Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар:
Оқушылар физика және астрономия пәндерінің практикалық мәнін, Жер бетінде болатын физикалық құбылыстарды; негізгі физикалық шамаларды: көлем, масса, тығыздық; табиғаттағы күштерді; қысым, қатты табиғаттағы және техникадағы қысымның берілуін; денелердің жүзу шарттарын; гидро- және аэростатиканың даму тарихын, қоршаған орта үшін атмосфералық қысымның рөлін,эколгияның негіздерін, қоршаған ортаны қорғай білу тәсәлдерін білуі, физикалық құрал- жабдықтарды пайдаланып өлшеулер жүргізуді, Паскаль, Архимед заңдарын қолдана алуы, реактивті қозғалыстың принципін түсіндіре алуы, механикалық жұмыс, қуат, энергия шамаларын табиғаттағы құбылыстар үшін қолдана алуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер:
«Занимательная физика» Я.И. Перельман
«Беседы по физике» М.И. Блудов
«Физика для всех» Л.Д. Ландау, А.И. Китайгородский
«Биофизика на уроках физики» Ц.Б. Кац
Интернеттен материалдар.
7- сыныпты тереңдетіп оқытуға арналған
«Оқулық беттерінен тыс физика» факультативтік
курсының бағдарламасы
Құрастырған: Құрманғалиева С.О.
Түсінік хат
7 сыныптың оқушыларына факультатив курс бойынша құрастырылған «Оқулық беттерінен тыс физика» бағдарламасы физиканы кеңейтіп оқуға арналған және 68 сағатқа есептелген. Ұсынылып отырған бағдарлама физикалық құбылыстар мен заңдардың табиғатта, техникада, өмірде қолданылу саласын ашуға, оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын дамытуға, оқушылардың алған білімдерін өз беттерімен қалыптастыруға арналған.
«Оқулық беттерінен тыс физика» факультативтік курсын өткізудің әдістері: әңгімелесу, физикалық көрсетілімдерді демонстрациялау, өздігінен жұмыстың түрлері, экскурсия, видеожазуларды көру. Факультативтік курсы физиканы сапалы оқытуға, алған теориялық білімдерін практикада қолдануға негізделген. Курстың мақсаты физика пәніне қызығатын оқушыларға мүмкіндік беру, физика ғылымының әр түрлі әдістерімен таныстыру, өлшеу құралдарымен және басқа да эксперимент жасау дағдыларын меңгерту, берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, техникамен және ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |