І. Физика физика тұрмыста сынып



бет1/31
Дата03.09.2022
өлшемі252.85 Kb.
#460156
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
ФАКУЛЬТАТИВ КУРС БАГДАРЛАМА


І. ФИЗИКА


ФИЗИКА ТҰРМЫСТА

  1. сынып

Акманова Қ.С., Хамитова Б.Д.


Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы.




Түсінік хат

Қазіргі таңда техниканың өрлеу кезеңінде физикадан берілетін білімнің басым бағыттарының бірі ғылыми таным әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға айрықша мән беріледі. Осы мәселенің шешімін табу мақсатында біз осы таңдау курсын ұсынып отырмыз.


«Физика тұрмыста» таңдау курсы жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 7-сыныпқа 34 сағат көлемінде апталық оқытуға жоспарланған.


Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы, ең әуелі оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне байланысты. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезден бастап білім беру ісінде жаңа ұлттық сипаттағы бағыттар пайда болып, жаңа оқулықтар шығарыла бастады.


Физика пәнін оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен білімдерін қолданып жұмыс істеуге дағдыландыру, ата-бабаларымыздың танымдық ұстанымдары терең бойлаған ұлттық салт- дәстүр, әдет-ғұрыпымызды пайдалана отырып, қосымша материал ретінде курсқа енгізу болып табылады.


Оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, өз бетімен алған білімдерін қолданып жұмыс істеуге дағдыландыру, физикалық құбылыстарды бақылау және түсіндіру арқылы оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын неғұрлым жоғары көтеру болашақ мамандығын дұрыс, саналы түрде таңдай білуге көмектеседі.




Күтілетін нәтиже:



  • Оқушылардың курс бағдарламасы бойынша алған білімдері халқымыздың тарихымен байланысқан салт–дәстүрін біле отырып, өзіндік ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін арттырады.




  • Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмегін тигізеді, оқытудың манызын арттыруға қол жеткізеді.




  • Табиғат пен техника арасындағы байланысты нақтылай түседі, айналадағы құбылыстарды ғылыми тұрғыдан тани білуге және өз пікірін айтуға үйретеді.




  • Мамандық таңдауға мүмкіндігін арттырады.

Оқушылар білуі керек:



  • физикалық теориялардың негізін;







  • физикалық құбылыстарды ата-бабамыздың салт–дәстүрімен байланыстыруды;

3




  • физика мен астрономияның байланысын.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет