Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет56/79
Дата14.10.2022
өлшемі1.39 Mb.
#462715
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79
Ôèçèêà æ íå àñòðîíîìèÿ ï í³íå àðíàë àí Á³ë³ì áåðó êîäû æ íå áåé³

А.С.Поповтың радионы ойлап табуы


Электромагниттiк толқындардың көмегiмен алысқа сымсыз хабар жеткiзудiң мүмкiндiгiн алғаш рет 1895 жылы 7 мамырда орыс инженерi А.С.Попов дәлелдеп көрсеттi. Бұл күн бүгiнде радионың туған күнi атап өтіледі. А.С.Попов алғашқыда өзiнiң ойлап тапқан радиоқабылдағышын найзағай ойнаған кезде туындылайтын электромагниттiк толқындарды тiркеу үшiн қолданған.



3.3 – сурет
Радиоқабылдағышты ойлап табумен қатар, 1896 жылы А.С.Попов электромагниттiк толқындарды таратқыш қондырғыны да құрастырды. Бұл радиотаратқыштың негiзгi тетiгi электромагниттiк толқындардың көзi болып табылатын ұшқын разрядтарымен жалғанған антенна болатын. Осындай радиотаратқыштан 250 м қашықтықта орналасқан радиоқабылдағышқа тұңғыш рет «Генрих Герц» деген екi сөзден тұратын радиограмма берiлдi.
Радиотехниканың дамуына сонымен қатар 



3.4 – сурет
Поповтан бөлек жұмыс iстеген итальян инженерi Г.Маркони да елеулi үлес қосты. Ол 1901 жылы алғаш рет Атлант мұхиты арқылы радиобайланыс орнатты.
Радионы ойлап табу техниканың дамуындағы үлкен жетiстiк едi. Бұл жетiстiк адамдардың өмiрiне елеулi өзгешелiктер алып келдi. Бүгiнгi күндi радиобайланыссыз көзге елестету мүмкiн емес екендігі бәрімізге белгілі.

Радиобайланыс принципi. Амплитудалық модуляция және демодуляция. Детекторлы қабылдағыш


Радиобайланыс жүйесi мына принципке негiзделген: радиотаратқыштағы жасақталған жоғарғы жиiлiктегi электр тербелiсi антенна арқылы өзiн қоршаған кеңiстiкке электромагниттiк толқындар түрiнде тарайды. Одан әрi бұл толқын радиоқабылдағыш антеннасына жетiп, қабылданып, онда керiсiнше сол жиiлiктегi электр тербелiсiне айналдырылады.
Осы тұрғыдан қарағанда радиобайланыс орнату аса күрделi мәселе емес тәрiздi көрiнуi мүмкiн. Ол үшiн бар болғаны микрофондағы дыбыс толқындарын, сәйкес жиiлiктегi электромагниттiк толқындарға айналдырып таратып, қабылдағышта қайтадан дыбыс толқындарына айналдыру жеткiлiктi сияқты.
Бiр қарағанда осылай оңай тәрiздi көрiнген бұл мәселе шындығында бiз ойлағаннан әлде қайда күрделi. Себебi электромагниттiк толқын шығарудың қуаты жиiлiктiң төртiншi дәрежесiне пропорционал. Осының салдарынан дыбыс жиiлiгiндей төменгi жиiлiктегi электромагниттiк толқындар мүлдем шығып тарамайды десе де болады.
Сондықтан, жиiлiгi төмен толқындарды таратудың бiрден-бiр жолы оны тарату үшiн жиiлiгi жоғары толқындарды пайдалану. Мұндай мүмкiндiк шындығында бар. Ол үшiн жоғарғы жиiлiктегi тербелiстердiң қандай да бiр параметрлерiн төменгi дыбыс жиiлiгiне сәйкес өзгерте отырып электромагниттiк толқындар тарату қажет. Жоғарғы жиiлiктегi толқындардың көмегiмен осылай төменгi жиiлiктегi мағұлматтарды тарату әдiсiн модуляциялау деп атайды. Модуляциялау кезiнде жоғарғы жиiлiктегi толқындардың қандай параметрiнiң өзгергенiне байланысты амплитудалық модуляция, жиiлiк және фазалық модуляциялары болуы мүмкiн. Амплитудалық модуляцияның ерекшелiктерiмен мына жерден танысуға болады.
Ал осылай модуляцияланған толқындар радиоқабылдағыштарға жетiп қабылданған соң, керiсiнше, жоғарғы жиiлiктегi электромагниттiк толқындардан дыбыс жиiлiгiндегi сигналдарды ажыратып алу қажет. Бұл процесстi демодуляциялау немесе детекторлау деп атайды. Детектор ретiнде жоғарғы жиiлiктегi токты тек бiр бағытта ғана өткiзетiн жартылый өткiзгiштi диодтар қолданылады. Осындай қарапайым детекторлы радиоқабылдағышта демодуляциялау процессiнiң қалай жүзеге асатыны жөнiнде мына жерден қарап көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет