Жұмыс. Қуат. Энергия- 9 сағат.
Жұмыс пен энергияның өлшем бірліктері. Әр түрлі жағдайларда адамның
жасайтын механикалық жұмысы. Әр түрлі жағдайлардағы дененің
кинетикалық және потенциалдық энергияларын анықтау.Ауырлық күші
әрекетінен дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған
серіппенің потенциалдық энергиясы. Жай механизмдердің табиғатта
қолданылуы.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар:
Оқушылар физикалық шамалар, оларды өлшеу тәсілдерін, физик ғалымдардың еңбектерін, бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалысты, оларды сипаттайтын шамаларды, аспан денелерін, Күн жүйесінің құрылысын, молекулалар мен атомдардың құрылысын, заттардың әр түрлі күйлерін, олардың қасиеттерін және қолданылуын, қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың қысымдарын өлшеу тәсілдерін, қысымды арттыру және кеміту тәсілдерін, ауада ұшудың физикалық принципін білуі, орташа және лездік жылдамдықтарды есептей алуы, түнгі аспанда қарапайым бақылаулар жүргізе алуы, аспанда шоқжұлдыздарды және жарық жұлдыздарды таба білуі, түрлі жағдайларда дененің кинетикалық және потенциалдық энергияларын анықтай алуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер:
«Занимательная физика» Я.И. Перельман
«Беседы по физике» М.И. Блудов
«Физика для всех» Л.Д. Ландау, А.И. Китайгородский
«Биофизика на уроках физики» Ц.Б. Кац
Интернеттен материалдар.
Достарыңызбен бөлісу: |