1 реттік фазалық ауысу:
2 реттік фазалық ауысу:
- ферромагнетиктің парамагнетикке ауысуы және керісінше.
- Металдың жоғары өтімді күйге ауысуы
- Сұйық гелийдің аққыштығы жоғары күйге айналуы
Фазалық ауысулар
Ерітінді немесе балқыма компоненттерінің арасындағы әрекеттесулер немесе әрекеттеспеулер «құрам-қасиет» диаграммасынан көрінеді.
Мақсат: «құрам-қасиет» диаграммасының геометриялық пішіні, фазалардың саны мен химиялық табиғаты және фазалардың «өмір сүру» шекарасы, т.б. параметрлері арасындағы байланысты анықтау.
Күй диаграммасын алуға қолданылатын әдістер: ерігіштік әдісі, термиялық анализ, микроқұрылымды анықтау т.б.
Термиялық анализ – сұйық және қатты денелер арасындағы тепе-теңдік температурасын анықтауға негізделген.
Негізгі әдістері:
1) визуалдық әдісте мөлдір ерітінді де кристалдардың пайда болу (немесе жойылу) температурасы анықталады.
2) суыту немесе қыздыру қисықтарын тұрғызу.
Әдісте термометр немесе термопараның көмегімен аз уақыт аралығында үздіксіз суытып (қыздырып) отырған жүйенің (мысалы, мыс кесегі) температурасын өлшеп отырады. Алынған мәліметтерді температура–уақыт диаграммасына салу арқылы суыту қисығы алынады.
Суытқанда фазалық өзгеріс болмаған жағдайда үздіксіз біркелкі қисық алынады.
Фазалық диаграмма (ФД) - материалдың қысымы мен температурасының графикалық бейнесі.
Фазалық диаграммалар берілген қысым мен температурада заттардың күйін көрсетеді.
ФД фазалар, қысым мен/немесе температура осы шекаралардан өту үшін өзгерген кезде пайда болатын процестер арасындағы шекараларды көрсетеді.
Қысқаша: қатты → сұйықтық: балқу сұйық → қатты: мұздату қатты → газ: сублимация газ → қатты: тұндыру сұйықтық → газ: булау газ → сұйықтық: конденсация
Достарыңызбен бөлісу: |