Бізді қоршаған орта- 4 сағат.
Біз- Жер бетіндеміз. Жер бетін ластаудан қорғау. Бізді қоршаған орта- жер, су, ауа. Зат. Молекулалардың әсерлесуі.
Масса және күш- 15 сағат.
Көлем. Көлем бірліктері. Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың
көлемдерін өлшеу. Масса. Масса бірліктері. Денелердің массасын өлшеу.
Денің массасын анықтау тәсілдері. Тығыздық. Әр түрлі заттардың
тығыздықтарын салыстыру. Табиғаттағы күштер. Скаляр және векторлық
шамалар. Күш- вектор. Дененің салмағы. Адам денесінің салмағы. Тең
әрекетті күш. Аспан денелері және олардың қозғалысы. Басқа
планеталардағы ауырлық күші. Үйкеліс күші. Үйкеліс күшінің адам
өміріндегі рөлі. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру. Жануарлар
ағзаларындағы үйкеліс күші мен кедергі.
Қысым-19 сағат.
Қысым. Қысым бірліктері. Табиғаттағы және техникадағы қысым.
Судың адамдар, жануарлар және өсімдіктер өміріндегі рөлі. Судың ластануына қарсы күрес. Өзендер мен көлдерде адамға әрекет ететін Архимед күші. Кері итеруші күш. Денелердің жүзу шарттары. Ватерсызық. Су транспортының дамуы. Гидро- және аэростатиканың даму тарихы. Балықтар мен дельфиндер- күшті жүзгіштер. Атмосфераның химиялық құрамы. Атмосфераның құрылысы. Ауаның адамдар, жануарлар және өсімдіктер өміріндегі рөлі. Атмосфераның ластануына қарсы күрес. Атмосфералық қысым және ауа райы. Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. Тірі ағзалар өміріндегі атмосфералық қысымның рөлі. Газдар үшін Паскаль, Архимед заңдары. Табиғаттағы қатынас ыдыстар.
Жұмыс. Қуат. Энергия- 9 сағат.
Табиғаттағы механикалық жұмыс пен қуат. Табиғаттағы жай механизмдер. Тірі табиғаттағы кейбір заттардың қуаттары. Механикалық энергия. Бізді қоршаған энергия. Дененің механикалық энергиясының өзгерісі. Тірі табиғаттағы реактивтік қозғалыс. Механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті.
Достарыңызбен бөлісу: |