-
немесе ферми-газдар үшін айнудың маңызы арта береді. Мына шаманы айну параметрі дейді. A<<1 болғанда (шамалы айну), (21.8) формулада δ –ны есептемеуге болады және үлестірілудің кванттық функциялары классикалық үлестірілуге ауысады. А- параметрі бөлшектердің жалпы санының сақталу шартынан анықталады:
(21.9)
мұнда n – бөлшектер концентрациясы, m – бөлшек массасы, Т – температура,
k –Больцман тұрақтысы, h –Планк тұрақтысы.
1>
Достарыңызбен бөлісу: |